Көркемдік әдіс - әдебиеттану ғылымындағы күрделі әрі өзекті мәселелердің бірі. Әдебиеттің даму бағыттары, көркемдік таным арналары әдіс мәселесімен тығыз ұштасатыны мәлім. Өт- кен күн мұраларын бүгінгі күн биігінен қайта таразылаған тұста көркемдік әдістер, әдеби бағыт пен ағымдар мәселелері жан- жақты талқылауды, терең зерттеуді қажет етеді. Тіпті кеңес қо- ғамы дәріптеген реализмнің мазмұны мен даму мәселесін жаңа- ша зерттеу де қазіргі әдебиеттану ғылымының күн тәртібінде тұр.
Реализм (лат. realis – нағыз, заттай) – әдебиет пен өнерде кең қанат жайған, өмір құбылыстарын бар қалпында, нақтылық сипат-белгілерін сақтай отырып, жинақтап, тұжырым- дап, шыншылдықпен бейнелеуді мақсат ететін көркемдік әдіс.
Романтизм әдеби бағыт ретінде ХҮІІІ ғ. аяғында бірнеше елдерде қатар дамыды. Германиядағы Йена романтиктері, Францияда Шатобриан де Сталь, Англияда «Өзен мектебінің» өкілдерінің эстетикалық манифестері, трактаттары романтизм эстетикасын қалыптастырды.
Әдеби ағым, бағыттар – тарихи категория. Олар қоғамдық жүйенің, тарихи дамудың белгілі бір кезеңінде саяси-әлеуметтік сипатқа байланысты туады да, дамиды, тарих сахнасынан кетеді.
Сентиментализм – әдеби бағыт ретінде Англияда 1720 жылдары дамыды. Ағартушы рационализмге қарсы шықты. Сентименталистер сезімді ақылдан, табиғатты өркениеттен жоғары қойды. Осыдан сентиментализмге терең лиризм тән. Автор мен кейіпкерлердің ішкі әлемін ашуда пейзаж негізгі көркемдік құралдардың бірі ретінде көрінді. Сентиментализмде жетекші жанрлар поэзияда - элегия, лирика, поэма, прозада – роман, драмада мещандық, психологиялық драма, «жылауық ко- медия» үстемдік етті. Бұл бағыттың жетістігі – шығармаларда та- биғатты суреттеуге, жеке тұлғаның ішкі әлеміне, психология- сына, сезімдеріне көп мән беріліп, соның нәтижесінде әдебиет лиризммен байыды.
Экзистенциализм (лат. exsistentia - өмір сүру, болмыс) – нақты болмыстағы жеке тұлғалық адам тірлігіне негізделген фи- лософиялық ілім, өмiрдiң мәнiн мансұқ етушi, құндылықтарды жатсынушы тенденция. Экзистенциализмде болмыстың негізгі модустары - адам жалғыздығы, қорқыныш, ар-ұят азабы, өз ортасын «жатсыну», оны жау көру, күдіктену, өзін оғаш сезіну т.б. Философиядағы иррационалистік бағыт ретінде ХХ ғасыр- дың 20-шы жылдарынан бастап Батыста әдеби процестің да- муына орасан әсер етті.