БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ (1910–1982)
Туған жері: Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Көлбастау аулы.
Қызметі: Ұлы Отан соғысының аты аңызға айналған қаһарманы, Кеңес Одағының батыры, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, жазушы, әскери қайраткер. Әкери педагогика мен әскери психологияны байытушы баға жетпес мұра қалдырған дара тұлға.
Б.Момышұлы: «Қырағының өзі де, көзі де батыр». Қасым Қайсенов: «Баукең табиғаттың ешбір жақсы қасиеттерін аямай ерекше жаратқан адам. Ол – ақын. Ол – жазушы. Ол – философ. Ол – екі тілде бірдей шешен. Ол – қас батыр. Ол – полководец».
Шымкенттегі 7 жылдық мектепті бітіріп, біраз уақыт мұғалім болды.
Содан кейін әскерде бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады.
Туған ауылына оралып, біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет етті.
1936
Ленинград финанс академиясы жанындағы курсты тамамдап, қайтадан Қызыл Армия қатарына алынды, взвод, рота, командирі болды.
1941
И.В.Панфилов басқарған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанды. Онда батальон, полк командирі болды. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарды.
Соғыстан кейін Совет Армиясы Бас штабының Жоғары әскери академиясын бітіріп, әскери-педагогикалық жұмыспен айналысты, Совет Армиясы әскери академиясында сабақ береді.
1956
Полковник атағымен отставкаға шығып, біржола шығармашылық жұмыспен айналысты.
Кеңес дәуіріндегі Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Қызыл Ту, Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы, 1-ші дәрежелі Отан соғысы, 2 рет Қызыл Жұлдыз, Құрмет белгісі» сынды орден-медальдармен марапатталды.
Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін «Кеңес одағының батыры» атағы берілді.
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен оған «Халық қаһарманы» деген атақ берілді.
Оның атақ, даңқы, батырлығы А.Бектің «Волоколамск тас жолы» атты кітабында суреттелді.