Шығарма мазмұнына түрлі баяндау тәсілдерін қолданады.
Тақырыпқа қатысты теңеу, эпитет, әсірелеуді таба алады.
Құндылықтарды дарыту
Әлеуметтік жауапкершілік және жанашыр болу
Пәнаралық байланыстар
Қазақ тілі, Дүниетану
АКТ қолдану дағдылары
Интербелсенді тақта
Алдыңғы оқу/ Бастапқы
білім
Ғарыш туралы білімдері бар
Жоспар
Жоспарланған
уақыт
Жоспарланғанжаттығулар
Ресурс-
тар
Басталуы
Қызығушылықты ояту
Үй тапсырмасын тексеру: Мәтін мазмұны бойынша сурет сал.
«Пікіріңді айт» айдары
Мына пікірлерге сенесіңдер ме?
Менің салмағым жоқ.
Су тамшылары жерге емес, жоғары қарай ұшып, төбеге жабысып қалады.
Қалпағым басымнан ұшып кете береді. Адам қалай осындай күйге түседі?
ҚБ: «Басбармақ» әдісі
Балалардың сұраққа жауаптарын мұқият тыңдап болған соң сабақ тақырыбы мен күтілетін нәтиже анықталады.
Оқулық
Ортасы
Мағынаны тану
«Түсініп оқы» айдары
Мәтінді «Түртіп алу» әдісімен оқытып, оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік беру
ҚБ: «Ду қол шапалақ»
«Жаңа сөздер сандығы» әдісі бойынша оқушылардың мәтін бойынша түсінбеген сөздерінің мағынасын топ ішінде талдап,
Арнайы кесте
«V» Білемін
«–» Ойым бөлек
«+» Жаңа
ақпарат
«?» Білгім
келеді
түсініктеме жасауларына ықпал ету.
К.Э. Циолковский – ғарышты игерудің негізін салушы ғалым. Жердегілер – бұл жерде: ұшуды басқару орталығы.
«Құрастыр» айдары
Сен де салмақсыздық жағдайын басыңнан өткізгендей, ғарышкердің рөліне ен. «Айтыңдаршы, сол тұста мен қандай болдым?» дегеннен кейінгі абзацқа жағдаяттар қосып, оқиғаны өзіңше өрбітіп баяндап көр. мысалы, бетімді жуа беріп едім, ...
Саралау
Барлық оқушылар сұраққа жауап беруге қатысады. Көпшілігі мәтін мазмұнының таңдаған бөлімін үшінші жақтан (ол) әңгімелейді. Кейбір оқушы дұрыс жауабын мәтіннен мысал келтіріп айта алады.
Тиімділігі: оқушылардың шығаршылық қабілеттері дамиды.
ҚБ: «Басбармақ» әдісі
Оқулық
Аяқталуы
Рефлексия
«Қорытындыла» айдары
– Мәтіннен сен үшін не Қ Қ Қ (қызық, қиын, қажет) болды?
Үй тапсырмасы: Ғарыштағы салмақсыздық туралы ғарышкерге қандай сұрақ қояр едің
Арнайы парақтар
Қосымша ақпарат
Саралау. Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?
Диалог және қолдау еөрсету: Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек қажет болады.
Бағалау. Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Бағалау парақтары, «Оң көрші» әдісі
Сабақ бойынша рефлексияСабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен сабақ жоспарымды орындап үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және
неліктен?
Мектеп:
83-сабақ. Ғарыш жолы жалғасады.
Күні
Мұғалімнің есімі
Сынып
Қатысқандар саны
Қатыспағандар
саны
Сабаққа негізделген оқу мақсаты
4.2.6.1 Кейіпкердің, кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, салыстырып бағалау
4.2.9.1 Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты табу, өңдеу
және тұжырым жасау, себеп-салдарлық байланысын сызба
түрінде көрсету
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар: Шығарманы мәнерлеп, түсініп оқып, тақырыпқа сай ақпарат жинақтай алады.
Оқушылардың басым бөлігі: Кейіпкерлерге мінездеме бере алады.
Кейбір оқушылар: Топпен жұмыс барысында көшбасшылық
қабілетін көрсете алады.
Бағалау критерийлері:
Оқушылар мәтінді дауыстап оқиды.
Тақырыпқа сай ақпарат жинақтайды. Кейіпкерлерге мінездеме береді.
Құндылықтарды дарыту
Жауапкершілік, белсенді азаматтық ұстаным таныту және өз
елінің дамуына үлес қосу
Пәнаралық байланыстар
Қазақ тілі, Дүниетану
АКТ қолдану дағдылары
Таныстырылым жасауда пайдаланады
Алдыңғы оқу/ Бастапқы
білім
Қазақ ұшқыштары туралы біледі
Жоспар
Жоспарланған
уақыт
Жоспарланғанжаттығулар
Ресурстар
Басталуы
Қызығушылықты ояту
Үй тапсырмасын тексеру: Ғарыштағы салмақсыздық туралы ғарышкерге қандай сұрақ қояр едің
Сабақ тақырыбы мен күтілетін нәтижені оқушылар
болжайды.
Ортасы
Мағынаны тану
«Оқы, қызық!» айдары
Мұғалім: Балалар, біз қазақ ғарышкерлері туралы не білеміз? (Оқушы жаубын тыңдау, толықтыру)
Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров 1946 жылы Қарағанды облысы Бірінші Май ауылында туған. 1991 жылы 2 қазанда
«Союз ТМ–13» кемесімен ғарышқа ұшқан тұңғыш қазақ ғарышкері. Ғарышта 7 күн 22 сағат 13 минут болды.
Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев 1951 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы ауылында дүниеге келген. Ол – 1994, 1998, 2001 жылдары ғарышқа үш рет ұшқан, бірнеше рет ашық ғарыш кеңістігіне шыққан.
Айдын Айымбетов 1972 жылы Алматы облысы Талдықорған қаласында дүниеге келген. Ол 2015 жылы ғарышқа ұшты. Оның ұшу ұзақтығы 9 күн 20 сағат 13 минут болды.
Ширату
«Менің арманым» ойсергегі арқылы бастауға болады.
1-қадам: Шеңбер сызып ортасына арманын жазу
2-қадам: Сол арманға жету жолын көрсету
3-қадам: Арманының маңыздылығын жазу
4-қадам: Мәтін кейіпкерінің арманымен салыстыру (мәтінмен жұмыс жүргізіліп болған соң жүргізіледі).