Әдебиеттануға кіріспе


Сонымен қатар мазмұнға қарағанда форманың өзгерімпаздығы



бет13/41
Дата30.01.2023
өлшемі305,44 Kb.
#63831
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   41
Сонымен қатар мазмұнға қарағанда форманың өзгерімпаздығы. Өмірде де, өнерде де солай. Айталық, махаббат. Бұл-өмірде тұрақты шындық, өнерде мәңгілік тақырып. Абай әдемі айтқан:

Махаббатсыз – дүние бос,
Хайуанға оны қосыңдар.
Бірақ өмірдің осы шындығының өнерде көркем жинақталу пішіні әр дәуірде әр алуан. Мәселен, қазіргі махаббатты баяғының Ләйлі – Мәжнүнінің немесе Қыз Жібегі мен Төлегенінің арасындағы сезімдерше суреттесе, осы дәуірдегі мазмұнға мұндай пішін сай келмеген болар еді.

  1. Бір мазмұнның өзі әр дәуірде әр түрлі формаға көшіп отырады. Мазмұн мен форма тарихи категория. Әрбір жаңа дәуірде көне мазмұн тың пішін тауып, жаңғырып, жасарып қана қоймайды, әр дәуір өз шындығын, демек, өз мазмұнын ала келеді. Мәселен, ғасырлап бойы үнсіз мүлгіп, тылсымдай тынып, құлазып жатқан қазақ даласына Қазан революциясынан кейін күре тамырдай тарамданып темір жол жосылды да, оның бойымен бұрын- соңды бұл маң көрмеген жаңа көлік – поезд жүйткіді. Бұл - өмірдегі жаңа шыңдық болса, өнердегі – жаңа мазмұн.

  2. Жаңа мазмұнға жаңа пішін іздеуге әбден болады; бірақ пішін іздеу бар да, құр пішінділікке (формализмге) салыну өз алдына басқа.

Сонымен, әдебиеттегі мазмұн мен форманың бірлігі дегеніміз сөз өнеріндегі орасан маңызды заңдардың бірі, өнер туындысының көркемдігі үшін ауадай қажет жағдай боп табылады. Көркем шығармадағы мазмұн мен форманың бірлігі – оның эстетикалық бағалылығы.
Әдебиеттегі мазмұн мен форманы көркем шығармаға көшірсек шығарма мазмұны – оның ақиқат шындыққа негізделген тақырыбы мен идеясы да форма - әдеби қаһарманның өзара қарым-қатынасына, тағдыр тартысына негізделген сюжеті, композиция және жазушының өмірді өнерге айналдырған ең негізгі құралы – суретті сөзі, көркем шығарманың тілі.


?! Тапсырмалар

  1. Ұсынылған үлгі бойынша өз мысалдарыңызды келтіріңіздер:




Шығарма

Мазмұны

Пішіні

С. Мұқановтың «Ботакөз» романы

Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы

Көркем жинақталған әдеби қаһармандардың (Асқар, Ботакөз, Амантай және т.б.) күрес пен
тартысқа толы тағдыр тіршілігі




  1. Бір мазмұнның бірнеше пішіні болатынына дәлел келтіріңіздер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет