Әдебиеттегі көркем образ және образдылық мәселесі



бет33/42
Дата27.11.2023
өлшемі206,29 Kb.
#129936
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   42
Байланысты:
жауап теория

Лирикалық образ - сыршыл өлең жырлардағы ақынның өз бейнесі, оның ішкі бітімі; ақынның мың иірім көңіл-күйінен, нәзік сырымен сылқым сезімінен өріліп жасалған өзгеше кейіпкер, оның субъективті көңіл-күйінен, сан иірім сұлу сыры мен сезімі арқылы жасалатын образ; адамның аса терең нәзік ашылатын ішкі сыры, мінез-құлқы, жан-тынысы айрықша әсем айшық табатын образдың түрі.
Драмалық образ - өмірдің өз аясында, сахнада көзбе-көз, қолма-қол жасалатын; тірілермен тірілерше дидарласып, оларды қолма-қол күлдіріп не жылатып, тікелей ықпал жасап, тебірентетін; шиеленіскен тартыстар мен қым-қиғаш қимыл-әрекеттер арқылы жасалатын образ.Образдың жасалу тәсілдерінің әр алуандығы сияқты, оның түрлері де әр алуан. Образдың түрлерін белгілеудің бірнеше (әдістік, тектік, тәсілдік) факторлары бар. Көркемдік әдіс тұрғысынан келгенде, образ екі түрлі романтикалық образ, реалистік образ.
69.Көркем бейне жасаудағы ішкі монологтыңкөркемдік қызметі.Ж.Аймауытовтын «Ақбілек» романында кейіпкерлерінің ішкі руханиәлемін,табиғатын танытудағы ішкі монологтыңрөлі.Романның «Мұқаш» деген тарауындағыкейіпкер портреті.
Көркем прозадағы бейнелеу тәсілдердің бірі – ішкімонолог (кейіпкердің ішінен айтылатын сөз, іштейсөйлесу, өзіңмен – өзіңнің сырласуың, өзіңді –өзіңіштей саралау) көрінісі жан – жақтықарастырылып, арнайы зерттеу обьектісіне айналақойған жоқ. Ал, ішкі монологсыз күрделі де көркемдік дәрежесі биік, нағыз танымдытуындының дүниеге келуі мүмкін емес.
Ақбілек — Жүсіпбек Аймауытовтың қаламынантуған психологиялық роман. Роман тұңғыш рет1927 жылы «Әйел теңдігі» журналындажарияланды.Романның алғашқы беттерінен–ақ ішкімонологтың көркемдік қызметі, оның әдебиеттегіатқарар ролі айқын көрінеді. Мәселен, жазушыкейіпкерлерінің ішкі рухани әлемін, жан дүниеқалтарысын, жалпы табиғатын танып алу үшін ішкімонологқа көп жүгінеді. «Ақбілек», «Бекболат», «Офицер», «Мұқаш» деп жеке-жеке тарау етіпалады да, басты деген үш кейіпкердің портретіненбастап, ішкі ой-сезімдеріне дейін дәстүрлі, қарапайым монолог арқылы барлау жасайды. Кейіпкерлердің ауыздарына сөз сала отырып, образ табиғатын, олардың іс-әрекеттеріне түрткі болғанішкі ой-толғаныстарын, құпия сырларын бүкпесізашады. Енді автордың ішкі монологты беру тәсіліне назар аударып көрейік: «Қараторы, орта бойлы қошқар тұмсық, түлкі мұрт, шүңірек көзжігітпін. Жасым жиырманың жетеуіне шығып тұр. Атым – Бекболат. Басымда барқытпен тыстағанелтірі жекей тымақ, үстімде орысшалау педжак, шалбар...»[1.151б.].
Портрет – кейіпкер жан дүниесінің айнасы.
Жазушы портретті тек сипаттау үшін, сырт бейненікөрсету үшін емес, кейіпкердің ішкі жан дүниесінашу үшін пайдаланады. Көркем портрет соған«көмектеседі». «Ай далада аттарын тұсап жіберіп, кітап оқудың қызығына түскен Қартқожабейнесінде жазушы кейіпкерін тағы бір қырынанкөрсетеді... Қартқожа сайын далада киімін шешіп, жайрап, көйлекшең, жалаң бас, көк шөпке бауырынтөсеп, күнге қарап, қошқыл маңдайының тері шып-шып шығып, кітабын оқып жатыр. Оның кітапқаынталанғаны сонша, жан-жағына қарамайды, анда-санда мұрнын да тартып қояды, демін де білдірмейалады... ауылын да, басқа дүниені де ұмытқан. Оқыған сайын ажарланады, бет-аузы балбырап, иегін созып, көзін қадап, қағазды жеп қоятынтәрізді...» Оқуды арман етіп, сол мақсатын естен еш уақытта шығармайтын адал, ақ жүрекҚартқожаның жан дүниесі сондай сезімді бірқазыққы байланғандай, үмітін үзбей «оқимын» дептағы да түйіндейді. 
Мұқаш портреті:«Мен таңқы мұрын, бадырақ көз, шұнақ құлақтау, жар қабақтау, кірпі шаш, қырысмаңдай, қара сұр жігітпін. Жасым отыз бесте. ӘкемТойбазар, өзім Мұқаш болғалы, аузым асқа, ауыматқа жарыған емес» [9, 153 б.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет