55.Әдеби бағыт және ағым. Қазақпоэзиясындағы әдеби бағыттар мен ағымдар Әдеби бағыт және ағым – көптеген жазушылардың , топтар мен мектептердіңшығармашылығына тән рухани және эстетикалықұстанымдардың өзара сәйкестігіне негізделгенбағдарламалық – шығармашылық мақсаттардың, тақырыптардың, жанрлар мен стильдердіңжиынтығы.
Әдеби ағымдар (ағылш. literary movement, фр. mouvement littéraire, нем. Literaturrichtung) — дүниеге көзқарасы, шығармашылық әдісі, бағыты, тақырыбы, жанры мен стилі жағынан бір-бірінежақын шығармашылығын айқындайтын көркемдік, эстетикалық принциптер жиынтығы. Кей жағдайдабір әдеби ағымға жататын қаламгерлердіңдүниетанымы, идеологиялық, суреткерлікконцепциясы әр түрлі болуы да мүмкін. Мысалы, романтикалық әдебиет өкілдері Джордж Байрон, Адам Мицкевич секілді жазушылар қоғамдыққұрылысты түбегейлі өзгертуді ұстанса, А. Ламартин, Василий Жуковский дінді, ЭрнстГофман өнерді уағыздады.
56. Архитектоника Архитектоника (герекше–architecton)–әдебишығарманың біртұтастығы, бүтіндігі, бастықұрамдары мен жеке бөліктерінің сәйкестігі, үйлесімділігі.
АРХИТЕКТОНИКА(әдебиетте) – шығарманыңжалпы құрылымы. Архитектоника түсінігіәдебиеттегі композиция ұғымына жақын(«композицияны» қараңыз), бірақ бұл ұғымдардыңарасындағы айырмашылық олардың сәйкесіншесәулет пен кескіндемеде, яғни өнерде, көркемдікөнердегі, көркемдік өнердегі, көркемдік өнердегі, көркемдік өнердегі, көркемдік өнердегі, көркемдікөнердегі, «композиция» өнеріндегі, «композиция» өнеріндегі, «композиция» өнеріндегі, яғни«композиция» өнерінде болатын сипатынабайланысты оңай белгіленеді. осыдан бұл ұғымдарәдебиетке шартты түрде ауысады. Кескіндемедегікомпозиция (демек, әдебиеттегі қажеттіөзгертулермен) фигураларды бөлу, позициянытаңдау, «драперлер» және т.б.; жалпы алғанда, шығарманы «композициялық» зерттеу олардыңішінен бүтіннің табиғатын белгілеу үшін оныңжеке бөлшектерін зерттеуге дейін қысқарады жәнекерісінше.
57.Драма жанры
Драманың эпостан бірнеше айырмашылық- тары бар:
1) драмада эпосқа қарағанда баяндау мен суреттеу жоқ;
2) ол сахнаға қойылу үшін жазылады;
3) режиссер және актерлер өнерімен бірлікке түсіп, қо-
сымша бейнелеу мүмкіндіктеріне ие болады;
4) драманың әдеби мәтінінде негізгі екпін кейіпкерлер-
дің іс-әрекеттері мен тіліне, диалог пен монологтарға, сюжетке түседі;
5) сахна өнерімен тығыз байланыста болғандықтан дра- мада эпоспен салыстырғанда көркемдік шарттылықтар мол (мы- салы, «төртінші қабырғаны» елестету, «сыртқа» қарап сөйлеу, кейіпкерлердің өз-өзімен оңаша сөйлесуі, сахналық ым-ишарат- тардың молдығы т.б.);
6) қаһарман бейнесі эпостағыдай толық, жан-жақты, бар- лық тәсілдер арқылы суреттелмейді, бірақ оның сөйлеу мәнеріне, тіліне аса мән беріліп, психологиялық салмақ жүктеледі;
7) қаһарманға мінездеме сюжет және оның іс-қимылы, әрекеттері арқылы беріледі.
Драмадағы түйінді нәрсе - қимыл-әрекет, ал әрекет қақты- ғыс нәтижесінде дамиды, сондықтан драмалық туындыны тал- дауды қақтығыстың дамуын айқындаудан бастаған жөн.
Ежелгі гректер шығармашылығында алғаш пайда болған трагедия жанры заман өте келе әр елде кеңінен қанат жайып, өркендеп келеді. Трагедия - сахнаға арналып жазылатын қайғы- лы мазмұндағы, мұңды драмалық шығарма. Онда шиеленіскен, бітіспес қайшылықтары, мол күрделі оқиғалар оған қатысатын адамдардың іс-әрекеті, ымыраға келмейтін талас-тартысы, күресі, диалог пен монологтар арқылы беріледі.
Комедия (латынша сomoеdia - қызықты, көңілді ән) жанры ежелгі грек мәдениетінде Дионисті мадақтау, ұлықтаудан туын- дады. Аристотель «Поэтикада» комедияның тууын құнарлылық- ты мадақтайтын әндерді айтумен байланыстырды. Бізге шығар- маларының үзінділері ғана жеткен ең тұңғыш комедиограф Эпихарм (ҮІ ғ. 2 жартысы мен Ү ғ. 1 жартысы), сицилиялық ко- медияны тудырушы болды. Аттикаға келген жанр өзгерістерге ұшырап, Эпихармда болмаған хор пайда болды. Пролог, хор, белгілі тақырып төңірегінде айтыс-тартыс – агона, қорытынды бөлім сияқты комедияның негізгі белгілері б.э.д бесінші-төртін- ші ғасырларда өмір сүрген Аристофанда дамыған түрде көрінді.
Драма – драматургиядағы жанрлық түр. Трагедиядағы оқиға желісі бас кейіпкер тағдырының қайғысымен аяқталса, ко- медияда сюжет әлеуметтік құбылыстарды сынаған күлкілі оқи- ғаларға негізделеді. Ал драма адамдардың мүдделері арасындағы қақтығыс, тартысқа құрылады. Бірақ қақтығыс сипаты қайғымен, трагедиямен аяқталуы шарт емес. Мысалы: Б.Майлиннің «Май- дан», М.Әуезовтің «Сын сағатта», «Түнгі сарын», Д.Исабековтің «Әпке», О.Бөкеевтің «Құлыным менің», А.Сүлейменовтің «Жетінші палата» т.б. драмалары. Тәуелсіздік жылдарындағы драматургиядағы көркемдік ізденістерді Д.Исабековтің «Актри- са», «Тор» пьесалары, Ә.Кекілбаевтың өлеңмен жазылған «Абы- лай хан» драмасы танытады. Зерттеушілер драманың қаһарман- дық, саяси-әлеуметтік, тарихи-ғұмырнамалық түрлерін ажыра- тады.
Жаһандық әдебиеттің көркемдік тәжірибесінде драма жанрының трагедия мен комедия, драмадан өзге мелодрама, фарс, трагикомедия, мистерия, моралите, миракль, водевиль, мим, феерия, флиаки, оперетта, мандзац, фьяба т.б. түрлері бар.
58.Әдеби процесс. Көркемдік әдістер мен әдеби ағымдар
Әдеби процесс (үдеріс) – әр ұлт әдебиетінің әр түрлі дә- уірлерде түрліше қалыпта даму үрдісі, сонымен қатар әлемнің күллі тарихи кезеңдерінде өмір сүріп келе жатқан әдебиеттің тарихи дамуы, жанды қозғалысы. Термин 1920 жылдардың соңында мәдени контекст аясында көркемдік тұтастық ретінде танылған әдебиеттің тарихи болмысын, эволюциясын сипаттау мақсатында пайда болды. Бұл ұғым 1960 жылдардан бастап ұдайы қолданыста жүр. Тарихи-теориялық талдау әдеби процесс эволюциясының сызық бойымен, бірқалыпты дамымай, тұрақты және өтпелі кезеңдердің диалектикалық тұрғыда ауысып отыр- ғанын көрсетеді.
Әдеби процесс терминімен белгілі бір ел мен дәуірдің әдеби өмірін, сонымен қатар одан да ауқымды, бүкіл әлемдік деңгейдегі көп ғасырлық әдебиеттің даму тарихын белгілейді.