1975 жылдан бастап толық шығармашылық жұмысқа көшіп, 16 жылда 16 роман дүниеге әкеледі. К.Д.Ушинскийдің шығармаларын қазақ тіліне аударды.
1976 жылы «Көшпенділер» атымен жарық көрген трилогия орыс тілінде 12 рет басылып, 1,5 миллион тиражбен тарады. Жалпы «Көшпенділер» трилогиясы әлемнің 30 тілінде жарық көріп, 50 рет қайта басылды.
2005 жылы осы трилогияның негізінде «Көшпенділер» атты тарихи көркем фильм түсірілді.
Романдары: «Көшпенділер» трилогиясы:
а) «Алмас қылыш» романы (1971) – трилогияның бірінші бөлімі. XIV–XV ғ.ғ. оқиғалар, әлеуметтік қақтығыстар, қазақ хандығының құрылуы айтылады.
ә) «Жанталас» романы (1973) – екінші бөлімі. XVIII ғ. Қазақстандағы әлеуметтік-қоғамдық тартыстар, халық басынан өткен әр түрлі оқиғалар баяндалады. Абылай хан, Бұқар жырау тектес тарихи қайраткерлер образы жасалған.
б) «Қаһар» романы (1969) – «Көшпенділердің» үшінші кітабы болғанмен, бірінші болып жазылған шығарма.
«Айқас» (1967, осы романы Мемлекеттік сыйлық алды)
«Алтын Орда» трилогиясы (1982-1983) – көптеген мұрағат материалдарын, әр түрлі деректерді, ғылыми зерттеулерді, фольклор нұсқаларын сұрыптай отырып жазылған. Шығармадағы оқиғалар Ертіс, Еділ бойларында, қазақ даласында, Орта Азияда, Қырым мен Кавказда, Русь жерлерінде өтеді. Ұлан байтақ жерде құрылған Алтын Орданың қоғамдық-әлеуметтік құрылысы, ұлт құрамы, тұрмыс-тіршілігі, сан алуан күрестер, билік үшін шайқастар суреттелген.