Әдебиеттегі көркем образ және образдылық мәселесі


Модернизм. Модернизмнің қазақ әдебиетінде даму ерекшелігі. Қазақ



бет31/42
Дата27.11.2023
өлшемі206,29 Kb.
#129936
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   42
Байланысты:
жауап теория

67.Модернизм. Модернизмнің қазақ әдебиетінде даму ерекшелігі. Қазақ 
әдебиетінде модернистік рухта жазылған шығармалар
Модернизм (итал. modernismo, лат. modernus – жаңа, қазіргі) – XX ғасыр басында рухани сана дағдарысы кезінде пайда болған философиялық-эстетикалық ағымдардың жиынтық атауы.
Модернизм қаламгерлердің әлемдік соғысқа, адамзат дамуындағы дағдарыстарға көзқарасын білдірді. Модернизм авангардтық және декаденттік сатылардан өткенімен, олардан айырмашылығы болды.
Модернизм ықпалы қазақ әдебиетінде де байқалды. Онда адам табиғатының трагедиялығы, болмыстың адам тіршілігімен үйлесе бермейтін қайшылығы, қатыгездігі жайлы ойлар айтылды. М.Әуезов әңгімелерінде, Ш.Құдайбердіұлы, Ж.Аймауытов шығармаларында трагедиялық бейнелер бой көрсетті. Адамның өмірдегі панасыздығын, қорғансыздығын меңзейтін, табиғатты жатсынуын бейнелейтін шығармалар 1960 – 1980 жылдары қазақ әдебиетінде көбірек кездесті. Мысалы, Ә.Кекілбаевтың “Шыңырау”, “Аңыздың ақыры”, Д.Исабековтың “Сүйекші”, “Тіршілік”, О.Бөкейдің “Мұзтау”, “Жетім ботасы”, т.б. шығармалар.
Модернизмнің қарқынды дамуы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі адамдардың психологиялық ахуалы, ішкі күйінің сұмдық өз­геруі­мен байланысты екенін ескерер болсақ, қазақ модернистік прозасының негізі қалануына КСРО-ның күйреп, тоқсаныншы жылдардағы тоқырау мен ой еркіндігі әсер етті. Тағы, қалай болғанда да жаңаша жазғысы келетін қазақ қаламгерлеріне ғана емес, жалпы Жаһан жазармандарына Батыс Еуропа әдебиетінің ықпалы өте күшті болғаны белгілі. Белгілі бір ағымның әдеби кеңістікке еркін еніп кетуі заңдылық. Заңдылық бола тұра жаһандану сияқты бақылауға, басқаруға келмейтін табиғи түрде дамитын тенденция. Ол үрдісті ешкім тоқтата алмайды. 
Қаламгер өмірдегі талас-тартыс, адами қарым-қатынасты шығармада толық және жанды етіп суреттейді. Реализмнің толысқан тұсы ХІХ ғасырға тән. Қай елде болсын реализм әдісінің ХІХ ғасырда дамуы жайдан-жай емес. «Сөз өнері» тірі ағза секілді болғандықтан ол жан-жағына бажайлап қарап, жаман мен жақсыға қарайды, салыстырады, бой теңестіреді, озсам, алда болсам, шеберлігімді шыңдай түссем деген мақсат-мұрат қояды. Жазушы мұраты – оқырманға эстетикалық ләззат сыйлау. Сон­дықтан қазақ прозасының жанр­лық, стильдік, формалық, тақы­рып­тық жағынан түрленуі заң­­­ды­­лық деп ойлаймыз. Зертте­ші Б.А.Ахундов: «XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы шұғыл әлеуметтік қадамдар шындықтың тек эпикалық кең картинасын ғана емес, өзгермелі дәуірдің эмоционалдық атмосферасын бере алатын лирикалық баяндауларды да қажетсінеді», – деген болатын. Бұдан шығатын қорытынды, Әде­биет әркез даму үшін ол замана талап-тілегіне сай болуы қажет. Бірақ ең басты критерий – көркемдік. Себебі, көркемдік те «ағымның» бір түрі…


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет