68.М.Әуезовтің «Еңлiк-Кебек” трагедиясындағы образдар. Драмалық образдар мен лирикалық образдардың айырмашылықтары, негізгі белгілері. Мына үзіндіде Абыз монологы оның образын ашуда қандай қызмет атқаратынын тұжырымда «Еңлік — Кебек» — Мұхтар Омарханұлы Әуезовтыңтрагедия жанрында жазған шығармасы. Шығарма 1922 жылы жазылды және 1943 жылы жаңа нұсқасымен жарық көрді. Бұл пьесаны жазған кезде Әуезовтың жасы 21-де еді.
«Еңлік–Кебек» пьесасы Әуезов шығармашылығында, қазақ әдебиеті тарихында да айрықша орын алады.
1917 ж. мамыр айында Ойқұдық жайлауында Абайдың аяулы жары Әйгерімнің сегіз қанат үйінде «Еңлік–Кебек» пьесасы қойылды.
Пьесаның негізгі мазмұны: Әуезов туып өскен Абай елінде, Шыңғыстау жерінде XVIII ғасырдың сексенінші жылдарында болған қанды оқиға: бір-біріне жауласқан екі елдің батыры Кебек пен ару қызы Еңліктің бірін-бірі сүйіп табысқандарын екі жақтың да билеушілері кешірмейді. Мұның аяғы үлкен дау, ерегіске әкеліп, жан түршігер шешімге келеді де, екі жасты ат құйрығына байлап сүйретіп өлтіреді.
Автор халықтың аңыздық негізіне сүйене отырып, алғашкы нұсқаларға жаңаша өзгерістер енгізіп, шын мағынасындағы сахналық шығарманы өмірге әкелді. «Еңлік–Кебек» пьесасын автор бірнеше рет өңдеуден өткізіп, толықтырудың арқасында шытырман оқиғасы шыңыраудай терең, тіл көркемдігі керемет шұрайлы нағыз классикалық пьесаға айналды.
Пьеса өзінің өзек жарды сырын толғайтын Абыз монологінен басталады. Абыз бейнесі болашақты болжауды көксеген ел арманынан хабар береді.
Абыз – халық арманының қасиетті идеясын арқалаушы жан. Мысалы, мәтінге үңілсек:
Құйрығы жоқ, жалы жоқ
Құлан қайтіп күн көрер.
Аяғы жоқ, қолы жоқ
Жылан қайтіп күн көрер!
Жазушы Абыздың осы толғауынан белгілі Асан қайғының үніне үн қосып айтқан сөздерімен ұластырады.
Тұнығым ылай болды,
Уа, тұнығым ылай болды.
Қуғыншым кұмай болды
Құтылар кайран жоқ,
Сор қамар сыңай болды… (Асанша )
Алданар жоқ, арман көп.
Кәрім қайтіп күн көрер!
Жарастық жоқ, жалын жоқ,
Жарым қайтіп күн көрер!
Барары жоқ, байлау жоқ,
Ерім қайтіп күн көрер!
Бәріңнің де нәрің жоқ,
Елім кайтіп күн көрер?..
Бүкіл халқының ой-арманын, мұң-шерге толған тағдырын зарлап, күңірене жеткізуі тыңдаушыға ерекше әсер ететіні сондай, Абызбен бірге толғанып, үн қосып күңіренесің. Іштегі шерді сыртқа шығарғың келгендей, жалын атып аһ ұрасың, күрсінесің.
Абыз – имандылықтың насихатшысы, бұл – пьесада халық даналығының символы ретінде көрінеді. Драмада әр кейіпкер сөзі өзін таны деп тұрғандай.