Барлық оқушылар: Мәтін мазмұнына жаңа сюжеттер қосып, өзгертіп, ІІІ жақта баяндайды. Түрлі дереккөздерден қажетті ақпараттар тауып, талдайды. Сөйлем құрылысындағы қателерді табады.
Оқушылардың басым бөлігі:Мәтіндегі мәліметтерді талдап оқиды.
«Еркін жазу» әдісі бойынша жүзеге асады. «Шөл деген не? Шөл далаға барған «ғалым бала» нені білгісі келеді?» деген сұраққа жауап жаздыруға болады. Оқушылар 5 минут тоқтамай жазу керек. Қате туралы мүлде ойламасын. Ойларына не келсе, сол ойды өрбітіп жаза беруге болады:
Шөл – ауа температурасықұбылмалы, жауын-шашын өте аз түсетін климат жағдайында қалыптасатын ландшафтың, яғни жердің кедір-бұдырының бір түрі.
Шөл – организмде су азайған кезде немесе судың және қандағы минералдық, сондай-ақ органикалық заттардың қалыпты арақатынасы өзгерген кезде дамитын физиологиялық сезім. т.с.с. Оқушылар жазғандарын топ ішінде оқып, ой бөліседі.