«Көрме» әдісі
Өлең мазмұнына сәйкес суретті сипаттау«Көрме» әдісі бойынша жүргізіледі. Әр топ өздеріне берілген өлең мазмұнына сай постер құрастырады. Ол сурет немесе тірек-сызба көрінісінде болуы мүмкін. Осы бойынша көрші топ көрме барысында өзге топтың өлеңінің мазмұнын қаншалықты түсінгенін баяндайды. Содан кейін әр топ өздеріне берілген өлеңді мәнерлеп оқып, мағынасын ашады.
«Құлақ сал» әдісі
Бұл әдісте оқушылардың тыңдалым дағдысын дамыта отырып, интонация арқылы бір-біріне мағлұмат беру.
«Аквариум» әдісі
«Аквариум» әдісі – балаларға мәселені «қоғам алдында» талқылауға ұсынылған диалог формасы. Шағын топ белгілі бір мәселе бойынша диалогті жүргізуге кімге сеніп тапсыруға болатынын таңдайды. Қалған оқушылар көрермен болады.
Берілген сұрақтарды басшылыққа ала отырып, ортаға шыққан әр топ диалог арқылы көрініс көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |