(Т) «Туған жер» бейнебаянын тамашалап, туған жердің басқа жақтан артықшылығы туралы айтады.
(Т) «Бағала» айдары бойынша:
а) «Ханның әрекетіне қарап, оны қандай адам деп ойлайсың? Сен үшін ≪Не қымбат?≫ деген пікірдің ең бастылары қайсысы?» деген сұрақтар арқылы ханның әрекетіне баға береді. Не қымбат деп есептейтіндерін топта тізіп айтады. Сол пікірдің ішінен ең басты деп есептейтіндерін белгілейді. Әр топтың пікіріне баға береді.
Дескрипторы:Сұрақтарға белсенді жауап береді.
ҚБ: Мұғалімнің қолдау сөздері арқылы жүзеге асады.
Аяқталуы
Ойтолғаныс
(МК) «Не қымбат?» деген бастапқы пікіріңнен не өзгерді? – деген сұрақ төңірегінде ойланып, соңғы ойларын да қағаз бетіне түсіреді.
Дескрипторы: Өз пікірін дәлелдермен негіздейді.
ҚБ: «Оң көрші» әдісі арқылы жұптық бағалау жүзеге асады.
Рефлексия. Сөйлемді толықтыр: Маған ... ұнады.
Мені ... таңғалдырды. Мен ... болғым келеді.
Үй тапсырмасы: Ертегі мазмұны бойынша жоспар құрап жаз.