70.М.Жұмабаевтың «Алыстағы бауырым» аттыөлеңінің тақырыбы мен идеясын айқындау. Мағжан Жұмабаевтың алғашқы өлеңдеріағартушылық сарында жазылды. Ол түсінікті еді. Мағжан өмір сүрген уақыт қаншалықты күрделісаяси, қоғамдық тақырыптарды алға тартқанымен, оның алдындағы Шоқан, Ыбырай, Абайлар бастапкеткен ағартушылық ой-пиғыл бұл кезеңәдебиетінде басымдау жатты
Мағжан ақынның «Алыстағы бауырыма» аттыкөлемді өлеңін оқығанда өмір шындығын − халықбасындағы ауыр халді, ата жаумен ұлттық рух, ұлттық намыс үшін қаһарлана шайқасқан әрбіртүріктің батырлық келбеті адамның көз алдындабәз қалпында тұра қалады. Түбі туыс түрікжұртының азапты өмірді басынан өткізіп жатқанынқазақ даласындағы аталасы − ақын МағжанЖұмабаев жүрегі езіле жырға қосады. Бұлтуындыны қайта оқығанда аяусыз езгінің ең ауырқасіретін алыстағы бауырынан бұрын Мағжанақынның өзі жапырақ жүрегі пәршеленіп тартыптұрғаны байқалады. Шығармада түріктер басынатөнген азапты өмірге сол тектес елдердің ежелгітарихы, ата қонысы қоса өріліп берілген, бұлМағжанның ақындық қуатының алып кеменіаударып тастайтын теңіздің аспанға шапшыған дәутолқынындай ерен жойқын екенін байқатады.
71.Ж.Аймауытовтың «Күнікейдің жазығы» повесіндегі Шекер мен Күнікейдің ауылынакүйеу келгендегі өзара әңгіме-диалогындағыпортреттік детальдар.Портреттік белгілердіңадамың ішкі жан дүниесін танудағы қызметінайқындау. Ж.Аймауытовтың «Күнікейдің жазығы» повесі 1928 жылдың соңында, 1929 жылдың басында«жаңа әдебиет» журналында жарық көрді.
«Күнікейдің жазығы» – өткен ғасыр басындажазылған шығармалардың ішіндегі ең бір қарама-қайшылыққа толы, әлі де пікірталас тудырып кележатқан, психологиялық иірімдері қарапайым кісініқанша талпынса да бойлатпас, бір емес, бірнешеойдың сорабын салар, бір емес, бірнеше сезімніңсүрлеуін көрсетер аса күрделі шығарма.
Бұл шығарманың да негiзгi тақырыбы — әйелтақырыбы. Көшпелi қазақ ауылының феодалдық-патриархалдық тұрмысы жағдайындағы кедейшаруалардың тiршiлiгiн жазушы сол ортаданшыққан қыз тағдыры арқылы бейнелейдi.Ауылдағы ауқаттылар мен әлсiздердiңарақатынасын, қогамдық әдiлетсiздiктiң мүсәпiрадамдарды езiп, рухани тоздырып бара жатқанын суреттейдi. Осындай ортада өскен Күнiкейдiң сол бiр әдiлетсiздiкке қарсы бас көтерiп, өзiнiңадамдық, азаматтық құқын қорғауға ұмтылуы, атастырган күйеуiн менсiнбей, өзi сүйген жiгiтпенқашып кетуi — ескi тәртiпке, ата-баба салтына берiлген үлкен соққы тәрiздi елестейдi. Повесть композициясы, негiзiнен, бiрiне-бiрi жалғасқан үш оқиғаның маңында топтасады. Олар — Ордабай ауылының жаңа жерге көшiп-қонуы, бай қызы Шәмшидiң күйеуiн күту және Күнiкейдiңайттырған күйеуiнiң келуi. Шығарма кейiпкерлерiосы оқиғалар төңiрегiнде кездесiп, характер есебiнде танылады.
Повестегi басқа кейiпкерлер негiзiнен Күнiкейтағдырына қатысты керiнедi. Олардың елеулiлерi— қыз шешесi — Шекер, әкесi — Қүлтума, атастырылған күйеуi — Тұяқ, сүйген жiгiтi — Байман, т. б. Шекер — өз заманының тәп-тәуiрәйелi. Кем-кетiк отбасының оны- мұнысын бiлдiрмей, бiрiне-бiрiн құрастырып, бала-шағасын тәрбиелеп отырған да осы әйел. Қүлтума, Тұяқ бейнелерi — кең жобаланбаған, эскиздiк бейнелер. Олар, негiзiнен, жоқшылықтың, кедейлiктiң, қазақ ауылындағы әлеуметтiк теңсiздiктiң символы сияқты.