Әдебиеттегі көркем образ және образдылық мәселесі



бет11/42
Дата27.11.2023
өлшемі206,29 Kb.
#129936
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   42
18. Сентиментализм
Сентиментализм – әдеби бағыт ретінде Англияда 1720 жылдары дамыды. Ағартушы рационализмге қарсы шықты. Сентименталистер сезімді ақылдан, табиғатты өркениеттен жоғары қойды. Осыдан сентиментализмге терең лиризм тән. Автор мен кейіпкерлердің ішкі әлемін ашуда пейзаж негізгі көркемдік құралдардың бірі ретінде көрінді. Сентиментализмде жетекші жанрлар поэзияда - элегия, лирика, поэма, прозада – роман, драмада мещандық, психологиялық драма, «жылауық ко-медия» үстемдік етті. Бұл бағыттың жетістігі – шығармаларда та-биғатты суреттеуге, жеке тұлғаның ішкі әлеміне, психология-сына, сезімдеріне көп мән беріліп, соның нәтижесінде әдебиет лиризммен байыды.
Поэзия жанрында сентиментализмнің негізін салған - Джеймс Томсон (1710- 1748). Томсон - ақ өлеңмен жазылған «Жыл мезгілдері» поэмасының авторы. Сонымен қатар сенти-менталистік поэзияның өкілдері - Эдуард Юнгтің, Томас Грейдің, прозада – Лоренс Стерннің есімдерін атауға болады.
Лоренс Стерн (1713-1768) – ағылшын және еуропалық сентиментализмнің өкілі, «Сентименталдық саяхат», «Джентельмен Тристрам Шендидің өмірі мен пікірлері», «Франция мен Италияға сентименталдық саяхат» шығармалары-ның авторы. «Франция мен Италияға сентименталдық саяхат» (1768) жиһанкез Йориктің атынан баяндалады. Л.Стерн жол жазбаларында күнделік сияқты суреттеудің жаңа тәсілін жасайды: өмірдіңобъективті жағы ғана сипатталмай, оған кейіпкердің субъективті көзқарасы, сезім күйлері, сапардан алған әсері жазушының өзіне тән юмормен егжей-тегжей, тізіле суреттеледі. Л.Стерн - әлем әдебиетіне аса зор әсер еткен ағылшын жазушы-ларының бірі.
Ресейдегі сентиментализм бағытын ұстанған Жуковский, Карамзин шығармаларында қарапайым адамдардың көңіл-күйі, қуанышы мен мұң-қайғысы, яғни күнделікті тыныс-тіршілігі бейнеленеді.
19. Қазақ әдебиеті теориясының қалыптасу тарихы
Қазақ әдебиеті теориясының қалыптасуына А.Байтұрсынұлы, М.Әуезов, С.Мұқанов,Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаев, А.Нұрқатов,Қ.Жұмалиев, Т.Нұртазин, Б.Шалабаев, Ә.Тәжiбаев, Б.Наурызбаев, М.Дүйсенов, Ә.Шәрiпов, З.Қабдолов, Ә.Нарымбетов, З.Ахметов зор үлес қосты. Қазiргi әдеби процесс мәселелерін, жеке қаламгерлер шығармашылығын, жанр, стиль, әдеби әдіс проблемаларын терең талдауға арналған Ш.Елеукенов, Ж.Ысмағұлов, С.Қирабаев, Р.Нұрғалиев, М.Базарбаев, Р.Бердiбаев, Т.Кәкiшев, Б.Ыбырайым, Б.Майтанов, Ж.Дәдебаев, А.Жақсылықов, А.Iсiмақова, Т.Есембеков, Г.Пірәлиева сынды ғалымдардың еңбектері қазақ әдебиеттану ғылымын жаңа бір белеске көтерді.
А.Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқышы» қазақ әдебиеттануындағы алғашқы әдебиет теориясы оқулығы болса да, ғалым теориялық толғамдарды ұлттық танымға сүйене отырып талдады. Уақыттың өзі дәлелдеп бергеніндей, «Әдебиет танытқыш» еңбегі әлемдік теориялық ойдың биігінен көрінеді. Ал Е.Ысмайыловтың «Әдебиет теориясының негіздері», Қ.Жұмалиевтің «Әдебиет теориясы» еңбектері жас ұрпақты сөз өнерінің ерекшеліктерімен сусындатып, әдебиет туралы таным-түсінікті қалыптастыруға үлкен үлес қосты.
Әдебиет сүйер қауымның эстетикалық талғамын тәрбиелеуде З.Қабдоловтың «Сөз өнері» атты зерттеу кітабының атқарған ролі зор. Ұзақ жылдар бойы студенттердің қолынан түспей жүрген кітапта әдебиеттің теориялық мәселелері қасаң қағида түрінде ұсынылмай, суреткердің шеберлік мәселесімен, әдеби шығармашылық психологиясымен сабақтастықта қарастырылған. Сонымен бірге бұл зерттеудің шығармашылық өнердің қырсыры, нәзік иірімдері мен құпия қалтарысы туралы сыр толғайды, теориялық мәселелерді қазақ әдебиетінің мысалдары негізінде терең талдайды. Кітап «Әдебиеттануға кіріспе» пәнін оқытудың жақсы дәстүрін қалыптастыруға мұрындық болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет