SWOT-талдау ситуациялық талдау нәтижесінде алынған деректер сабақтың мақсаттары мен міндеттерін дамытудың негізгі элементтері болып табылады.СВОТ (ағылшынның SWOT – strength – күш, қуат, weak – әлсіздік, opportunіty – мүмкіндік, threat – қатер) әдісі негізгі сөздерін сабақтың мақсатына қарай өзгертуге болады.
«Суреттер сөйлейді» әдісі
«Суреттер сөйлейді» әдісі бойынша оқулықтағы суретті мұқият зерттей отырып, оны сипаттайды. Олардың идеяларын ынталандыру үшін сұрақтар пайдалануға болады.
«Суретті мультфильм» әдісі
«Суретті мультфильм» әдісі бойынша мәтін мазмұнын бөлімдерге бөліп, әр топ өзіне берілген бөлім мазмұнын ашатындай 1 сурет салады. Салынған суреттерді ретімен орналастырып, мультфильм құрастырады. Сынып қабырғасына ілінген суреттер бойынша мәтін мазмұны ретімен баяндалып, төмендегі сұрақтарға жауап береді.
«Баяндама» әдісі
«Баяндама» әдісі бойыншамұғалім топқа мақалды оқуды, соңынан оның мазмұнын сурет, сызба түрінде беруді ұсынады. Бұл «шпаргалканы» оқушы оң жағындағы көрші тобына береді. Енді әрқайсысы өз көршісінің суреттерін не сызбаларын қолдана отырып, осы мақал бойынша шәкірттің сипатына «баяндама» жасайды. «Баяндама» мазмұнын неғұрлым кең ашып, оны қорғап, ең жақсы өрнекті ұсынған оқушы жеңімпаз болады.
Достарыңызбен бөлісу: |