ТҰЛҒА
бейсенбі, 21 сәуір,
2016 жыл
10
Жетісу
университеті
Gazeta.zhgu@mail.ru
ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВ - 150 ЖЫЛ
Ешкімнің Әлиханға бар ма сөзі,
Демейді қандай қазақ оны оң көзі.
Семей тұрсын, жеті облыс -
бар қазақтан,
Талассыз жеке-дара тұр ғой өзі...
С.Торайғыров.
Алаш кµсемі
Байырғы Семей облысындағы Қарқаралы
уезінің
Тоқырауын
болысы,
қазіргі
Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында
дүние есігін ашқан Әлихан атамыздың өмірге
деген құштарлығы ерте оянады. Зерделі
бала молдадан оқығанан гөрі жаңаша
білім алуды көздеп, алдымен үш кластық
бастауыш мектепті, одан кейін Қарқаралы
қаласының үш жылдық училищесіне түсіп,
оны да «өте жақсы» деген бағамен бітіріп
шығады. Осыдан кейін Омбы техникалық
училищесінде төрт жыл бойы үздік оқыған
алғыр шәкірт жиырма жасында Дала гене-
рал губернатор кеңсесінің ұсыныс хаты мен
қазақ қауымдастығының 200 сом стипенди-
ясын алып, Ресейдің астанасы Санкт Петер-
бургке барып, Орман шаруашылығы инсти-
тутында білімін жалғастырады.
Институт болашақ саясаткердің келешекті
бағдарлауына үлкен жол ашты. Студенттер-
мен бірге саяси, әдеби, экономикалық және
тағы басқа үйірмелердің жұмысына қызу
араласып, білімгерлердің толқуларына
қатысады. Бұл бас көтерулерді көру екі
ғасырға жуық Ресей империясының
қол астында отырған халқының ауыр
тағдыры туралы толғануына жол ашады.
Қараңғылық пен надандықтың шырмауында
отырған халқына білім мен мәдениет керек
екенін ұғады, елдің тұрмысын, өркениетін,
сауаттылығын көтеруді өзінің алдына
мақсат етіп қояды.
Оқуын
бітіріп,
Омбыға
оралғанда
Ә. Бөкейханов Ресей империясының қазақ
даласына жүргізген отаршылдық саясаты-
на деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан,
марксизмнің капиталистік қоғамның қанау
тетіктерін ашып берген экономикалық
қағидаларымен қаруланған, саяси астыр-
тын күрестің түрлері мен әдістерін үйренген,
өмірден жинаған біршама тәжірибесі бар са-
яси күрескер дәрежесіне көтерілді. Омбыға
келісімен қаланың саяси әлеуметтік,
қоғамдық жұмысына белсене араласа-
ды. «Халық бостандығы» партиясының
қатарына өтіп, өзі қазақ зиялылары мен
саяси белсенділерінің арасында осы
партияның шағын тобын ұйымдастырады.
Саяси көзқарасының пісіп, жетілуіне, кейін
белгілі саяси, қоғам, мемлекет қайраткері
әрі қазақ ұлт-азаттық қозғалысының
ұйымдастырушысы және көсемі ретінде
танылуына, саяси күрескер ретінде
шыңдалуына Омбыдағы күндері ерекше
ықпал етеді.
XX ғасырдың басында қазақ даласында
екі ағымның болғаны белгілі. Бірі Бұхара
мен Түркістанға бет бұрған дәстүршіл, па-
нисламшыл ағым, екіншісі Батыс өркениетін
үлгі тұтқан жаңашыл, пантүркішіл ағым. Осы
екінші ағымның басында Әлихан атамыз
бастаған орыс мектептерінен тәлім-тәрбие
алған озық ойлы қазақ зиялылары тұрды.
Дегенмен, бұл топ саяси ұстамдылық та-
нытып, Ресей империясына қарсы ашық
күреске шығудың әлі ерте екендігін жақсы
түсінді. Ең алдымен, халықтың сана сезімін
оятатын жағдай жасау керек деп білді. Бар
күш-қуаттарын осы мақсатқа жұмылдырады.
Бірақ олардың ойдағыдай жұмыс істеуіне
жандармерия басқармасының жансыздары
мүмкіндік бермейді. Солардың көрсетуімен
қуғынға түседі, түрмеге қамалады. Бұдан
студент кезінде сенімсіздердің қара тізіміне
ілігіп, бақылауда жүрген Әлихан да тыс
қалған жоқ, алдымен, Семей түрмесіне
қамалып, кейін Самар қаласына жер ау-
дарылады. 1916 жылы жер аудару мерзімі
бітіп, Орынборға келген Әлихан бірден
қаланың қоғамдық, саяси өміріне арала-
сып кетеді. Қаланың қазақ тұрғындары
атынан қалалық Думаға сайланады. Ол
Ақпан төңкерісінен үлкен үміт күтеді. Бірақ
ол үміті ақталмайды. Уақытша үкімет,
оның ішінде өзі мүшесі болып жүрген Кадет
партиясының көсемдері қазаққа автономия
беруге қарсы болады. Оның үстіне олар-
мен жер мәселесі жөнінде де ымыраға келе
алмайды да, партиядан шығып, қазақтан
сайланған тоғыз өкілді бастап барып, Томск
қаласында өткен Сібір автономиясының
құрылтайына қатысады. Болашақ Сібір
республикасының құрамында Қазақ авто-
номиясы құрылмақ болады. Құрылтайдан
оралысымен Әлихан қазақ тарихындағы
тұңғыш саяси ұйым Алаш партиясын
ұйымдастыруға кіріседі. Артынша, 1917
жылдың желтоқсанында бүкіл қазақтардың
құрылтайында Қазақ автономиясы жария-
ланып, Ә.Бөкейханов сол алғашқы Қазақ
автономиялық республикасының тұңғыш
төрағасы болып сайланады.
Бірақ көп ұзамай жеңіске жеткен больше-
виктер Қазақ автономиясының жұмысын
тоқтатып, басшыларын қуғынға салады.
Ә.Бөкейханов Мәскеуге жер аударыла-
ды. Онда он жыл үй қамауында отыра-
ды. Бүкіл мағыналы өмірін халқының
азаттық алып, еркін ел болуына арнаған
аяулы азаматтың соңғы демі біткенше, сол
мақсат жолында жасаған қызметі орасан
үлкен. Ол Ресей жергілікті және қалалық
қоғам қайраткерлері съезінің делегаты,
Ресейдің I Мемлекеттік Думасының және
Мұсылман халықтары съезінің депутаты,
IV Мемлекеттік Думаның мұсылмандар
фракциясының Бюро мүшесі, ғұлама ғалым,
экономист, мал шаруашылығын зерттеуді
ғылыми жолға қоюшы, тарихшы, этнограф,
әдебиеттанушы, аудармашы, әрі публицист
ретінде қазақ халқының саяси әлеуметтік,
мәдени рухани тарихында өшпестей із
қалдырған ұлы тұлға.
Алашорда үкіметіне сайланғандарға
жеке-жеке тоқталғанда, алдымен ауызға
алынатындардың
арасында,
әрине,
съез сайлаған оның төрағасы – Әлихан
Бөкейханов болып табылады. Замандас-
тары мен халқы қадірлеп «Әлекең» деп
атап кеткен Әлихан Бөкейханов – бүкіл са-
налы өмірін қазақ халқының ұлттық саяси
бостандығы мен дербестігі үшін күрескен
кемеңгер.
Шығармашылығына
тоқталсақ,
Ресейдің көрнекті экономист, географ
ғалымдарымен бірлесе отырып, «Россия
біздің отанымыздың жалпы географиялық
сипаттамасы» атты көп томдық еңбектің
1903 жылы шыққан қазақ өлкесіне
арналған 18 томның тарауларын жазуға
қатысқан. Әлекең қазақтар туралы шы-
найы мәліметтер келтіріп, халқымыздың
беделін асқақтатады. Қазақтың ой-өрісі мен
дүниетанымы, ежелгі мәдениеті мен тарихы
сияқты қасиеттері анағұрлым озық тұрғанын
аңғартады. Абайды алғаш рет орыс
оқырмандарына таныстырады, оның қазақ
әдебиетіндегі алатын орнын бағамдайды.
Азамат соғысы жылдары қазақ халқының
ақ пен қызылдың текетіресінде тектен-
текке қосақ арасына кетпеуіне күш сала-
ды. Осы бағытта жұмыстар жүргізіледі.
Жаңа жағдайға байланысты, бұрынғы
алаш зия-лылары өздерінің күрескерлік
жолын өз халқының сауатын ашу үшін
оқулықтар жазып, фольклорлық әр
түрлі жинақтар шығарып, ғылыммен
шұғылданып, аудармалармен айналысып,
халықтың шаруашылығын ұйымдастыруда
басқа жұрттың озық мәдени түрлерін
пайдаланудың
жолдарын
көрсетіп
насихаттауға бағыттайды.
XIX ғасырдың соңында Омбы орман
шаруашылығы училищесінде оқытушылық
қызмет атқарып, ғылыми жұмыстармен айна-
лысады. 1896 жылы көрнекті ғалымдардың
кепілдемесімен
Орыс
географиялық
қоғамы Батыс-Сібір бөлімшесінің толық
мүшесі болып сайланды. Ол ғылыми
жұмыспен қатар қоғамдық-әлеуметтік са-
яси қызметтерге де белсене араласты.
1904 жылы қазақ даласына қоныс аудару
қозғалысын даярлап берген Ф.А.Щербина
экспедициясының құрамында болды. 1911-
1914 жылдары Әлихан Бөкейханов «Жаңа
энциклопедиялық сөздіктің» 4-21 томдары-
на автор ретінде қатысты.
Әлихан
«Алаш»
қозғалысындағы
үзеңгілестері мен пікірлестерінің алды-
на ұзақ мерзімге негізделген ауқымы кең
стратегиялық мақсат-мүдделер қоятын.
Ол мақсат-мүдделердің бір бөлігі 1905
жылғы әйгілі «Қарқаралы петициясы-
на» ойып жазылған-ды. Олардың бірден
бір жемісі - 1917 жылға дейін-ақ қазіргі
заманғы әдебиеттің проза және поэзия
үлгісіндегі тың туындылары - тұңғыш
қазақ романдары, очерктері, әңгімелері,
пьесалары, поэмалары, өлең жинақтары
шыға бастады. Оның ішінде ұлы ақын
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының төл
шығармалары мен Пушкин, Лермонтов-
тан аударған туындыларының тұңғыш
жинағы,
Сұлтанмахмұттың
«Қамар
сұлу», Міржақыптың «Бақытсыз Жамал»,
Спандиярдың «Қалың мал» романдары,
Ахметтің И.Крыловтан аударған «Қырық
алты мысалы» бар еді.
Қыр баласының өзі Батыс Еуропа, орыс,
көне грек, Шығыс әдебиеттерінің үздік
үлгілерін кеңінен насихаттайды, қазақ
әдебиетін француз Ги де Мопассанның,
ағылшын Оскар Уайльдтың, орыс Лев
Толстой, Антон Чехов, Владимир Коро-
ленко шығармаларының, көне Еуропа
әдебиетінен Эзоп пен Үнді мысалдарының,
Қырым татарлары туралы аудармала-
рымен байытты. Абайдың, Шәкәрімнің
шығармаларына, Міржақып, Сұлтанмахмұт,
Спандиярдың романдарына сын жа-
зып, қазіргі әдебиеттанудың, оның ішінде
абайтанудың классикалық үлгісін көрсетіп,
негізін қаласа, «Қара Қыпшақ Қобыланды»,
«Ер Тарғын», «Ер Сайын», «Мырза Едіге»
эпостарын, «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жы-
рын жинақ етіп бастырып, зерттеп, қазақ
фольклористикасының пайда болуы мен
дамуына зор серпін берді.
Ә. Бөкейханов жағрафия қоғамының
сүйемелдеуімен кіндік қаны тамған қазақ
даласының тарихын көп зерттеген. Та-
рих саласындағы жазып қалдырған елеулі
мұралары – «Исторические судьбы Киргиз-
ского края и культурные его успехи», «Кир-
гизы» атты монографиялары.
Әлихан
Бөкейханов
–
қазақтың
тұңғыш энциклопедисі деуге де негіз бар.
XX ғасыр басында неміс Ф.А.Брокгауз бен
орыс И.А.Ефрон секілді баспагерлер көп
томдық «Жаңа энциклопедиялық сөздігін»
шығарып тұрған. Қазақ өлкесін танушы
ғалым Бөкейханов осы «сөздікті» әзірлеуге
атсалысқан. «Сөздікке» енген қазақтын
тарихы, қазақтың хандықтары, мысалға
Бөкей ордасы жайында (8 том, 447-452
беттер), қазақтың көрнекті хан-көсемдері
туралы және басқа материалдарды
Ә.Бөкейханов әзірлегендігі күмән тудыр-
майды. Энциклопедиялық сөздікті баспаға
дайындаған қызметкерлердің тізімінде
Ә.Бөкейхановтың аты-жөні 4 томнан 21 то-
мына дейін дерлік көрсетілген.
Алаш көсемi Әлихан Бөкейхановтың
өмiрiнде Семей қаласының алатын орны
айрықша екенiне ешқандай шүбә келтіре
алмаймыз. Ә.Бөкейхановтың 1896-1903
жылдары Семей және Ақмола облыстары
уездерiнде қазақ жер пайдалануын зерт-
теумен айналысқан Щербина экспедиция-
сына қатысып, қазақ халқының әлеуметтiк-
экономикалық өмiрiне, мәдениетi мен
тарихына қатысты бiрқатар ғылыми құнды
еңбектердi жазуы, ұлы ақынымыз Абайдың
әдеби бай мұрасымен етене жақын та-
ныс болуы, өзiнiң Омбы кезеңiнен жақсы
бiлетiн досы, орыс ғалымы Иван Филиппо-
вич Гусевтiң айтуымен Шәкәрiм еңбектерiне
баса көңiл бөлiп, кейiнде «Қазақ» газетiнде
«Қалқаман-Мамыр» поэмасы туралы пiкiр
бiлдiруi, тағы басқа оқиғалар оны үнемi
шетте Омбы, Петербор қалаларында оқып,
қызметте жүрсе де, Семей зиялыларымен
барынша жақындастыра түседi.
Әсiресе, данышпан Абайдың өлiмiне бай-
ланысты алғаш баспасөз бетiнде суретiне
қоса қазанама жазып жариялауы, сондай-
ақ Абайдың ұлы Тұрағұл және немере iнiсi
Кәкiтай Ысқақұлымен бiрге ұлы ақынның
өлеңдерiн жинақтап, баспаға әзiрлеп
жарыққа шығаруы, оның Семейдегi өмiрiнiң
ең ұмытылмас жарқын сәттерi болды. Ұлы
ақын мұрасына деген бұл сүйiспеншiлiктiң
соңы Әлихан Бөкейханов пен Абай бала-
лары, жалпы Құнанбай қажы ұрпақтары
арасындағы үлкен сыйластыққа, достыққа
келiп ұласқаны белгiлi.
Кеңес орындары Әлихан Бөкейхановқа
тыныштық бермей, 20-жылдары екі рет
тұтқындап, онда да амалсыз босатып,
ақыр аяғында 1937 жылдың науқанында
қанды
шеңгелге
алады.
Халқының
Тәуелсіздігі жолында басын өлімге тіккен
қазақ ардақтысының есімі ешқашан
ұмытылмайды. Оның аңсаған арманы
жүзеге асып, көре алмаған қызығын Тәуелсіз
еліміздің бүгінгі ұрпақтары жалғастырып
жатқанына қуанамыз.
Бетті дайындаған: Т. КӘРІМ.
Қазақтың ғұлама ғалымы, ұлт-азаттық қозғалысының
теориялық негізін салушы әрі көсемі, қазақтың тұңғыш са-
яси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің
төрағасы атанған Әлихан Нұрмұхаметұлы Бөкейхановтың 150
жылдық мерейтойы өз елімізде ғана емес, ЮНЕСКО шеңберінде
қолға алынатындығы қазақ халқының мерейін арттырып
отыр.
Жетісу
университеті
11
бейсенбі, 21 сәуір,
2016 жыл
ҚОС АЙДАР
СЕНІҢ ЗАМАНДАСЫҢ
Gazeta.zhgu@mail.ru
Бұл сырымды ішімде сақтап жүргеніме
жақында бір жыл толады. Өйткені, ақтарылып
біреуге айтайын десем, «тастап кетіпті»
деген сөзден қашамын, ұят. Біздің ара
қатынасымызды барлық ауыл білетін.
Ол қалада жұмыс істейді.
Басқа да қосымша жұмыстары
бар, сондықтан екі аптада бір
келетін. Мен ауылда мектепте
мұғаліммін. «Дипломмен ауылға»
бағдарламасымен
келгендіктен,
ешқайда қозғалуға мүмкіндігім жоқ.
Соңғы кездері ол сылтауы көбейіп,
келуді де сиретті. Қанша жерден
күдіктенсем де, «жеп отырған наны
ғой, ауылда жұмыс жоқ" деп үнемі
өзімді өзім сендірумен жүрдім. Кел-
ген кезінде «бір өзіңді ғана сүйем"
дегенде, бар ренішімді ұмытып,
болашағымды тек сол жігітпен бай-
ланыстыратынмын. Жылға жуық
уақытымды арнаған жігітім мені
алдайды деген ой үш ұйықтасам,
түсіме кірген емес.
Сөйтсем, сенген серім жыл бойы
басқа қызбен кездесіп жүріпті.
«Оны қалай білдіңіз?» дейсіз ғой.
Өзім интернетке қызықпайтын
жанмын, агенттің өзіне анда-санда
бір кірем. Күндердің бір күні әріптес
құрбым екеуміз оның «Вконтак-
те» парақшасын ақтарып отырып,
бейтаныс қыздың менің жігітіммен
түрлі
кештерде,
ойын-сауық
орталықтарында
құшақтасып
түскен суреттерін көріп қалдым. Өз
көзіме өзім сенбей, төбемнен жай
түскендей болды. Көзім жеткені
жылдың қай мезгілі болмасын,
екеуінің жұбы жазылмай түскен
суреттері, ештеңе айтпай-ақ көп
нәрсеге дәлел бола алады. Жыла-
дым... Мүмкін емес деп өкіндім де...
«Неге ғана сол интернетке отыр-
дым?» деп өзімді де кінәладым.
Алғашқыда
ашумен
ызаға
булығып,
жігітіме
қоңырау
шалғанымда, ол ананы-мына-
ны сылтауратып, өзіне шаң жу-
ытпады. Бірақ, арада көп уақыт
өтпей-ақ, одан смс хатын алдым.
Көңілімдегі күдігім бекер емес
екен, ақыр соңында, яғни осы
оқиғадан үш ай өткен соң, жігітім
Саѓымѓа айналѓан
саѓыныш
ЖАНСЫРЫМ
бәрін өзі мойындап, мені емес, оны
таңдағанын айтты... Сонда мен
сол суретті көріп қоймағанымда,
алдап жүре берер ме едің?" деп
сұрағанымда, ол: "сені қимадым",
- деп жауап берді.
Бүгінде таңдаған сүйіктісімен
бақытты болар. Мен олардың
арғы
өмірінен
бейхабармын,
қызықтырмайды да. Бүгінгі жалғыз
ойым ауылда да қалғым келмейді.
Оқу
жылының
аяқталуын
тағатсыздана күтіп жүрмін. Себебі,
кездесіп қалудан қашамын.
Ал, мен... Мен жалғызбын.
Жүрегім
қатты
жараланып,
жігітімді біразға дейін ұмыта ал-
мадым. Міне, дәл бүгін ғана жан
жарасы жазылып келе жатқандай.
Жақында екі жаққа кеткенімізге
бір жыл болады. Жігіт атаулыдан
көңілім қалып, қатты күйзелдім.
Басында қатты қиналып, "кет,
өтірікші!" деп жылағаныммен, ар-
тынан "шіркін, дәл қазір қайтып
келсе, бәрін кешірер едім" деп
армандадым. Ал, қазір ондай
тұрақсыз жігіттің бұйырмағанына
қуанып, өзімнің шын бақытымды
күтумен жүрмін.
Осы оқиғамды артымнан ер-
ген бейтаныс сіңілілеріме сабақ
болсын деп жазып отырмын.
Ешқашан жігітке 100 пайыз сенуге
болмайды екен! Ешқашан! Жігітті
уыстарыңда ұстамасаңдар да, кез
келген күдік келтіретін нәрсеге мән
беру керек. Мен сияқты сеніп, бей-
жай жүре берсеңдер, ол да тым
еркінсіп, ойына келгенін жасайды.
Мен, тіпті 4-5 күн хабарласпай кет-
се де, кешіріп жүре беретінмін...
Біреудің қателігі - біреуге сабақ,
Біреудің сәттілігі - біреуге
бағдаршам!
Сондықтан құлаққағыс етуді
жөн санадым.
Құпия қыз.
Бұдан бұрында айдарымыз
арқылы жастардың шет елдерге
барып білімдерін жетілдіру үшін
көптеген мүмкіндік бар екенін
айтқан болатынбыз. Оның үстіне
жоғары білім алатын жылдарының
барлығын шетелде өткізбей-ақ,
қысқа мерзімде осы тәжірибені
татып
көруді
қамдайтын
бағдарламалардың да болуы
жоғары сұранысқа ие екендігінен
хабардар боларсыздар. Ол үшін
тек талапты да дарынды, білімге
алғыр жастар қамтылатындығы
сөзсіз. Әрине, Қазақстан мемлекеті
атынан барғаннан соң атауына
лайықты деңгейде өзін көрсете
алатын жастар жұмылдырылады.
Бүгінгі жастардың талабы бөлек,
талпынысы жақсы. Олар білімсіз
болашақтың бұлдыр болатынын
жақсы түсінеді, білмекке талпына-
ды. Елбасымыз айтқан үш тұғырлы
тілді барынша қолдап отырған да
осы жастар.
Бүгінде білім ошақтарында
студенттерді қызықтыру үшін
жақсы
жағдайлар
жасалған.
І.Жансүгіров атындағы Жетісу
мемлекеттік
университетінде
үздік деп танылғандар оқу
орны тарапынан шетелдегі оқу
орындарына жіберіліп, курстан
өткізіледі. Солардың бірі – қаржы
экономика факультетінің 3 курс
білімгері
Тәңірберген
Әмина
Бақытжанқызы. 2013 жылдан бас-
тап І.Жансүгіров атындағы Жетісу
мемлекеттік
университетінде
білім алып жүрген Әмина биылғы
оқу жылының басында, яғни
2015
жылдың
қыркүйегінен
«Академиялық
ұтқырлық»
бағдарламасы бойынша Еуропада,
яғни Польша мемлекетінде 1 се-
местр бойы оқу мүмкіндігіне ие бо-
лып қайтты. Өзі мемлекеттік грант
иегері болғандықтан, бағдарлама
да толығымен тегін болған. Олар
қыркүйекте бес бала болып, Ал-
маты қаласынан Польшаның Ка-
товице қаласына ұшты. Әминаның
айтуынша,
бір
сәтте
туған
топырақтан көтеріліп кету оңайға
түспеген екен. Шет мемлекетке
тоқтаған алғашқы күннен бастап
басқа ортаға, тағамдарына, тіліне,
мәдениетіне бірден үйренісу қиынға
соққан екен. Оқуға барған Верхне-
силез экономика университетінде
бейімделу үшін 10 күн уақыт беріп,
шетелдік студенттерге арналған
жатақханада орналастырылады.
Осыдан бастап Катовице қаласы
екінші үйіне айналған қазақ жаста-
ры басқа жастармен етене жақын
араласа бастайды. Әминаның
әңгімесінен аңғарғанымыз, сабақ
аптасына үш күн болғандықтан,
университтетте түрлі сабақтан тыс
іс-шаралар көптеп өткізіледі екен.
Мысалы, поляк тілін үйренудің
тегін курсы, ұлттық тағамдар жа-
рысы, ағылшын тілін дамытатын
«Тандем» ойындары, спорттық
жарыстар, Рождествоға қарсы
шыршаны әшекейлеу, Хэллоу-
ин, балықтан жасалған тағамдар
күні және тағысын тағы бо-
лып тізбектеле береді. Сабақ
уақытының аз болғанымен орта-
мен байланыс жасау мүмкіндігі
мол. Ол біздің жастарымыздың
қалыптасуына оң ықпалын тигізгені
сөзсіз. Әмина қызымыздан «бірер
ауыз естелік айтып берсең» деп
қолқа салғанымызда, тұщымды
жауап алып, қуанып қалдық.
- Біз Польшада 5 ай бойы болдық.
Осы уақыт ішінде көптеген
Еуропаның
мемлекеттерінде
болып үлгердік. Соның ішінде
Венгрия, Италия, Испания және
Франция және Полшаның үлкен
қалалары Вроцлав, Краков, Вар-
шава, Лодзь және Аушвиц. Укра-
ина, Түркия, Болгария, Белорус-
сия, Испания және Қазақстанның
Шымкент, Қызылорда, Қарағанды,
Павлодар,
Алматы
сияқты
қалаларынан достар таптық.
Ағылшын
тілін
жетілдірдік.
Түрлі әлемдік дәрежеде атақты
музейлерде болып, белгілі Ос-
венцим лагеріне барып, соғыс
жылдары геноцидке ұшыраған
еврейлердің кешкен күйлерін өз
көзімізбен көре алдық. Сондай-ақ,
Польшада біз екі түрлі нәрседен
қиналғанымыз бар. Ол біріншіден,
Еуро курсының өсуі болса, екіншісі
тағам жағынан, себебі сиыр не-
месе қой етін табу мүмкін емес
болатын.
Өзіміздің
ұлттық
тағамдарды
сағынғанымыз
соншалық, бесбармақ, палау-
ды тауық етінен жасайтынбыз.
Тілге де байланысты көптеген
қызық жағдайлар болды. Мыса-
лы, бір күні қорқынышты квест
бөлмеге кіріп, ондағы ағылшын
тіліндегі
жолбағдарлар
мен
кілттердің қайда екенін түсінбей,
уақытынан кешігіп шығып, әбден
қорқып қалғанымыз бар, - деді
байсалды қалыпта.
Біздің
кейіпкеріміз
Әмина
Тәңірбергеннің шетелде оқып,
тәжірибе алмасып, ел көріп, жер
көруге мүмкіндік бергені үшін уни-
верситет басшылығына, қолдау
көрсеткен ұстаздарына алғысы
шексіз. Бүгінде кез келген адам
шетелде тағылымдамадан өтіп,
қысқа немесе ұзақ мерзімді білім
алып, жұмыс істей алады. Ол
үшін шет тілі білімі мен ниет болса
жеткілікті.
Әрине,
тілді
жақсырақ
меңгерген
адамның
шетел-
де қалаған ісімен айналыса
алуға мүмкіндігі жоғары екені
сөзсіз. Бірақ дегенмен де, «Өз
үйің, өлең төсегің» демекші, өз
еліңде жүргенге не жетсін?!.
Алған тәжірибең мен біліміңді
ұштастырып, өмірлік ұстанымға
айналдыру әркімнің өз құзырында.
Достарыңызбен бөлісу: