Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»



бет107/168
Дата25.11.2023
өлшемі1,83 Mb.
#127012
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   168
«Өмір мектебі» трилогиясы – оның шығармашылық өмірін қамтыған өмірбаяндық (автобиографиялық) роман.
«Есіл бойында» романында («Өмір мектебінен») әрі сұлу, әрі ақын, әрі сазгер Ұлпа қыз бен оның ғашық болған жігіті – Мұратбек жайлы айтылады.
«Сырдария» романы Қызылорда күрішшілері, еңбек адамдары, еңбексүйгіш жастар жайлы.
«Аққан жұлдыз» романының екі кітабы –Ш.Уалиханов туралы зерттеу еңбектерге, фактілерге негізделіп, Шоқан болған жерлерге саяхаттар жасау нәтижесінде өмірге келген шығарма.
Осы тақырыпта «Ш.Уалиханов», «Қашқар қызы» деген пьесалар жазды.
«Шоқпыттың шаруасы» өлеңінде қазақ аулы кедейлерінің типтік бейнесі суреттелген.
Лирикалық өлеңдерінің кейіпкері – еңбекші халық.
2 рет Ленин, 2 рет Еңбек Қызыл Ту, «Құрметті белгісі» ордендерімен марапатталды.


С.Мұқанов туралы пікірлер
М.Әуезов: «Қазақ әдебиетінің аға жазушысы Сәбиттің аты – қазақ оқушысының мол қауымына өте даңқты, анық қымбат аттың бірі».
Ғ.Мүсірепов: «Жазушы Сәбит Мұқановтың қаламынан туған еңбектер өз алдына бір энциклопедия».
М.Қаратаев: «С. Мұқанов толық мағынасында халық жазушысы еді».
Р.Ғамзатов: «Біздің әдебиетіміздің Эльбрустарының бірі».
С.Құдаш: «Шын мағынасында үлгі-өнеге тұтатын кең құлашты жазушы».
Ш.Айтматов: «Сәбит аға – жас ұлттық әдебиетіміздің негізін салушы аға буын өкілі. Достықтың жыршысы бола білген қазақ халқының ұлы Сәбит Мұқанов, әрбір қырғыз аулына белгілі және сүйікті еді. Оның образы, оның еңбегі ешқашан ұмытылмасына мен сенемін».


«Сұлушаш» поэмасы
С.Мұқановтың «роман» деп аталатын поэмасы.
Кейіпкерлер:
Сұлушаш – негізгі кейіпкер.
Тілеуберді бай – Сұлушаштың әкесі.
Алтай – Сұлушаш сүйген кедей жігіт. Басты қасиеті – қайсарлық.
Қайсар – Алтайдың досы.


Қысқаша мазмұны: Тілеуберді деген байдың сұлу қызы Сұлушаш пен құл мен күңнен туған Алтайдың бір-біріне ғашық болуы, олардың ата-аналарының әулеттік бөлектегі салдарынан таудай кедергіге ұшырап, ақыры, екі жас дегеніне жете алмай, қайғылы қазаға душар болып, өмірден арманда кеткендіктері туралы жазылған.
Шығарма негізіне өмірде болуы мүмкін оқиғалар алынғанмен, тартыс, күрес жолдарының суреттелуінде романтикалық тәсілге тән көріністер бар. Мысалы, Алтай, Сұлушаш, Қайсар – үшеуі қуғыннан қашып құтылмақ болған кезде, қайғылы қазаға ұшырауы. Қайсар шың басындағы қыранның ұясына тор құрып, бүркітті ұстаймын дегенде, арқан үзіліп мерт болса, Сұлушаш қуғыншылар орманды өртегенде, қарсы алдынан кездескен жолбарыстан шошып, жар басынан өзенге қарғып құлап өледі. Сүйген жарынан, қадірлі досынан айырылған Алтай жаудан құтыла алмасын білген соң, өзінің жүрегіне қанжар салады.
Сұлушаштың портреті:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет