74. М.Әуезовтің «Қорғансыздың күні» атты шығармасының экспозициясы. Шығармадағысюжеттің даму кезеңдері мен композициясы М. Әуезов – ауыз әдебиеті мен классикалықәдебиеттің, Батыс пен Шығыс көркемсөзмұрасының озық дәстүрін жете меңгеріп, қазіргідәуірдегі қазақ әдебиетінің реалистік сапасынарттыруға, әдеби тілді байытуға ерен еңбексіңірген ұлы жазушы.
Автор әрбір шығармасында кейіпкердің ішкі жан – дүниесіне үңілумен қатар оның қоршаған ортағадеген қатынасын суреттеген.
«Қорғансыздың күні» арқылы ол заманыныңшынайы көрінісін, ащы шындығын, тұтас бірқорғансыздар әлемінің мұң-зарын көрсетіп, оқырманның ішкі сезімін оятарлық жантүршігерлік оқиғаны баяндады. Осы ащы, зарлышындықты жеткізуде Әуезов асқан шеберліктанытты: оқиғаға қатынасушы адамдардың тамашапортреттерін жасап, онысымен әрекет иелерініңмінез-құлқын да білдірді.
Тақырыбы: Қорғансыздың күні
Идеясы: Жазықсыз бейкүнә қыздың өмірі туралызаман шындығын көрсету;
Жанры: әңгіме
Кейіпкерлері: Ғазиза - әдемі, кемпірдің аялапотырған, он екі де бір гүлі ашылмаған қыз;
Кемпір- жалғыз немересі үшін өмір сүріп, көзікөрмесе де көзінің қарашығындай бағып отырғанәже, адамдарға жақсылық жасаушы, сенуші;
Ақан- арам ойлы, жауыз, өз нәпсісі үшін ештеңедентайынбайтын адам;
Композициялық талдау: 1.Басталуы-Байырғы қазақ даласындағы кедейдерөмірінің көрінісі, қорғансыз жандардың тұрмыс-тіршілігі
2. Дамуы-Ақан мен Қалтайдың келуі. Кемпірағынан жарылып бәрін айтып беруі.
3. Шарықтау шегі-Ақанның Ғазизаға арамза көзбенқарауы, атқораны көрсетуін өтінуі;
4. Шиеленісуі- Ақанның арам пиғылының жүзегеасып, Ғазизаның үйінен қашып кетуі;
5. Шешімі- Табиғат көрсеткен қаталдық пен Ақанның жасаған қорлығына шыдай алмағанҒазизаның әкесінің моласына барып, үсіп өлуі;
75. Б.Майлиннің «Қара шелек» әңгімесіндегі өз кейіпкерлерінің ішкі өміріне еркін енуде, Айша бейнесін ашудағы детальдың қызметі Бейімбет Майлиннің әңгіме жанрының шебері екендігі туралы кеңес дәуіріндегі ғалымдар жеткілікті айтқан болатын.
«Қара шелек» әңгімесі былай басталады: «Әңгіме қара шелектен басталды. Айшаның атасының басындай сақтап жүрген шелегі ғой. Үшінші жыл болып барады, Айша шелексіз қалып, шелек сұраймын деп абысын-ажынға жексұрын көрініп, ақырында Бірмағамбетті бүріп, Кәстеңкенің дүкенінен алдырған шелек еді. Айшаның жинақылығы, күтімділігі, бірін мыңға балап ұстайтындығы бүкіл ауылға мәлім. Салақ қатындар Айшаны жаратпағанда, Айшаға мін таққысы келгенде:
– Көріне бірге алып кетсе көрерміз; әйтпесе кімнен қалмаған дүние,– деп бұрқылдасады.
Бейімбет – шағын әңгімеге барлық мәселені сыйғызып жіберетін шебер жазушы. Айшаның ойы арқылы коллективтендірудің қалай өтіп жатқанын, өзінің артель бастығы болып сайланғаны, мал ортақ болады дегенде әзер дегенде жинаған 2-3 малын уайымдағаны, әсіресе бір шелек сүт беретін ала сиырын уайымдағаны – бәрі бізге мәлім болады. Осындай нәрселерді ойлап отырып, шелекке мән бермеуі –логикалық дәлел.
Ал, қара тоқалдың шелек сұрап келуіне де себепкер – жиналысқа келген адамдар.
Қара тоқалдың салақ екені де айтылып қалады. Жалпы, Бейімбет әңгімелерінде әйелдердің салақтығы не көкдолылығы немесе тағы басқа мінездері қағыс қалмайды. Бірақ таза әйелдерден гөрі салақ әйелдер көбірек сыналады.
Бір ғана қара шелек арқылы сол кездегі жұрттың колхоздастыруға қатысты түсініктері, заманның астан-кестеңі шыққанын айқын көреміз. Шелек оқиғасы сюжетте байланыс қызметін де атқарып тұр.