Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»



бет48/245
Дата24.03.2022
өлшемі0,52 Mb.
#28640
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   245
Байланысты:
дебиет туралы жалпы т сінік дебиет – араб с зі, ол « лгілі с з

АҚТАМБЕРДІ ЖЫРАУ САРЫҰЛЫ

(1675–1768)



Туған жері: Оңтүстік Қазақстан өңірінде, Қаратау бойы. Сүйегі қазір Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Жүрекжота деген төбенің басында.

Қызметі: жырау, қолбасы, қазақтың көне жыраулық мектебінің белді өкілі, дипломат. Қысқа, нақыл, шешен сөздердің шебері.

Ес білгеннен бастап 70 жыл бойы ат үстінен түспей елі мен жерін қорғаған қас батыр, айтулы шешен, қабырғалы би, атақты жырау болған.

Туысы Бердіке деген батырдың қолында өседі. 10-11 жасында өлең жаза бастаған.

17 жасынан бастап қазақтардың Орта Азия хандықтарымен арадағы соғыстарына қатынасады.

Дұшпаннан көрген қорлығым,

Сары су болды жүрекке.

Он жетіде құрсанып,

Қылыш ілдім білекке.

Жауға қарай аттандым,

Жеткіз деп, құдай, тілекке.

Өзінің жанкешті ерлігімен, ақыл-айласымен көпке танылады. Талай рет өлім аузынан қалады. Бірде, тіпті, жортуылда жау қолына түсіп, өлім жазасы орындалар қарсаңда ғана қашып құтылады.

1723 жылы қазақтар ойраттардан ойсырай жеңіліп, бүкіл оңтүстік және шығыс аймақтан айырылған шақта, Ақтамберді атақты батыр, Орта жүздің рубасы ақсақалдарының бірі еді.

1742 жылы Орта жүз ру басшыларының Орынборда ант беру жиналысына өкіл болған.

1738-1752 ж.ж. қазақ-қалмақ арасында болған қанды қақтығыстардың барлығына дерлік қатысқан. «Ақтабан шұбырынды» оқиғасын бастан өткерген.

Бізге жеткен шығармалары 300 жолдан аспайды. Азғантай қазынасының өзі нақыл сөздерге толы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   245




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет