10. Лирикалық жанрлар ерекшелігі. Түрлері Лирика ішкі әлемнің бейнесіне, сезіміне, тәжірибесіне автордың назары аударылатын әдебиет түрі. Лирикадағы оқиға маңызды, өйткені ол суретшінің жан дүниесінде эмоционалды реакция тудырады. Бұл лирикадағы басты оқиғаға айналатын тәжірибе. Лирика әдебиеттің бір түрі ретінде ерте заманда пайда болған. «Лирика» сөзі грек тілінен шыққан, бірақ тікелей аудармасы жоқ. Ежелгі Грецияда сезім мен тәжірибенің ішкі әлемін бейнелейтін поэтикалық шығармалар лираның сүйемелдеуімен орындалды және «лирика» сөзі осылай пайда болды.
Лирика көлемі жөнінен, эпосқа қарағанда, әлдеқайда ықшам. Сюжетке де көп бара бермейді. Оқиғадан гөрі отты сезім басымдау, күллі сюжет сол сезім маңына, философиялық ой маңына жинақталады.
Лирикадағы ең маңызды кейіпкер - бұл лирикалық қаһарман: лирикалық шығармада оның ішкі әлемі көрінеді, оның атынан лирик оқырманмен сөйлеседі, ал сыртқы әлем лирикалық қаһарманға жасаған әсерлері аясында бейнеленеді. Ал лириканың бас қаһарманы – ақынның өзі. Мұның эстетикалық қасиеті де, тәрбиелік күші де айрықша үлкен. Себебі, бұл арада өлеңді жазған адам оқыған адамға айналып, ақын мен оқырманның көңіл-күйлері бір-біріне ұштасып, бірігіп, біте қайнасып кетеді.
Лирикада мінез болады. Ол – ақынның мінезі: өлеңім өзіме тарт дегендей, әр өлең тек иесіне ғана тартады. Сондықтан оқырманның өлеңді сынайтыны секілді, өлең оқырманды да сынайды.
Лирикалық жанр түрлері: Баллада (итал. ballata — би әні) Орта ғасырда роман (француз, испан, итальян) елдерінің поэзиясында туып қалыптасқан лириканың ерекше түрі – баллада лиро-эпостық сипаттағы шағын сюжетті өлең. Мұнда ақын өзінің көңіл-күйін, толғанысын жырлап қана қоймайды, сол сезімді туғызған себептерді оқиғаға айналдыра суреттеп көрсетеді. Балладаның мазмұны көбіне тарихи шындық, оқшау фантастикалық хал, ерлік әрекетболып келеді.
Лириканың антикалық әдебиетте көп тараған түрлерінің бірі – идиллия, әлдебір парықсыздау салтанат, әрекетсіз, қызық, уайым-қайғысыз қызғылт өмір туралы жыр. Идиллиялық өлеңнің тақырыбы – мал баққан, шөп шапқан, егін салып, балық аулаған адамдар тұрмысы, олардың сұлу табиғат құшағында өтіп жататын той-думаны, сауық сайраны.