Ызғұтты – Бөжейдің асында Абайға көмекші әрі ақылшы болған адам. БЕРНИЯЗ КҮЛЕЕВ (1899-1923) Туған жері: бұрынғы Торғай облысы Ақтөбе уезіне қарайтын Бөрте болысының бесінші аулы (қазіргі Орынбор облысы).
8 жасында ауыл молдаларынан мұсылманша сауат ашады. Елдегі медресе, мектептерден әуелі ескіше (қадымша), кейін жаңаша (жәдитше) білім алады.
1917
Күзде Орынборға барып, сондағы қазақ мұғалімдер семинариясына оқуға түседі. Бірақ ақын онда көп оқи алмайды. 1918 жылғы Ресейдегі басталған азаматтық соғыс ел ішін өртке орап, қазақ даласы ақ пен қызыл майдандасқан соғыс даласына айналады. Жұрт қамын ойлаған ақын туған жерге оралады.
1918
Орынборға келіп, қызметке араласа бастайды. Торғай облысының кеңестік съезінде облыстық комитетке, оқу бөлімінің президиумына мүше болып сайланады.
1919
Орынбор қаласындағы қазақ даласын басқару үшін құрылған революция комитеттің Ақтөбе қаласындағы төтенше комисары болады.
1920
Қазақ АССР Халық ағарту комиссариатының жіберуімен Қазан қаласына көркем әдебиет шығармалары мен оқу құралдарын бастырып шығарушы өкіл болады. Сол жылдары Бернияздың тікелей басшылығымен ұлтымыздың мақтаны Абай, Ахмет Байтұрсынов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мағжан Жұмабаев шығармалары басылып шыққанын ерекше атап айтуға болады.