Үй тапсырмасын «Галереяны шарлау» әдісі бойынша тексеріп, бір-біріне пікір айтқызу.
«Талқыла» айдары
(Т) «Сөз-Сөйлем» әдісі (Оқулықтағы сұрақ басшылыққа алынады).
Оқушыларға жердің сурет бойынша сезімін білдіретін сөздерді атау ұсынылады. Айтылған сөздер тақтаға жазылады. Топтар бірлесе отырып, осы сөздерді қатыстырып белгіленген уақыт ішінде сөйлемдер құрастырып айтады. Топтағы ең үздік сөйлемдер тақтаға жазылады.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлауға болады.
Дескрипторы:
Сезімді білдіретін сөздерді атайды.
Сол сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрастырады.
ҚБ: «Ду қол шапалақ»әдісі
Мұғалім: Жерді қалай сақтауға болды?
Жіп, қысқыш
Ортасы
Мағынаны тану
«Түсініп оқы» айдары
(Т) «Джигсо» әдісі. Мәтін төрт бөлікке бөлінеді, оқушылар да төрт адамдық шағын топтарға бөлініп («бастапқы топ»), 1-ден 4-ке дейін нөмірленеді. Осыдан кейін олардың әрқайсысы өз нөміріне сәйкес мәтіннің бір бөлігін ғана оқиды. Содан кейін
нөмірлері сарапшылар тобына жинақталады. Сол топта талқылау жүреді. Жанұя бастапқы топтарына барып, өз бөлімдеріне таныстырылым жасайды.
Қарсылас топқа «Бір айналым» әдісі бойынша сұрақтар топтамасын құрастырады. Мысалы:
«Жер» ғаламшарының басты мәселесі туралы мәтінде не айтылған?
Барлық оқушылар өзіне тиісті мәтінді жауапкершілікпен оқиды, талдауға қатысу арқылы таныстырылым жасайды. Көпшілігі өзінің де, өзгенің де бөліктерін түсініп, сұрақтар топтамасына қатысады. Кейбірі тапсырманың топта жылдам орындалуына әрекет жасайды.