1864
|
8 қаңтарда Торғайда Ыбырайдың мектебі ашылды. Бастапқыда он төрт бала қабылданады.
|
1876
|
Петербург, Қазан қалаларына барады. Орыстың оқу-ағарту саласын зерттеп, орыс ағартушыларының еңбектерін оқиды. Сол негізінде қазақ тілінде оқу құралын жазбақ болып, 1876 жылы «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кіріседі. Ол 1879 жылы Орынборда орыс әліпбиі негізінде басылады. 1906 жылы А. Васильевтің редакциясымен жарық көрді. Кеңес жылдарында жеке кітап боп 1935, 1948, 1955 ж.ж. басылды.
|
1879
|
Ыбырай Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайындалады. Бұл оның ағартушылық қызметінің кең өріс алуына жол ашады. Ол еуропалық үлгідегі мектептер ашу ісімен шұғылданады.
|
1879–1883
|
Торғай облысының төрт уезінде (Торғай, Ырғыз, Троицк, Ақтөбе) жаңа мектептер ашады
|
1981
|
Орск қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебін ашты.
|
1883
|
Торғай қаласында қолөнер мектебі ашылды. Ол қазақ даласындағы техникалық білім беретін тұңғыш оқу орны болды.
|
1883
|
«Мұсылмандық тұтқасы» оқу құралы Қазан қаласында араб әрпімен басылды.
|
1887
|
Ырғызда қыздар мектебін ұйымдастырды.
|
1881
|
Омбы қаласында тұңғыш мұғалімдер даярлайтын мектеп ашады.
|
1886
|
Орскіде тұңғыш мұғалімдер мектебін ашты.
|
1896
|
«Мәктубат» деген кiтабы Қазанда жарық көрді.
Ыбырай Алтынсарин туралы Ғафу Қайырбеков «Дала қоңырауы» атты дастан, Жайсаңбек Молдағалиев «Таза бұлақ» атты роман жазды.
|