72.М.Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» әңгімесінде ішкі монологтың қызметі. Мағжан Жұмабаевтың өлеңдермен қоса, қара сөзге ден қойып, барынша еңбек ете бастағаны - 1922-1925 жылдар аралығы. Сол уақытта оның әйгілі "Шолпанның күнәсі", "Гүлсім" әңгімелерімен бірге ірілі-ұсақты он шақты мақалалары және "Педагогика" еңбегі жарық көрді. Әңгіменің бас кейіпкері Шолпан - әртүрлі сыртқы жағдайлардың және ішкі толқыныстардың нәтижесінде үнемі өзгеріп, дамып отыратын бейне. Шолпан - қасірет жамылған қайғылы әйел. Өзінің бақыты үшін күнделікті өмірін тәрк етіп, тәуекелге бел байлаған қайсар әйел. Шолпан, Сәрсенбай, Әзімбай араларындағы байланыста реалистік шындық, психологиялық сенім жақсы бейнеленген.
Былай қарағанда Шолпан ішінің өзгеруіне сырт жағдай себепші көрінеді. Әрине, күйеуі Сәрсенбайдың көрші балаларының тәтті қылықтарын күле сөйлеп, ұзақ әңгіме ғып айтуы Шолпанға қатты әсер етеді. Неге? Неліктен оған күйеуінің жайбарақат әңгімесі шаншу болып қадалады? Негізгі мәселе мынада: Шолпан өзінің бақыт туралы бұрынғы түсінігі тайыз, сорақы екенін кенет түсініп опынады. Яғни, өзінің нағыз ішін енді түсінеді»[3,282б].
Мың ойланып, мың толғанып Шолпан барлық себеп Сәрсенбайдан болғанын түсінді. Өйткені Сәрсенбай белсіз еді. «Сөз жоқ, Сәрсенбай – бедеу. Сондықтан бала жоқ. Бала жоқ болған соң мен бақытсыз…мен бақытсыз болғанда Сәрсенбай бақытты ма? Оның жүрегі жанбай ма? Өзінің екі өмірді улаушы екенін ойлап, оның жүрегі жанбай ма? Қартайған күнде өмірді жылататын от – бала оған керегі жоқ па? Сөз жоқ, мен бақытсыз болсам, Сәрсенбай да бақытсыз. Ендеше осы батып бара жатқан өмір кемесін бақыт жарына кім сүйреп шығара алады? – Шолпан. Жалғыз Шолпан. Бір өмір үшін емес, екі өмір үшін Шолпан осыны істеуге міндетті»[6, 100б].
73. М.Мақатаевтың «Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін» өлеңіндегі эпитеттер Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін,
Алынбаған ақым бар сенде менің.
Бұйрат құмдар - бұйығып шөлдегенім,
Бура бұлттар - бусанып терлегенім.
Аспанындай кей сәтте күрсінемін,
Жас талындай жауқазын бүршік едім.
Кең дүние, керемет қалпыңменен,
Жүрек болып кеудеме кірші менің.
Байтақ ел, балауса тау, бозаң далам,
Секілді бәрі менен көз алмаған»
Кең дүние, кенде етсең сыбағамнан,
Шырылдаған сәбидей мазаңды алам.
ЭПИТЕТТЕР: Кең дүние
Бұйрат құм
Бура бұлт
Жауқазын бүршік
Байтақ ел
Балауса тау
Бозаң дала