Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»



бет113/168
Дата25.11.2023
өлшемі1,83 Mb.
#127012
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   168
«Қазақ солдаты» романы
1950 жылы толықтырылып басылған бұл роман алғашында «Қазақ батыры» деген атпен 1945 жылы жарыққы шыққан. Романға негіз болған оқиға өмірде болған Кеңес Одағының батыры Қайырғали Смағұлов (романда ол Қайрош Сарталиев деген атпен берілген). Неміс басқыншыларына қарсы ауыр да қаһармандық күресті суреттеген тұңғыш шығарма.
Кейіпкерлер:
Қайрош – негізгі кейіпкер.
Балалар үйіндегі құрбылары: Шеген, Бораш.
Сүйген қызы – Ақбота.
Майдандас достары: қатардағы жауынгерлер: Семен Зонин, Владимир Толстов, Василий Гришин, Петр Ушаков, Самед Абдуллаев, командирлер: политрук Ревякин, майор Русаков, капитан Мирошник.


«Қозы Көрпеш–Баян сұлу» пьесасы
Кейіпкерлер:
Қозы, Баян – негізгі кейіпкерлер.
Күнікей, Мақпал – қос мұңлық аналар.
Қарабай – Баянның әкесі. Тойымсыз, малға құмар, қара жүрек әке.
Қодар – қара күштің иесі.
Жарқын – ақын.
Жантық – екі адамды соғыстырып қойып, арасынан пайда табуды көздейтін, алаяқ, қу, жатып атыр. Жарқынға қарама-қарсы бейне.


«Боранды түнде» әңгімесі (7-сынып)
Кейіпкерлер:
Қайсар – негізгі кейіпкер.
Бәден апай – Қайсардың шешесі.
Кәмен – Қайсар алып қашпақ болған қыз.
Бекберген – Кәменнің әкесі.
Қадыр – Бекбергеннің немере ағасы.
Асылқан – Қадырдың баласы.
Кәменнің немере ағасы.
Зағипа – Қайсардың ауылындағы өсекші әйел.
Дина – әңгімені баяндаушының шешесі.
Қайсардың тұлпар аты – Күреңтөбел, иті – Көкдауыл.
Қысқаша мазмұны: Бекберген баласын сүндетке отырғызған молданың сұрауы бойынша болашақ күйеу баласы Қайсардың тұлпар атын сұратады. Қайсар ертең Кәменді қалай жаяу алып келем деп, бірнеше жігітпен қызды алып қашуға барады. Бірақ Қайсар ауылының өсекші әйелі Зағипа бұлардың жоспарын алдын-ала Бекбергендерге жеткізіп барып, олар Кәменді Қадырдың үйіне жібереді. Сондықтан Қайсарлардың жолы болмай қайтады. Ал солармен барған осы әңгімені баяндаушы жас бала қыздың ауылынан қашып бара жатып, бұл топтан адасып кетеді. Адасып жүріп, әлгі Қадырдың үйінен бір-ақ шығады. Қадыр мән-жайды сұрай келе, Қайсардың оқиғасынан хабардар болған соң, баласы Асылқанды немере ағасының қызы Кәменді құдағиы Бәденге апарып келуді тапсырады. Осылайша жас баланың көмегімен Кәмен мен Қайсардың қосылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет