12. Модернизмэстетикасы Модернизм(итал. Modernismo лат.modernus – жаңа,қазіргі) – ХХ ғасыр басында рухани сана дағдарысы кезінде пайда болған философиялық - эстетикалық ағымдардың жиынтық атауы.Модернизм негізінен философиялық ой толғамдардан қуат алады. Сол себепті еуропалықтар үшін бар өнердің өзегі һәм ұйытқысы философия болды.Модернизм – өнер қайраткерлерінің әлемдік қақтығыстарға, адамзат дамуындағы дағдарыстарға деген көзқарастарын білдірді. Ең алдымен , modern сөзі қазіргі жаңа кезең деген мағынаны білдіреді.
Постмодерн термині пайда болмас бұрын тарихи сахнада ең көп талқыланатын өзекті мәселе модерн еді. Бірақ ол постмодернизмнен мүлде басқа арнада қарастырылды. Өкілдері- Бэкон, Декарт, Ньютон,Гегель, Маркс және т.б.
Модернизм мен постмодернизмнің қазақ әдебиетіндегі көріністері жөнінде ой сабақтап келе жатқан ғалым Б.Майтанов бұл эстетикалық құбылыстың ұлттық сөз өнеріміздегі белгілерін ХХ ғасырдың алғашқы ширегінен бастайды.Ол: Сәл ертерек дәуірге көз салсақ,модернизм мен постмодернизмге хас мәтін құрамының байлығы мен әркелкілігі М.Әуезовтың «Қорғансыздың күні», «Жетім», Ж.Аймауытовтың «Елес», М.Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсы», С.Ерубаевтың «Менің құрдастарым», С.Сейфулиннің «Біздің тұрмыс» шығармаларынан мол аңғарылады. Аталған туындылардағы интертекст, реминисценция, аллюзия көріністері өмір шындығын қалыптағы реалистік баяндаудан гөрі оны қабылдаушы субъектімен арақатынаста, жанжақты танытуда зор нарративтік роль атқарды.Модернистік прозада шарықтап дамыған сана ағымын суреттеу өнері М.Әуезов,Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев мәтіндерінде ұлттық дәстүр сілемдерін қалыптастырды, - дей отырып, - Поэзияда символизм мен импрессионизм көріністері, прозада экзистенциализм мен экспрессионизм эстетикасына тән белгілер күрделідүниетанымдық ,көркемдік ізденістерге мұрындық болғанын жоққа шығару қате, - деген маңызды тұжырым жасайды.
Модернизмнің басты мақсаты - мәдениетті модернизациялау, яғни жетілдіру. ХХ ғасырдың басындағы авангардистік ағымдардың манифестерін оқып қарасаңыз, барлығының да мәдениетті жетілдіру проблемасын көтергенін байқар едіңіз. Алайда модернизм де біркелкі емес,ала-құла, көптеген мүдде, көзқарас, эстетикалық теориялардың қақтығысынан тұрады.
13 Әдебиет теориясының қалыптасу кезеңі
Ә. т-ның тарихы ежелгі дәуірдегі (Үндістан, Қытай, Ежелгі Грек, Ежелгі Түркі елдеріндегі т.б.) сөз өнеріне қойылған талаптардан басталады. Әлемдік Ә. т-ның бастауында Аристотель мен Әбу Наср әл-Фараби еңбектері тұр. Аристотельдің “Поэзия өнері туралы” трактатының, басқа да ежелгі дәуір эстетикасы туралы жазған еңбектерінің танымдық қуаты мол болып табылады. Әбу Наср әл-Фарабидің “Өлең өнерінің қағидалары туралы трактатының” да Ә. т. тарихында алар орны ерекше. Ал қазіргі заманғы әлемдік әдебиеттану ғылымына зер салсақ, сөз өнерінің теориялық деңгейін жоғары биікке көтерген американдық ғалымдар Р. Уэллек пен О. Уорреннің “Әдебит теориясы” (1949) зерттеуі болып табылады. Ол түрік (1960 ж.), орыс (1978 ж.) т.б. тілдерге аударылған. Орыс әдебиеттану ғылымында Ә. т. бойынша орыс ғалымдары Б. В. Томашевский, Л. И. Тимофеев т.б-дың еңбектерін айтуға болады. Теор. болжам және филос. таным тұрғысынан М.М. Бахтиннің еңбектері (1895 — 1975) ерекшеленеді. Онда көркем сөздің көп мағыналығы, үндестігі, көп дауыстылығы т.б. мәселелер терең талданған. Қазақ ғалымдарынан Ә. т. жөнінде ең алғаш құнды пікірлер айтқан Ш. Уәлиханов болды. Ол қазақ халық поэзиясының жанрлық түрлерін (жыр, жоқтау өлеңі, қайым өлең, қара өлең, өлең т.б.) жүйелеп берді. А. Байтұрсыновтың “Әдебиет танытқышы” (1926, 1989, 1991) осы саладағы іргелі ғыл. еңбек. Алайда бұл құнды мұра алпыс жылдан астам ғыл. айналымнан тыс қалып келді. “Әдебиет танытқыш” — қазақ ұлттық әдебиеттануының негізі, Ә. т. мен әдебиеттану методол., ұғым-терминдер мен эстетик. категориялар, жанрлар жүйесі түзілген аса маңызды еңбек. Онда сөз өнері ғылымына тән барлық факторлар қамтылып, ана тілінің қорынан ұғым-терминдер, жанрлар атаулары жасалып, жүйеленіп берілген. Түрлі идеологиялық тосқауылдарға қарамастан 20 ғ-дың 30-жылдары қазақ ғаламдарының бұл салада жаңа туындылары жарық көрді. Қ. Жұмалиевтің “Әдебиет теориясы” (1938, 1964, 1969) атты еңбегі негізінен орта мектептер мен жоғары оқу орнына арналды. Сондай-ақ, Е. Ысмайыловтың “Әдебиет тееориясының мәселелері” (1940) атты орта мектепке арналған оқулығы жазылды. 1970 ж. З. Қабдоловтың “Әдебиет теориясының негіздері” атты еңбегі жарық көрді. Бұл еңбек толықтырылып “Сөз өнері” деген атпен 2 рет (1976, 1982) қайта басылды. Ол еліміздегі жоғары оқу орындарында 30 жылға жуық Ә. т-ның бірден-бір оқулығы ретінде қызмет етіп келеді. З. Ахметовтың “Қазақ өлеңінің құрылысы” (1970), “Өлең сөздің теориясы” (1973) атты еңбектері — осы салада соны пайымдауларымен көрінген құнды ғыл. зерттеулер. Ә. т-ның басты ғылыми ұғымдары мен терминдері жүйеленіп берілген “Әдебиеттану. Терминдер сөздігі” (1997, 1998) жарық көрді.
14 З.Ахметовтің әдебиет теориясына қосқан үлесі
Қазақ өлең құрылысы бойынша іргелі еңбек – З.Ахметовтің «Өлең сӛздің теориясы» мен «Казахское стихосложение» атты зерттеулері екендігінде дау жоқ. Бұл еңбектер ұлт ӛлеңінің құрылымдық жүйесі жан-жақты зерттелген теориялық тұжырымы нық, айқын монографиялар.
Қазақ өлең құрылысының негізін салушы академик З. Ахметов өз еңбектерінде екі зерттеу түрін қоса алып жүрді. Қазақ өлең өлшемдерінің буындық, бунақтық және ырғақтық сипатын, сабақтасу мүмкіндіктерін айта келіп, оның интонациялық ерекшелігіне, өлең мазмұнын ашудағ ы айтылу мәнеріне зор көңіл бөлді. Қазақ өлеңін интонациялық тұрғыдан әуендік, ауыз екі сөйлеу және декламативті деп бӛлді. «Өлең теориясы саласында қ ордаланғ ан тәжірибелер бір аса маңызды қорытындыға алып келеді. Өлең қ ұрылысын зерттеуде статистикалық , ырғ ақ тық өрнектерді схемалау, суреттеу мәселесі игеріліп болуы тиіс. Біржақты құрылымды өрнектермен шектелу өлең өрнектерінің терең зерттеу ырғақтардың алуан түрлі комбинацияларын санамалап берумен шектеледі. Бұл бағыт аса өнімді емес, сондай-ақ өлеңніңқұрылымдық негіздерініңөзара сабақтастығының күрделі қырлары, өлеңнің ырғақ өрнектерінің көркемдік бай мүмкіндіктері толық ашылмайды»
15 Ода, элегия, сатиралық лирика т.б. тән жанрлық ерекшеліктер
Ода – мәнерінің салтанаттылығымен, мазмұнының асқақтығымен ерекшеленетін поэтикалық, сонымен қатар музыкалық-поэтикалық шығарма. Ода өлеңде ұлықтау ретінде де айтылады. Горацийдің, М.Ломоносовтың, А.Пушкиннің, т.б одалары кеңінен танымал.
Элегия – мұңды ойларға арналған, мұңмен сусындаған поэтикалық шығарма. Элегияның мазмұны әдетте философиялық толғаулар, мұңды толғаулар, мұң, түңілу, қиямет, т.б. Қазақ поэзиясында Махамбеттің элегиялық сарындағы жырлары көп кездеседі. Кейінгі қазақ поэзиясынан Н. Оразалиннің "Сары ала күз" шығармасын атап көрсетуге болады.
Сатира (лат. Satira) — өзі суреттеп отырған оқиғаны, құбылысты немесе кейіпкерді өткір сынға алып, әжуаға айналдыратын көркемдік бейнелеу тәсілі. Лирикада көбіне эпиграмма түрінде беріледі. Эпиграмма (көне грекше: ἐπίγραμμα «қолтаңба») – белгілі бір адамды, затты, болмыс-құбылысты әзіл тұрғысынан бағалайтын сатиралық поэзияның шағын жанры.
Эпиграмма жанры әр кезеңде де қазіргі оқиғаға, автордың көз алдында өтіп жатқан көріністерге арналады. Эпиграмманың тағы бір қасиеті - ол әрқашанда ақынмен замандас тірі адамға арналып жазылатындығы. Ертедегі қазақ айтыскер ақындарының көптеген айтыстарда, әсіресе, қыз бен жігіт, бәдік айтыстарында дөрекі әзілге бару, қарсыласын уытты сөздермен кекетіп-мұқату тәсілдері көп кездесетін. Мысалы, Катулл, Ювенал, Марциалдардың эпиграммалары кейбір адам төзбес теңеулерге, еріксіз езу тартқызатын ұтқыр сынауларға толы.
16 Реализм
Әдебиеттегі реализм – шындықты, оның типтік белгілерін ешбір бұрмалаусыз, әсірелеусіз шынайы бейнелеу басты белгісі болып табылатын бағыт. Бұл 19 ғасырда пайда болды және оны ұстанушылар поэзияның күрделі формаларына және шығармаларда әртүрлі мистикалық концепциялардың қолданылуына үзілді-кесілді қарсы болды. Романтизмнің орнын басқан әдебиеттегі реализм шындықты іздеу және оны табу, шындықты өзгертуге ұмтылатын көркемдік сипаттарға ие. Романтизм әдісі көбіне сирек кездесетін ерекше жағдайларға көңіл аударса, Реализм айналадағы нақтылы өмір құбылыстарын толық көрсетуді қажет етеді. Қазақ әдебиетінде Реализм әдісі Абай мен Махамбет Өтемісұлы поэзиясы негізінде жоғары сатыға көтерілді. Шернияз Жарылқасынұлы, Алмажан Азаматқызы, Сүйінбай, Жамбыл ақындармен қатар, Абайға жалғас шыққан қазақ әдебиетінің ірі өкілдері Ш.Іұдайбердіұлы, С.Торайғыров, М.Дулатов, М.Сералин, С.Көбеев, т.б. қаламгерлер Реализм әдісін өркендетіп, дамыта түсті.