Әдебиеттегі көркем образ және образдылық мәселесі


Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романын көркемдік тұрғыда талдау



бет28/42
Дата27.11.2023
өлшемі206,29 Kb.
#129936
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   42
Байланысты:
жауап теория

62.Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романын көркемдік тұрғыда талдау 


Романды көркемдік тұрғысынан талдасақ, шығарманың басында Марқакөлдің ерекшелігін, сыр-сипатын бейнелі түрде таныту мақсатында көптеген эпитеттер қолданылған. «Марқакөлдің суын ішіп, отын жеген сары қарын, тұтам емшек жануардың бауырынан сүт сорғалап, сүт емес-ау, құт сорғалап, көнек-көнек лықылдайды; қара саба емізіктеп, сары қымыз, быжылдаған дәрі қымыз шара-шара шыпылдайды». Бұл жерде сары қарын тіркесін қолдану арқылы жануардың жасы келгендігін байқауға болады.
Сонымен қатар, портретті беруде, образ жасауда эпитетті шебер қолданған жазушы романның бас кейіпкері Ақбілекті осылай суреттеген: «Мамырбайдың Ақбілегі, Ақбілегі - жас түлегі, айы-күні – жалғыз қызы, алтын сырға, күміс шолпы сылдырлатып, былдырлатып, ақ көйлегін көлеңдетіп, қызыл-жасыл көрпелерін қағып үйге әкелген еді.» Ал, Бекболаттың бейнесін былай жасайды: «Қара торы, орта бойлы, қошқар тұмсық, түлкі мұрт, шүңірек көз жігітпін. Жасым жиырманың жетеуіне шығып тұр. Атым - Бекболат. Басымда барқытпен тыстаған қара елтірі жекей тымақ, үстімде орысшалау пенжек, шалбар. Сұр шапан, сар сафиянға қара ала жапқан күміс белбеу, аяғымда көнелеу қисық табаным бар. Белбеуімдегі жарғақ далбағайым, шашақты сары қынды мүйіз сапты өткір кездігім, алдыңғы қапталдағы дабыл байлайтын ұзын қайыс шеттігім менің өнерсіз жігіт еместігіме айғақ болар.» 
«Марқакөлдің суы балдай. Бір шарасын ішкен адам дәл хор қызын құшқандай боп, беті шиқан дуылдайды, аузы қобыз гуілдейді, мас болады, жас болады: жел жетпеске мініп алып, Алтай тауын дүсірлетіп, таудың тасын күтірлетіп, көкпар, жарыс, алыс-жұлыс, асыр салып жатқаны.» Марқакөлдің көркем табиғатын бейнелеуде «балдай» деген метафоралы теңеу арқылы Марқакөл суының қаншалықты тәтті, тіл үйірерлік дәмді екенін әсірелеп көрсетеді. 
«Жонына шойын тағалағандай апасы сіресіп қалса да елемей, шыңғырған дауысқа қарай үкідей ұшып келеді». Мұндағы «үкідей» сөзі жылдам, жедел деген мағынаны беріп тұр. Яғни, қызын ақтардың қолынан аман алып қалуға тырысқан ананың жан ұшыра жүгіріп, Ақбілекті қалайда орыстарға бермеудің амалын жасап жүрген жанның әрекетін көреміз.
Әкеміз неше жылдай елу басы, ауылнай, би болған. Бір ауылнай елдің басты адамының бірі. Ағам отау болып, енші алып кетті. Інім Семейде оқуда. Шешеміз жылқы жылы құрт аурудан қайтыс болған соң, әкеміз бір кедейлеу адамның ақ құбаша, бауырсақ мұрын жасөспірім қызын, беріп қойған жерінен, 15 қараға бата бұзып алып еді. Тоқал бұл күнде әкейдің мойнына мініп алды. Жазушы «бауырсақ мұрын» деген метафораны қолдану арқылы Бекболаттың әкесінің әйелін, яғни өгей шешесінің бет-әлпетін суреттеп көрсеткен. Мұрнының домалақ, келте екенін меңзеген.
Қорытындылай келе, Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романында көркемдік ерекшеліктерді қолдана отырып, әр кейіпкердің сыртқы келбетін, ішкі жан дүниесін, сыр-сипатын айқын да, бейнелі жеткізген. Сонымен қатар, табиғатты әсем де, әсерлі суреттеп, оқырманға керемет сезім қалдыра білді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет