Рефлексия
«Атаулар туралы үш сұрақ». Мұғалім сабақ басында немесе соңында жаңа тақырып бойынша терминді тақтаға жазып, оқушыларға осы атауға қатысты мынандай сұрақтарға жазбаша жауап беруді тапсырады:
Қайда? Бұл терминдерді сіз бұрынырақта қайда және қандай мағынада кездестіріп едіңіз?
Қалай? Өз тәжірибеңізбен осы атауларды қолданудың мысалдарын келтіре аласыз ба?
Қандай? Осы сабақта бұл атаулар қандай қолданыста болады деп ойлайсыз?
Әдеттегідей бұл жұмысты оқушылардың жеке, жұппен (шағын топ ішінде) ауызша немесе жазбаша орындауы ықтимал. Содан кейін мұғалім бірнеше оқушының пікірін тыңдайды.
Мұғалімнің сұрақтарды шығармашылық тұрғысынан әр сабақта тақырыпқа байланысты өзгертіп отыруы тиімді.
Дескриптор:
-Сұрақтарға жауап береді.
-Бір-бірінің пікірін тыңдайды.
|