Әдебиеттегі көркем образ және образдылық мәселесі


Романс(исп. romance) — белгілі бір музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен жеке дауыста орындалатын шығарма. Мадригал



бет7/42
Дата27.11.2023
өлшемі206,29 Kb.
#129936
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   42
Байланысты:
жауап теория

Романс(исп. romance) — белгілі бір музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен жеке дауыста орындалатын шығарма.
Мадригал (madrigal), әдетте полифониялық және сүйемелдеусіз орындалатын 16-17 ғасырлардағы вокалдық камералық музыканың түрі.
Сонет (итал. sonetto – шағын ән) – әр шумағы тұрақты өлшемнен тұратын, 14 тармақтан құралған өлең түрі. Әр түрлі тақырыпқа жазылатын сыршыл өлең; ХІІІ ғасырда Сицилияда туған; Сонеттің арнаулы өлшемі бар; көлемі – он төрт жол, алғашқы сегіз жолы – бірінші бөлім – катрен де, соңғы алты жолы – екінші бөлім – терцет. Алайда мазмұн жағынан бұл екі бөлімнің ара жігін ажырату қиын. Сонет қазіргі қазақ лирикасында да бар. Соңғы кезде лириканың бұл түрімен Е.Әукебаев айналысып жүр. Қ.Аманжоловтың «Құрдас туралы» деп аталатын сонеті бар.
Эллегия – ойлы, мұңға толы, қаралы характерде жазылған музыкалық пьеса. Эллегия - бір мұң, бір сарын аралас назды сарын. Элегия деп өзінің жай өмірімен байланысты, басында болған күйініш-сүйініштерді (сүйіспендік, табиғат күйін т.б.) суреттеген шығармаларды айтады. Элегияда көңілдің қайғысын суреттеу өте жиі ұшырайды. Сондықтан элегия қайғылы өлең деген түсінік туды.
Ода (гр. ode - ән, жыр) - мадақтау, дәріптеу түріндегі шығарма. Аса қуанышты, тым көтеріңкі рухта жазылады.
Эпиграмма (грек. epiqramma - қолтаңба) - белгілі бір адамды, затты, болмыс-құбылысты әзіл тұрғысынан бағалайтын сатиралық поэзияның шағын жанры. Эпиграмма қысқа жазудың, белгілі ойды емеурінмен, тұспалмен түсіндіру құралы.
Лирикалық шығармалар кейде шығарманың тақырыбына, мазмұнына қарай бөлінеді:
✓Саяси-азаматтық Лирика
✓Махаббат Лирикасы
✓Көңіл күй Лирикасы
✓Табиғат Лирикасы
11. Әдебиеттану ғылымындағы методологиялық мектептер
Әдебиеттің жанрлық сипаты өсіп-өркендеуінің әрбір кезеңі ғылыми тұрғыда салыстырмалық әдебиеттану негізінде қарастырылу керек. Ол белгілі бір зерттеу нысанасын алға қойған ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге әкеледі. Ендеше ол нақты бір проблеманы жан-жақты ғылыми тұрғыда анализ-синтез, жалпылау мен жинақтау және тағы да басқа зерттеу әдіс-тәсілдерінің тууына, қолдануына басты себеп болады. Осы әдіс-тәсілдер негізінде әлемдік әдебиеттану ғылымында ғылыми мектептер пайда бола бастады. Олар:
1. Филологиялық мектеп
2. Биографизм мектебі
3. Мәдени-тарихи мектеп
4. Эстетикалық догматизм мектебі
5. Тарихи-салыстырмалық мектеп (компаративизм)
6. Психологиялық мектеп
7. Психо-аналитикалық мектеп (фреидизм)
8. Формализм мектебі
9. Социологиялық мектеп
10. Маркстік-лениндік мектеп.
Осылардың бір-екеуіне тоқталып кететін болсам.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет