Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»



бет67/168
Дата25.11.2023
өлшемі1,83 Mb.
#127012
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   168
ӨКІНІШТІ ӨМІР
Менің дертім, жігіттер, емес оңай,
Болып едің дейсің ғой қашан олай.
Басқа түссе байқарсыз бәріңіз де,
Ойланбаған өмірдің бәрі солай.


АДАМДЫҚ БОРЫШЫҢ
Адамдық борышың, –
Халқыңа еңбек қыл.
Ақ жолдан айнымай
Ар сақта оны біл.
Талаптан да, білім мен өнер үйренген,
Білімсіз,
Өнерсіз
Болады ақыл тұл.
Мақтанға салынба
Мансаптың тағы үшін,
Нәпсіңе билетпе
Басыңның бағы үшін.
Өміріңді сарп қыл өлгеніңше,
Жоба тап,
Жол көрсет,
Келешек қамы үшін.
Қайтадан қайырылып
Қауымға келмейсің,
Барыңды,
Нәріңді
Тірлікте бергейсің.
Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң
Шын бақыт –
Осыны ұқ,
Мәңгілік өлмейсің.
Қалқаман-Мамыр»_поэмасы_Әнет_баба_–_95_жастағы_Арғынның_ел_ағасы,_биі._Кішік_–_Әнет_бабаның_әкесі._Мәмбетей_бай_–_Кішіктің_ағасы._Мамыр'>«Қалқаман-Мамыр» поэмасы
Әнет баба – 95 жастағы Арғынның ел ағасы, биі.
Кішік – Әнет бабаның әкесі.
Мәмбетей бай – Кішіктің ағасы.
Мамыр – Мәмбетейдің 15 жасар қызы.
Әйтек – Әнет бабаның туысқан інісі.
Қалқаман – Әйтектің тоқалынан туған баласы.
Олжай – Әйтектің бәйбішеден туған баласы.
Көкенай – Мәмбетейдің бастаушысы, батыр.

Қалқаман Мамырды сүйетінін малда жүріп білдіреді. Қыз жауабын кейін айтпақ болып кетеді. Бір күні Мамырдың қыздарша киінгенін естіп бір қуанады. Қазақтар Қалмақты жеңіп, Орта жүз ханы Сәмеке той жасап, ауылдың үлкендері сонда кеткенде, Қалқаман Мамырға «Бастан қыл» деп қолқа салады. Сол жиында оңашада қыздан жауап күтіп жүргенін білдіреді. Мамыр оған бүрсігүні қамыстың жанында кездеспек ойын айтады. Екеуі бас қосқанда, қыз жігітке біржолата келмегенін, өзін басқа біреу атастырып қойғанын, ертеңіне олардың құда түсіп келетінін айтып, жігіттен кешірім сұрап, қоштасқалы келгенін білдіреді. Сонда жігіт қызға бірге қашып кетуді ұсынады. Қыз «жолыңда өлсем разымын, жаным құрбан» деп келісімін береді. Сөйтіп, екеуі тіке ауылға барып, Олжайды Әнет бабаға жібереді. Әнет баба қиын іске тап болғанын айтып, «Мәмбетейге хабар жібер, не сұраса да беріңдер» деп ақыл айтады. Мәмбетей «қалың мал ал» дегенге көнбей, Қалқаман мен Мамырды өлтірмесе, Әнет бабаны көрмей кететінін айтады. Әнет баба «біреудің некелісін бұзған, оларды таспен атып өлтірген дұрыс емес» дегеніне Көкенай да көнбей қояды. Осылайша дау ұзаққа созылады. Бір күні Мамыр төркініне сәлем бере келеді. Сол күні аңнан қайтқан Көкенай Мамырды садақпен атып өлтіреді. Өлер алдында, Көкенайға «мені өлтірдің, тиіспе Қалқаманға» деп кетеді. Көкенай: «мен өз туысымды өлтірдім, ол да Қалқаманды өлтірсін, өлтірмесе, Кішікпен бас құрмаймын» - деп Әнет бабаға хабар салады. Тобықтылар Мәмбетейге бір еркек пен бір әйелдің құнын бермек болады. Ол болса, «Әнет баба бізді құрметтемеді, біз басқа жаққа ауып кетеміз», - деп көнбейді. Амал жоқ, Тобықтының көпшілігі бір жігітке бола арамыз ашылмасын, бұл жолы Мәмбетейдің айтқаны болсын деп шешеді. Әнет баба жалғыз өзі оларға қарсы келе алмай, амалсыз келіседі. «Қалқаман жүйрік атпен шауып өтсін, Көкенай атсын. Егер өлтіре алмаса, бұдан әрі тиіспесін» - дейді. Мәмбетейлер де келісе кетеді. Көкенайдың атқан оғы Мамырдың оң аяғына тиіп, аман қалады да, еліне «бір ұлдарыңды сақтап қала алмадың» деп іштегі өкпесін айтып, сол шапқаннан Бұқар жақтағы нағашыларына тартып тұрады. Әнет баба артынан іздеу салғанмен, сол арада «Ақтабан шұбырынды» оқиға басталып, ел Арқаға үдере көшеді. Тіпті Әнет бабаның өзі көшке ілесе алмай, жұртта қалған. Сөйтіп, Қалқаман іздеусіз қалады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет