Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»



бет8/168
Дата25.11.2023
өлшемі1,83 Mb.
#127012
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   168
Байланысты:
ШЫҢ. ӘДЕБИЕТ.

«Ер Тарғын» жыры
Шығу тарихы: «Ер Тарғын» жырын алғаш Марабай ақыннан жазып алып бастырған – Н.Ильминский. 1962 ж. Қазанда басылып шыққан. Одан кейін бұл жырды В.Радлов (1970), О.Сарин (1904), Ә.Диваев (1922) жинақтарында жарияланған. Орталық ғылыми кітапхана мен Әдебиет және өнер институтының қолжазба бөлімінде 8 нұсқасы сақтаулы.
Кейіпкерлер:
Ер Тарғын – негізгі кейіпкер.
Ақжүніс – Ер Тарғынның жары.
Ер Тарғынның тұлпары – Тарлан.
Ақшахан – Қырық ханның үлкені. Ақжүністің әкесі.
Жаланбет – Қырымның мырзасы.
Ақшаханның жорғасы – Қанатты қараша.
Еркөлік– Қартқожақтың атасы.
Ханзада хан – Ноғайдың ханы. Ханзада ханның елі Бұлғыр тауын мекендеген.
Қарасай ұлы Көбек, Алшағыр ұлы Төген, Өмір ұлы Себен – Ер Тарғынның үш жолдасы.
Сыпыра жырау – жүзден асып жатқан шал. («Аруақты туған ер болсаң, не қыласың бір қызды» деп, Ер Тарғынға тоқтау айтады».)
Ардаби – Ақжүністен туған ұл.
Ардабидің екі баласы – үлкені Әжірегей, жеті жасар Айғожа.


Қобыланды батыр
«Қобыланды батыр» жырын жинау, хатқа түсіру жайы XIX ғасырда ғана қолға алынды. Жырдың бізге жеткен 29 нұсқасы бар. Оның 26 нұсқасы батырдың ерлігі жайындаб ал 3 нұсқасы – балалары Бөгенбай мен Киікбай батырларға арналған. 1860 ж. Ы.Алтынсарин Марабай жыраудан «Қобыланды батыр» жырын жазып алған. Жырдың Марабай нұсқасын 1922 жылы Ә.Диваев Ташкентте жеке кітапша ретінде басып шығарды.
Кейіпкерлер:
Қобыланды – негізгі кейіпкер.
Тоқтарбай – Қобыландының атасы.
Аналық – Қобыландының анасы.
Қарлығаш – Қобыландының қарындасы.
Қарлыға – Қобыланды батырға ғашық болған қыз.
Алшағыр хан – Қалмақтың ханы.
Естеміс – Тоқтарбайдың тоқсан құлының бастығы.
Көктім Аймақ хан – Қызылбасты елінің ханы.
Құртқа – Көктім Аймақ ханның қызы.
Қазан – Қызылбасты елінен шыққан ер.
Сейілдің ұлы Қараман – Қазанға қарсы күрес ашатын батыр.
Қазан деген ердің тартып алған қалалары – Ноғайлының жері, Қырлы қала, Сырлы қала.
Қырлы қалаға – бектерін, Сырлы қалаға – жендеттерін жатқызған.
Қобыландымен күрескен, Құртқаны бағып жатқан ел – Қызыл ел.
Жайлауы – Көзді көл.
Қыстауы – Қараспан.
Қобыландының тұлпары – Тайбурыл.
Қазанның тұлпары – Қара қасқа ат.
Көбікті ханның аттары – Тарлан, Көкбес.
Қарлығаның мінген аты – Ақмоншақ.


«Алпамыс батыр»
1899 жылы Жүсіпбек Шайқыисламұлы Қазанда «Қисса Алпамыс» деп аталатын жырды бастырып шығарған.
1896 жылы Ә.Диваев жырдың толығырақ бір нұсқасын Жиенмұрат Бекмаханұлынан жазып алып, қазақ тілінде жариялаған.
Қазақ тілінде жырдың 10-11 нұсқасы бар.
1953 ж. бұл жыр Оңтүстік Қазақстан облысы Ащысай мөлтегінде тұратын Желеу Жақыпов деген кісіден жазылып алынған. Жырдың бұл нұсқасы 1956 ж. жеке басылым ретінде шықты. Осы нұсқаны Сұлтанбек Аққожаевтан Желеу Жақыпов алған екен. Өзбекстан мен Қарақалпақстан қаламгерлері кезінде осы жыр негізінде пьеса жазған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет