Единство наше главное богатство



Pdf көрінісі
бет6/6
Дата15.03.2017
өлшемі11,78 Mb.
#9421
1   2   3   4   5   6

Баян СОВЕТҚЫЗЫ.

Талабы биік  

дарынды жас

БІЗ ӘЛЕМДІ ЖӘНЕ ТҮРЛІ МӘДЕНИЕТТЕРДІ 

ТАНУҒА ШЫҚПАСАҚ, КӨКЖИЕГІМІЗДІ 

КЕҢЕЙТУГЕ ТЫРЫСПАСАҚ, АЛДАҒЫ УАҚЫТТА 

ӨКІНЕТІНІМІЗДІ БІЛЕМІЗ.

Әмина ТӘҢІРБЕРГЕН,  

қаржы-экономика факультетінің 

3 курс білімгері.

"Біз қазақстандықтармыз"

Жаңа достар ортасында

Кітап қоры мол екен


Газет Талдықорған қаласы, 

Қабанбай батыр көшесі, 32-

үйде, «Алматы - Болашақ» АҚ 

филиалы «Офсет» баспахана-

сында басылады.

Индекс: 64568

Газет айына екі рет шығады.

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 

Талдықорған қаласы, 

Жансүгіров көшесі, 187а. 

223329; ішкі нөмір.1143



Бас редактор Үсен Өмірзақов

Жарияланған мақала авторларының пікірлері 

редакция көзқарасын білдірмейді.

Жарнама мәтініне тапсырыс беруші жауапты.

«Жетісу университеті» газетінің компьютер орталығында 

теріліп, беттеледі.

Тапсырыс № 509

Таралым 2500 дана

Тілшілер: Б.Жаңабаева, 

                 Т.Кәрім,                                

                 А.Байдаулетов

Корректорлар: Ұ.Жолдасова,

                           А.Аманжолова



Беттеуші: П.Қалиханқызы

Суретке түсірген: Б.Айменов

Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық 

келісім министрлігінде 2003 жылғы 02 қыркүйекте тіркеліп, 

№ 4190-Г куәлігі берілген.

бейсенбі, 21 сәуір, 

2016 жыл

12

ҚҰРЫЛТАЙШЫ: І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

ДЕМАЛЫС БЕТІ

Жетісу 


университеті

КЕРЕК-ДЕРЕК

СЫМБАТ

Ақ аяқ киімді күту жолдары



Мәліметтерді ғаламтор желісінен дайындаған: Перизат ҚАЛИХАНҚЫЗЫ.

Gazeta.zhgu@mail.ru

Күн жылына бастағанда әдемі әрі сәнді аяқ киімімізді шкаф-

тан шығара бастаймыз. Ақ түс әмбебап түстердің біріне 

жататындықтан, ақ түсті аяқ киім барлығында дерлік бар деп ойлай-

мын. Ақ түсті аяқ киімдер әдемі көрінгенімен, ерекше күтімді қажет 

етеді. Себебі, оған тиген кез келген дақ пен жарық бірден көзге түседі. 

XX  ғасырдың  өзінде  аналар  балаларына  балық  майын  беретін 

болған.  Ол  кезде  балық  майы  барлығына  –  жиі  суық  тиюде,  тіс 

ауырғанда,  дәрумен  жетіспегенде  және  тамаққа  тәбет  болмаған 

кезде  қолданылған.  Дәмді  болмаса  да,  балық  майын  тері  мен  шаш-

ты жақсарту үшін сұлулар да ішкен. Шашымызға пайдасы тию үшін 

балық  майын  қалай  ішу  керек  және  ем  нәтижесі  қандай  болады?  –  

деген сұраққа жауапты осы материалдан табасыз.

Шашқа балық майының пайдасы?

Ақ немесе ашық түсті былғары аяқ киіммен 

даладан үйге кірген кезде шаңын жүн мата-

мен сүртіңіз. Содан соң қалпына келгенше, 

оған 15-20 минут сайын аяқ киімге арналған 

түссіз крем жағыңыз. 

Егер аяқ киімді жуу қажет болса, жұмсақ 

ысқышпен  немесе  тіс  щеткасымен,  жылы 

ерітілген сабын және жуатын ұнтақ көмегімен 

тазартуға  болады.  Содан  соң  ағын  сумен 

абайлап шайып тастау керек. Аяқ киім ішіне 

су тимеуін қадағалаңыз. Аяқ киім толық кеп-

кен соң, түссіз крем жағыңыз.

Былғары  аяқ  киімнің  ақ  түсін  әрі 

жарқырауын сақтау үшін, жарты стақан сүтті 

бір жұмыртқаның ақуызымен араластырып, 

қоспамен  аяқ  киімді  уақытылы  тазартып 

тұру қажет. 

Егер ақ аяқ киім қатты ластанып, дақтары 

болса,  оны  керосинмен  және  бензинмен 

кетіруге болады. 

Аяқ  киімдегі  шөптен  қалған  дақтарды 

қарапайым  ақ  өшіргішпен  кетіруге  болады. 

Басқа дақтарды сүтке салынған шүберекпен 

сүртіп,  одан  соң  түссіз  крем  жағу  арқылы 

тазартыңыз.

Егер  ақ  аяқ  киімде  майлы  дақтар  бол-

са,  алдымен  тазартатын  ерітінді  дайын-

дап  алыңыз.  Ол  үшін  бір  стақан  суға  бір 

ас  қасық  мүсәтір  спиртін  араластырыңыз. 

Майлы дақты осы ерітіндімен тазалап, одан 

соң құрғақ шүберекпен сүртіңіз.



Балық майының шашқа пайдасы.

Балық майының құнды құрамы өнімді адам 

денсаулығына  өте  пайдалы.  Ал,  әйелдер 

үшін  оның  құрамындағы  дәрумендер  мен 

минералды  заттар  тері  мен  шашты  әдемі 

етуге көмектеседі.  Құрамына 3-омега және 

6-омега  кіретін  табиғи  комплекс  шашқа 

қажеттінің  бәрімен  қамтамасыз  етеді.  Жа-

санды әрі арзан бояу қолданатын, газдалған 

кеңістікте  өмір  сүретін  қазіргі  қыздардың 

көбісі  шаштың  мөлшерден  тыс  түсуінен 

қиналады. Балық майының құрамында А, Е 

және В дәрумендері болғандықтан, терапия 

жасамай-ақ, балық майын ішіп және сырты-

нан  соның  көмегімен  күтім  жасау  арқылы 

қатты әлсізденген шашты қалпына келтіріп, 

тез өсуіне ықпал етуге болады.

Шашқа арналған балық майы: 

Маскалар

Балық  майының  техникалық 

және  дәріханалық  түрлері  бола-

ды.  Ем  қабылдау  үшін  біріншісін 

алудың  қажеті  жоқ.  Дәріханалық 

балық  майын  капсула  түрінде 

алып, 

нұсқамасы 



бойынша 

қолданған  жөн.  Қосымша  сыртқы 

қолданулар  жылдам  көмектесуге 

ықпал  етеді.  Жұмыртқа,  қалақай 

(крапива)  және  ошаған  майынан 

(репейное  масло)  дайындалатын 

маскаларды ұсынамыз:

–  Қалақайдан  маска  дайындау 

үшін,  бір  уыс  қалақайға  100  мл 

қайнаған су құйып, жарты сағаттай ұстаңыз. 

Жылы  күйінде  3-4  капсула  балық  майын 

салып,  араластырыңыз.  Масканы  таза  әрі 

ыстық шашқа (шашыңыз ыстық болып тұру 

үшін ыстық сүлгіге орап, сыртынан қалтамен 

орап қойыңыз) жағу керек. Масканы шашта 

бір  сағат  ұстап,  сусабынмен  жуып,  лимон 

шырыны қосылған сумен шайғаныңыз жөн.

–  Балық  майы  мен  жұмыртқадан  маска 

дайындау  үшін  екі  жұмыртқаның  сарысын 

4  капсула  балық  майымен  араластырады. 

Жуылған  шашқа  масканы  жағып,  жарты 

сағат  шамасында  ұстайды.  Масканы  суса-

бынмен жуып, лимон шырыны немесе алма 

сірке суы қосылған сумен шайып тастаңыз.

–  Шаштың  көп  түсуін  тоқтатуға  ошаған 

майы  мен  балық  майынан  жасалатын  

маска жақсы көмектеседі. Екі майды бірдей 

мөлшерде  алып,  шаштың  түбіне  жағады. 

Оны екі сағаттан соң жуып тастайды. 

ЗАҢ ТЕРМИНОЛОГИЯЛАРЫ НЕГІЗІНДЕГІ  

СҰРАҚТАР

1.  Сот  талқылауында  бәсекелестік  пен  тең 

құқықтылық  негізінде  айыптауды  және  ай-

ыптаудан қорғауды жүзеге асыратын орган-

дар немесе азаматтар қалай аталады?

2. Адамның құқықтары мен бостандықтарын 

іске асыруда заңдар мен өзге де нормативтік 

құқықтық  актілердің  бұзылуын  сынау  тура-

лы жазылған хабарлама қалай аталады?

3.  Біртектес  қоғамдық  қатынастарды 

реттейтін 

құқықтық 

нормалардың 

біріктіріліп,  жүйеге  келтірілген  заң  қалай 

аталады? 

4.  Заңда  көзделген  реттерде  мүлік  меншік 

иесінен  жасаған  қылмысы  немесе  өзге  де 

құқық бұзушылығы үшін санкция түрінде сот 

тәртібімен тегін алынатын шара қалай ата-

лады?


5.  Вексельмен  мәміле  жасалған  кезде 

делдалға төленетін сыйақы қалай аталады?

6. 

Шет 


мемлекеттің 

өзге 


бір 

мемлекеттің 

егемендігіне, 

аумақтық 

қол  сұғылмаушылығына  немесе  саяси 

тәуелсіздігіне  қарсы  қарулы  күш  қолдануы 

қалай аталады? 

7.  Жоғары  заң  білімі  бар,  қорғаушылық 

қызмет  шеңберінде,  кәсіптік  негізде  заң 

көмегін көрсететін ҚР азаматы кім?

8.  Жарылыс  жасау,  адамдардың  қаза  бо-

луы,  елеулі  мүліктік  зиян  келтіру  немесе 

қоғамға зиян өзге де зардаптардың туындау 

қаупін төндіру арқылы қорқыту актісі қалай 

аталады? 

9. Алуға құқығы бар екінші адамға бір адам 

беруге  міндетті  болатын  асырау  қаражаты 

қалай аталады? 

10.  Заңмен  белгіленген  және  жаза 

тағайындау  сәтіне  қолданылып  жүрген 

айлық  есептік  көрсеткіштің  белгілі  бір 

мөлшерінде  тағайындалатын  ақша  өндіріп 

алу қалай аталады? 

11.  Сотталған  адамды  тағайындалған 

жазаның  бүкіл  мерзімінде  қоғамнан  қатаң 

оқшаулау жағдайында ұстау шарасы қалай 

аталады?

12.  Мемлекеттік  міндеттерді  атқаратын 

адамдардың,  өз  лауазымдық  өкілеттігін 

пайдалана отырып, өзге тұлғалардың жеке 

мүддесіне  игіліктерді  заңға  қарсы  сатуы 

қалай аталады?  

13.  Шығармашылық  еңбегімен  туынды 

жасаған жеке тұлға кім болып табылады? 

14. ҚР-ның заңнамасына сәйкес қаржылық 

есептілік жасау және өзге де ақпарат туралы 

тәуелсіз  пікір  білдіру  мақсатымен  тексеру 

қалай аталады?

15. ҚР аумағын немесе оның бір бөлігін шет 

мемлекеттің күштеп қосып алуы немесе ба-

сып алуы халықаралық құқықта қалай ата-

лады? 


16. Қандай да бір қызмет түрін ұйымдастыру 

және  жүзеге  асыру  тәртібін  белгілейтін 

нормативтік құқықтық акт қалай аталады? 

17. Уәкілетті мемлекеттік орган мен ата-ана-

сыз  қалған  баланы  тәрбиелеп  алуға  тілек 

білдірген адамның жасасқан шарты бойын-

ша  берілетін  тәрбие  нысаны  қалай  атала-

ды?


18. ҚР-да заң шығару қызметін жүзеге асы-

ратын ең жоғары өкілді орган қалай атала-

ды? 

19.  Қылмыстық  процесті  жүргізуші  орган 



жасаған  іс  жүргізу  әрекеті  көрсетілетін  іс 

жүргізу құжаты қалай аталады? 

20.  Нысананы  тікелей  зақымдайтын, 

адамның  бұлшық  еті  күшінің  көмегімен 

қозғалысқа келтірілетін құрал қалай атала-

ды? 


Құрастырған: Еркін ДӘУЛЕТҰЛЫ,

заң факультетінің  

магистранты.

С

¤



З

Ж

¦



М

Б

А



¬


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет