Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»



бет5/168
Дата25.11.2023
өлшемі1,83 Mb.
#127012
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   168
МАҚАЛ МЕН МӘТЕЛ
Мақал – өмірлік тәжірибеден туындаған түйінді пікір, тұжырымды сөз өрнегі немесе тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні. Мәтел – белгілі бір ойға, ұғымға ишара жасайтын, астарлап, жұмбақтап айту мәні басымдау болатын халық мұрасы.


Мақал мен мәтелдің айырмашылықтары
1. Мақал құрылысы екі, үш бөлімді болып, құрмалас сөйлем түрінде келеді, ал мәтел көбіне бір бөлімді болып, жай сөйлем түрінде қолданылады. Мысалы, Жақсы бала ата-анасын төрге сүйрейді, жаман бала ата-анасын көрге сүйрейді – мақал, ал Кемедегінің жаны бір – мәтел.
2. Мақалда себебі мен салдары қатар айтылады, ал мәтелде істің салдары айтылады да, себебі айтылмайды. Мысалы, Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле деген мақалда ой толық аяқталып, себебі мен салдары, яғни шарты мен нәтижесі қатар берілген. Ал Дарияның жанынан құдық қазба деген мәтелде салдары ғана берілген.
3. Мақалда ой нақты айтылады, ал мәтел ишара, тұспал түрінде айтылады. Мысалы, Жері байдың елі бай – мақал, ал Әлін білмеген әлек – мәтел.
4. Мақал ақыл-кеңес, өнеге түрінде айтылады, ал мәтелде эмоциялық мағына басым болады. Мысалы, Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің – мақал, ал Айдағаны – бес ешкі, ысқырығы жер жарар – мәтел.


ЖҰМБАҚ
Жұмбақ – белгілі бір затты, құбылысты соларға тән қасиеттері мен ерекшеліктерін жұмбақтап көрсететін ырғақты жол немесе шумақ. Жұмбақтардың тақырыбы алуан түрлі болып келеді. Мысалы,
Белін бекем байлаған,
Қоқысты қоймай айдаған.
(сыпырғы)
Тақиям толған сөк
Ерте тұрсам жоқ.
(жұлдыз)


ЖАҢЫЛТПАШ
Жаңылтпаш айтылуы қиын, жаңылту үшін және әр сөзі жылдам айтылуы тиіс тақпақтардан құралады. Мақсаты – айтушының әр сөзді бұзбай дұрыс айтуы. Мысалы,
Қара бүркіт томағасын түсірді,
Оны мен томағаламай, кім томағалайды?
Оны мен томағаламай, кім томағалайды?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет