Әбділда Тәжібаев (1909–1998)
Туған жері: Ақмешіт (казіргі Қызылорда қаласы)
Қызметі: қазақ поэзиясының аса көрнекті шебері, ірі драматург, белгілі әдебиет зерттеушісі.
1915
Әкесі қайтыс болып, 6-13 жасында қала сыртындағы Қараөзек деген жерде шешесі Айманкүл мен нағашы атасы Далдабайдың тәрбиесінде өседі. Ол екеуі оның өлеңге, әдебиетке деген құштарлығын оятқан.
1922
Қызылордадағы жетім балаларға арналған интернатқа қабылданып, сауаттылығының арқасында бірден интернат жанындағы бастауыш мектептің 3-сыныбынан бастап оқып кетеді. Әбділданың алғашқы өлеңдері осы интернаттың қабырға газетінде жарияланады. Одан кейін Шымкенттегі жеті жылдық мектепте оқыды.
1929–1932
Абай атындағы Қазақ педагогика институтында оқиды.
«Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газеті редакторының орынбасары.
1934
25 жасында Қазақстан Жазушылар Одағының хатшысы болды.
1939
Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы.
1945-1948
Қазақ ҚСР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтының Жамбыл бөлімін басқарады. «Қазақ әдебиеіті» газетінің бас редакторы болады.
1963
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының мүшесі болын сайланады.
Шығармашылығы
Туған жерін, әсіресе, Сырдарияны ерекше жырлаған. Рейнді жырлаған Гейнені, Днепрді жырлаған Шевченконы өзіне үлгі тұтқан.
Ақын шығармашылығында биік кезең – «Аралдар» атты жинағы.
1926
Тұңғыш туындысы «Жұмысшының гудогі» өлеңі «Жұмысшы» газетінде басылады.
1929
«Сорлайды екенбіз» өлеңі таза үгіт-насихат сарынында жазылған.
1935
«Жаңа ұрпақ» жинағы жарық көреді.
1936
«Лирикалар» жинағы жарық көреді. Оған «Оркестр», «Абыл», «Толағай» сынды романтикалық поэмалары енді.
М. Әуезовпен бірігіп жазған, кейін республикалық бәйге алған «Ақ қайың» атты тұңғыш пьесасы азамат соғысының аласапыран кезеңдерінен сыр шертеді.
1964
«Жүректілер» атты пьесалар жинағы жарыққа шықты. Бұнда «Майра», «Жалғыз ағаш орман емес», «Көңілдестер», «Қыз бен солдат», «Монологтар» сияқты драмалық туындылары, «Той боларда», «Дубай Шубаевич» тәрізді комедиялары жинақталған.
«Октябрь Революциясы», 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту, Ленин, «Құрмет Белгісі» ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.
Әбділда шығармаларын үш салаға бөлуге болады:
1) Ұсақ түрдегі сыршыл өлеңдер;
2) поэмалар;
3) пьесалар.