Танысу үшін оқу және сканерлеу әдісі
Танысу үшін оқу және сканерлеу тәсілі бойынша мәтіннің негізгі идеясын, стилі мен құрылымын анықтау үшін, мәтінді тез көз жүгіртіп оқып шығуды көздейді. Бұл тәсілді болжамдарды дәлелдеу үшін пайдалануға болады.
Мысалы: Мәтінді оқырдың алдында оқушылар өздерінің қандай негізгі ақпарат іздейтіндерін анықтап алулары керек.
«Өз миыңды сал» әдісі
«Өз миыңды сал» әдісі. Оқушыларға мидың суреті салынған қағаздар беріледі де, оқушылар сабақ кезінде меңгерген білімдерін білдіретін сөздермен мидың ішін толтырады. Қағаздарын сынып қабырғасына іледі.
«Бұлт үстіндегі саяхат» әдісі
Нұсқау: көздеріңді жауып, ыңғайлы отырыңдар. Екі-үш рет терең демалыңдар. Мен сендерді бұлт үстімен саяхатқа шақырмақшымын. Томпақ жастықтардан құралған жұмсақ тауға ұқсаған аппақ мамық бұлт үстіне секіріңдер. Аяқтарың, арқаларың, барлық денең осы үлкен бұлт жастыққа ыңғайлы орналасқанын сезініңдер. Саяхат басталады. Бұлт жайлап, көк аспанға көтеріледі. Самал жел беттеріңнен сипайды. Биік аспанда мүлгіген тыныштық орнаған. Бұлт сендерді өздеріңді бақытты сезінетін жерге жеткізеді. Бұл жерде сендер өздеріңді байсалды сезінесіңдер. Осы жерде ғажайып және таңғаларлық оқиға орын алуы мүмкін....(30 секунд). Енді сендер тағы да бұлт үстіндесіңдер. Ол сендерді қайтадан сынып ішіне әкеле жатыр. Бұлттан түсіп, оған рақмет айтыңдар... Бұлт ақырындап ауада ери бастайды. Қолдарыңды созып, көздеріңді ашыңдар, сендер сергек, ширақ, зейіндісіңдер! (Музыка қою ұсынылады)
Достарыңызбен бөлісу: |