Единство наше главное богатство



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата15.03.2017
өлшемі11,78 Mb.
#9421
1   2   3   4   5   6

Айтказы БАЙДАУЛЕТОВ.

Единство – наше 

главное богатство

7-8 апреля 2016 года в Жетысуском госу-

дарственном  университете  имени  Ильяса 

Жансугурова  прошли  VІII  Республиканские 

предметные олимпиады по специальностям 

5В011200 – «Химия» и  5В011500 - «Основы 

права и экономика» среди студентов 2, 3 и 

4 курсов высших учебных заведений Респу-

блики Казахстан.

На олимпиаде участвовали 14 команд по 

специальности  «Химия»  и  по  итогам  опре-

делили лучших команд:

І  место  –  команда  Жетысуского  государ-

ственного университета имени Ильяса Жан-

сугурова;

ІІ  место  –  команды  Костанайского  госу-

дарственного  педагогического  университе-

та  и  Актюбинского  регионального  государ-

ственного университета имени К.Жубанова;

ІІІ место – команды Государственного пе-

дагогического  института  г.  Павлодар,  Юж-

но-Казахстанского  государственного  уни-

верситета имени М.О. Ауезова и Таразского 

государственного  педагогического  институ-

та.

А по специальности «Основы права и эко-



номика» принимали участие 8 команд и за-

няли следующие места:

І  место  –  команда  Жетысуского  государ-

ственного университета имени Ильяса Жан-

сугурова;

ІІ место – команды Карагандинского госу-

дарственного университета имени академи-

ка  Е.А.  Букетова  и  Карагандинского  эконо-

мического университета Казпотребсоюза;

ІІІ  место  –  команды  Южно-Казахстанско-

го  государственного  университета  имени 

М.О.  Ауезова,  Южно-казахстанского  госу-

дарственного  педагогического  института  и 

Казахского  государственного  женского  пе-

дагогического университета.

Также в рамках работы олимпиады были 

проведены  семинары  для  руководителей 

команд  и  экскурсии  по  достопримечатель-

ностям города Талдыкорган.

Предметная олимпиада  

студентов ВУЗов Казахстана


БІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫМЫЗ

Жетісу 


университеті

бейсенбі, 21 сәуір, 

2016 жыл

4

БІЛІМ ШУАҒЫ

ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ



Gazeta.zhgu@mail.ru

2015-2016 оқу жылында  

І. Жансүгіров атындағы 

Жетісу мемлекеттік 

университетінің 

қаржы-экономикалық 

факультетінің «Есеп және 

аудидит» мамандығының 

3-курс білімгерлері Ардақ 

Аманжолова, Айгерим  

Кахарманова, Айсұлу  

Маратова және Баянсұлу 

Тасыбай «Академиялық 

ұтқырлық» бағдарламасы 

аясында Польшаның 

Лодзь қаласындағы Лодзь 

университетінде білім 

алуға мүмкіндік алды. 

Жаќсы десе, жан семіреді

Елбасымыз  «Заманымыз  -  мәдениет 

заманы,  сол  мәдениетке  білім  жеткізеді, 

білім  алудың  ішіндегі  ең  төтесі  жақсы 

мектеп,  жақсы  мұғалім»  -  деген  еді. 

Сіздердің 

тәрбиелеген 

түлектеріңізді  

республикамыздың 

әр 

шалғайынан  



кездестіруге болады.

2015-2016  оқу  жылында  біздің  Абай 

атындағы  мектебімізге  «Жас  маман» 

Дастан  Қалиев  І.Жансүгіров  атындағы 

Жетісу 

мемлекеттік 



университетінің  

жаратылыстану-техникалық  факультетінің 

«Биология»  мамандығын  бітіріп,  кел-

ген    болатын.  Жас  маманға  тәлімгер  

тағайындалып,  бұйрық  бойынша  бекітілді.  

Дастан 


мектебімізге 

келген 


күннен 

бастап-ақ,    ұстаздар,    оқушылар,  ата-

аналардың  ойынан  шыға  білді.  10-11  сы-

нып оқушыларын ҰБТ-ға дайындауда түрлі 

әдіс-тәсілдерді  қолданып,  қазіргі  кезде 

ауданымызда  алдыңғы  қатардан  көрініп 

жүр.  Жаратылыстану,  тарих  апталығының 

он  күндігінде  өткізген  ашық  сабағын  қазақ,  

орыс,  ағылшын  тілдерінде  өткізіп,  жоғары  

ұйымдастырушылық  және  шығармашылық  

деңгейде  өзін  көрсете  білді.  І.Жансүгіров 

атындағы  Жетісу  мемлекеттік  университеті  

ұйымдастырған  «Жетісу  тағылымдары»   

атты  конференцияға  қатысып,  сертифи-

катпен  марапатталды.  Қазіргі  уақытта 

аудан  бастамасымен  көтерілген  игілікті  

шараларға  атсалысып  жүр.  Бірлестік 

жетекшісі,  тәлімгері  ретінде  І.Жансүгіров 

атындағы  Жетісу  мемлекеттік  университеті  

ұжымына  алғыс  айтқым  келеді.  Жас  ма-

ман  дайындауда  Сіз  басқарып  отырған 

жоғары  оқу  орнының  ғалым-ұстаздарының 

жастарға  берері  мол  екендігін  аталмыш 

оқу  жылында  өткен  аймақтық  ғылыми-

әдістемелік 

конференцияға 

қатысып, 

оқытушылармен  пікір,  тәжірибе  алмасу  ба-

рысында байқадым. 

Конференцияны  ұйымдастырып,  жоғары 

деңгейде өткізген басшылар мен ұстаздарға 

алғысым шексіз. Мектеп – ЖОО арасындағы 

ынтымақтастықты  арттырып,  тәжірибе  ал-

масуда  біздің  орта  мектебімізге  ақпарат 

беріп, үлкен істің басы-қасында болуымызға 

себепкер  болып  жүрген  педагогика  және 

психология 

факультетінің 

ұжымына 

ризашылығымды  білдіргім  келеді.  Конфе-

ренция  заман  талабына  сай,  өте  жоғары 

деңгейде  өтті.  Еңбектері  әрдайым  үстем  

болғай.  Осылайша,  мен  университеттің 

оқытушылары  жас  ұрпақты  оқыту  мен  

тәрбиелеу  барысында  игі  істерді  атқарып 

жатқандығын  және  сіздерде  білім  алған 

мамандардың  қоғамның  іргетасын  мықты 

қалайтын  тұлға  болуына  кәміл  сенемін. 

Өйткені,  бір    күндік  тыныс-тіршілікті  көріп,  

көңілім бір марқайып қалды. Сіздерге деген 

ізгі-ниетімді  білдіре  отырып,  еңбектеріңізге 

шығармашылық табыс  тілеймін.



Д.М. УРУМБАЗАРОВА,

Сарқан қаласындағы  Абай атындағы

мектеп-гимназиясының география 

пәнінің мұғалімі.

ҚАЙ  МЕМЛЕКЕТТІҢ  БОЛМАСЫН  НЕГІЗГІ  ТІРЕГІ  –  БІЛІМДІ,  ІСКЕР 

ДЕ  БЕЛСЕНДІ  АДАМДАР.  СОНДЫҚТАН  ҚОҒАМ  ТАЛАБЫНА  САЙ,  

ЖАСТАР ТӘРБИЕЛЕУ ЕҢ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ ЕКЕНІ ДАУСЫЗ.

Ал,  білім  мен  өнерді  қатар  алып  жүру 

қиынның  қиыны  дерсіз.  Көп  жағдайда 

сыңаржақ  пікір  қалыптасып,  бір  арнаға 

тоғысып  кететіндерді  көріп  жүрміз.  Бұл 

тұрғыда  айтпағым,  әркім  білім  саласы 

болмасын,  өнер  жолы  болмасын  жүрек 

қалауымен  меңгергені  абзал.  Еліктеудің 

ертеңі  бұлыңғыр  екендігін  көзбен  көріп, 

құлақпен  естіп  жүрміз.  Мәселен,  өз  іс-

тәжірибем  барысында  ондай  әрекеттердің 

көптеп кездескенін байқап келемін. 

Білім  –  теңіз,  оның  тереңіне  сипатын 

жетік  білетін,  сырын  меңгерген,  құпиясын 

ашатындар  ғана  бойлай  алады.  Ондай 

адамдарды  дайындайтын  сол  саланың 

маманы.  Сол  бесаспап  маман  ғана  білімді 

оқушы  санасына  сабақты  түрлендіру, 

жаңашалау,  қызықтыру  арқылы  жеткізеді. 

Ал,  музыка  саласының  маманы  осының 

бәрін  шәкіртіне  ұсынумен  қатар,  табиғи 

дарындылығын да тани білуі шарт. Бүгінде 

білім саласындағы жаңа технология өзіндік 

жаңа әдіс-тәсілдерімен ерекшеленеді. Әдіс-

тәсілдерді мұғалім ізденісі арқылы баланың 

қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп 

қолданады.  Тиімді  әрі  пайдалыларын  ғана 

жетілдіру жолында еңбектенуге негіз бар. 

Көрнекті 

педагог 


В.А.Сухомлинский 

«Сабақ  жасөспірмдердің  интеллектуалды 

өміріне құр ғана сабақ болып қоймас үшін, 

ол  қызықты  болуы  шарт.  Осыған  қол  жет-

кенде  ғана  мектеп  жасөспірімдер  үшін  ру-

хани өмірдің тілеген ошағына, мұғалім осы 

ошақтың  құрметті  иесі  мен  сақтаушысына 

айналады»  -  деп  айтқан.  Олай  болса,  жай 

ғана  сабақ  құнарсыз  тағам  секілді  адам 

бойына  жұқпақ  емес.  Қызықты  сабақтар 

мұғалімнің  ашқан  жаңалығы,  өзіндік 

қолтаңбасы, әдістемелік ізденісі, қолданған 

әдіс-тәсілдері  арқылы  ерекшеленіп,  шәкірт 

жүрегінен орын алады.

Сын тұрғысынан ойлау жобасы шындыққа 

негізделген білім беруге арналған  жоба екені 

сөзсіз.  Өйткені,  сыныптағы  әрбір  оқушы 

жаңа ақпараттарды сын тұрғысынан ойлай 

отырып  баяндайды,  суреттейді,  салысты-

рады, жазады, үйренеді. Бұл жоба арқылы 

білім  алған  оқушылардың  оқуға  деген 

ынта-ықыласы,  ой-өрісі,  білім-біліктерінің 

артуына  көмектеседі.  Сабаққа  белсенділігі 

нашар  оқушылар  топта  талқылау  ба-

рысында  белсенділіктері  артып,  пәнге 

қызығушылықпен қарайды. 

Музыка пәні өнер сабағы болғандықтан, әр 

сабақтың өз ерекшелігі мен қызықты сәттері 

көп.  Оқушылардың  шығармашылықпен 

жұмыс  жасау  барысында,  сын  тұрғысынан 

ойлау 

жобасының 



тиімді 

жақтары 


көп.  Балалар  өте  қызығушылықпен, 

шығармашылықпен сабаққа атсалысады. 

Бастысы, шын талантқа өріс кең болмақ. 

Жаттап айтқан, жалқаулықпен қараған жан 

өз  талабын  шыңдап,  өрге  баса  алмайды. 

Музыка, сахна, талант секілді киелі ұғымды 

қадірлеуіміз  керек.  Шынымен  дарынды 

жан  болсаң,  ерте  ме,  кеш  пе  өзіңді  өзгеге 

мойындатасың.  Тек,  табиғи  қалпыңа  тума 

талантың серік болсын.



Ләззат ӨМІРТАЕВА,

К.Ушинский атындағы № 7 орта 

мектептің музыка пәнінің мұғалімі.

Ж‰рекке 


жол

Мектеп қабырғасынан қалам 

тартып жүрген оқушыларымыз 

баршылық. Олардың арасынан 

да тұщымды ой, тың деректің 

қылын суырып алуға болады. 

Оның бір дәлелі, редакцияның 

хат қоржынына  қала және ауыл 

мектептерінен шығармашылық 

жұмыстар көп келеді. Бұл білім 

ошақтарында соңғы кездері 

оқушылардың функционалдық 

сауаттылығын арттыру 

мақсатында шығармашылыққа 

баулу шаралары жиі әрі жан-

жақты жүргізілгендігінің нәтижесі 

болар. Солардың бір қатарын ой 

елегінен өткізіп, назарларыңызға 

топтап беріп отырмыз. 

Студенттер  (IELTS,  TOEFL)  ағылшын 

тілі  емтиханын  тапсыруымен  шектелмей, 

GPA    бойынша  қажетті  рейтингтің  болуы-

на  қол  жеткізіп,  байқаудан  белсенді  өтті. 

Олар  қазан  айынан  ақпан  айына  дейін 

оқып,  білімдерін  шыңдап  қайтты.  Олар 

Отанға  оралғаннан  кейін  шетелде  алған  

әсерлерімен бөлісті. 

А.Аманжолова:

-  Біз  2015  жылдың  1  қазанынан  2016 

жылдың  14  ақпан  аралығында  Лодзь 

университетінде  өзіміздің  мамандығымыз 

бойынша  білімімізді  тереңдетіп,  ағылшын 

тілін дамытып, оқу-кәсіптік тәжірибеден өттік. 

Білімгерлерге  осындай  мүмкіншілік  беріп 

отырған Жетісу мемлекеттік университетіне 

алғысымыз зор.

 

А.Қахарманова:

Университетте 



студенттердің 

толыққанды білім алуына жақсы мүмкіншілік 

жасалған.  Студенттерге  таңдау  құқығы 

берілген. Тіпті, сабақ кестесін 2 апта ішінде 

таңдауға  мүмкіншілік  бар.    «Кітап  –  білім 

бұлағы» демекші, кітапханалары үлкен, кітап 

қоры және электронды оқулықтары өте мол. 

Сабақты тек ағылшын тілінде  жүргізетін  оқу 

және  білім  ұстанымдарына  сәйкес  келетін, 

ең мықты деген оқытушылар сабақ жүргізді. 

Әр  оқытушының  сабақ  беру  әдісі  әр  түрлі. 

Сабақтар  теория  жүзінде  емес,  практика 

жүзінде  өткізілді.  Лодзь  университетінде 

оқып  келгеніміз,  біз  үшін,  үлкен  тәжірибе 

болды.  Өз  білімімізді  жетілдіріп,  шыңдауға 

үлкен септігін тигізді.

Академиялы° ±т°ырлы°

арманѓа жетелейді



А.Маратова:

 - Академиялық ұтқырлық бағдарламасы 

өте қолайлы әрі тиімді бағдарлама. Оқумен 

қатар,  біз  демалыс  күндері  Еуропаның 

Шенген  зонасындағы  Франция,  Германия, 

Австрия,  Венгрия,  Словакия,  Чехия,  Ита-

лия,  Ватикан  сияқты  алып  мемлекеттерге 

визасыз  саяхаттауға  мүмкіндік  алдық.  Шет 

мемлекеттердің  салт-дәстүрімен,  тілімен 

танысып, өзіміз сияқты студенттермен пікір 

алмасып,  жаңа  достар  таптық.  Сонымен 

қатар, өз мемлекетіміз Қазақстанды, соның 

ішінде Талдықорған қаласындағы ЖМУ-мен 

шетел студенттерін таныстырдық. 



Р.ТҰРЫСБЕКОВА,

қаржы-экономика факультетінің 

есеп және аудит  кафедрасының аға 

оқытушысы, магистр.

Елбасы


Еліне қорған болған Елбасы,

Үлгі бізге батыл баба тұлғасы.

Әлемге танытқан қазақты,

Еңбегі өлшеусіз  Елбасы.

Тарихым бар 550 жыл бұрын,

Іргетасын Керей, Жәнібек қалаған.

Берекеде ұстап елдің бірлігін,

Елбасымыз бекем берік жалғаған.

Мойындады шетелдерде елімді,

Ұлан-ғайыр, қасиетті жерімді. 

Бүгін біздер бағындырдық ғарышты,

Нық қадаммен ертеңіме сенімді.



Мирас МЫРЗАБЕКОВ,

Е. Берліқожаұлы атындағы

№11 орта мектептің 9 сынып 

оқушысы.

Сүйікті күшігім

Сыныпта  апай  өзімізге  жақын  еркін 

тақырыпта  шығарма  жазу  тапсырмасын 

бергенде, менің ойыма бірден менің сүйкімді 

күшігім  оралды.  Мені  күнделікті  мектеп-

ке  шығарып  салып,  бірінші  болып  көшенің 

басынан  тосып  алатын  да  осы.  Оның  аты 

«Рой».  Бірақ,  мен  ол  сөздің  мағынасын 

білмеймін.  Көрші  апай  солай  атапты.  Бір 

қызығы, өзінің келген үйін білетіндей, кейде 

сол аулаға барып алады. Ал мен шақырсам, 

жүгіріп келеді. 

Мен оған жеке үйшік жасатып, ішін жылы-

лап қойдым. Тамақ ішетін ыдысын  да жуып 

тұрамын. Оның тазалыққа үйренгені сонша, 

ыдысы жуылмай қалса, тістеп алып келеді. 

Апам:  «ит-жеті  қазынаның  бірі»  -  деп  жиі 

айтатындығын  естимін.  Иттің  адаммен  до-

стаса алатындығына көзім жетіп жүр. 



Айжан ЖАРАСБЕКОВА,

6 сынып оқушысы.

«Өнер – ағып жатқан бұлақ, 

ғылым - жанып тұрған шырақ» 

- деп, халқымыз тегін айтпаған 

болар. Музыка тәрбиенің 

мәйегі десек, адамның жан-

жақты мәдениетті болып 

өсуіне әркімнің тал бойын-

да таланттың ұшқыны мен 

өнерге сүйіспеншілігі болуы 

қажет. Бүгінде жастар ара-

сында ән айту, тал шыбықтай 

мың бұралып би билеу немесе 

нақышына келтіріп күй тарту 

секілді бейімділіктерін байқап, 

сүйсінесің.

Жетісу 

университеті



ДОСТЫҒЫ ЖАРАСҚАН ЕЛ

бейсенбі, 21 сәуір,

2016 жыл

5

МЕРЕКЕЛІК СҰХБАТ  



Gazeta.zhgu@mail.ru

Ынтымаќ ырысы



  Жер  жәннаты  Жетісу  жерін  жүрегі  кең,  досына  жомарт  қазақ 

халқының ыстық ілтипатына бөленген, түрлі ұлт өкілдері мекен етеді. 

Ұлан ғайыр қазақ даласына қоныс тепкен басқа ұлт өкілдері өз ана 

тілі мен салт-дәстүрлерін сақтап, жетілдіруде үлкен мүмкіндіктерге ие 

болды.  Солардың  бірі  «шешен-ингуш»  ұлты.  Қазіргі  күні  Қазақстан 

бойынша 40 мың ингуш, 19 мың шешен тұрады.

Елімізде өмір сүріп отырған шешен-ингуш 

халқының  салт-дәстүрлері  туралы  «Вай-

нах»  этномәдени  орталығының  төрайымы 

Асият Ибрагимова: 

-  Менің  ұлтым  –  шешен.  Талдықорған 

қаласының  тұрғынымын.  «Шешен-ингуш 

халқының  салт-дәстүрі  жайлы айта кететін 

болсам,  шешен  ұлтының  да  өзге  ұлттар 

секілді  өзіндік  ерекшеліктері  бар.  Ше-

шендер  мен  ингуштар  қонақжайлылықты 

ерекше  құрметтейтін  халық.    Тығыз 

орналасқандықтан  қазақстандық  шешен-

дер  кавказдық  өмір  салтын  сақтап  қалды. 

Бұл,  әсіресе,  мерекелерде  байқалады, 

жастар  ұлттық  киімдерін  киіп,  дәстүрлі 

билерін билейді, ал тойларда үстелге отыр-

май,  жайылған  дастархан  басына  жина-

лады.  Дәстүрлі  шешен  тағамы  қазақтың 

ұлттық  тағамына  көбірек  ұқсайды.  Бұл  – 

сорпада  пісірілген  қамыр,  үлкен  табақта 

етпен  тартылады.  Ингуштардың  ұлттық 

киімінің  дәстүрлі  кавказ  ұлттарының 

киімдерінен  айырмашылығы  болған  жоқ. 

Тек  ерлердің  тарихи  әскери  киімдері  мен 

әйелдердің  «кур-харс»  деп  аталатын  бас 

киімі  ғана  ерекшеленеді.  Ерлердің  киімі 

–  «газырлы  черкеск»  деп  аталады,  сал-

танатты  жағдайлар  мен  әскери  уақытта 

киюге  арналған.    Мерекеге  және  үйлену  

тойына киетін киім «чуки» деп аталады. Өте 

қымбат, алтын және күміс жіптермен тігіледі, 

- дейді бізге берген сұхбатында. 

Бүгінде 


«Достық 

үйіндегі» 

Алма-

ты  облыстық  шешен-ингуш  «Вайнах» 



этномәдени  орталығында  «Вайнах»  атты 

би  ансамблі  жұмыс  істейді.  Ең  алғаш 

2006  жылы  «Даймохк»  деген  атаумен 

бүлдіршіндерге  арналған  ансамбль  болып 

құрылған болатын. Кейіннен ауқымы кеңейіп 

атауы  «Вайнах»  деп  өзгертілді.  «Вайнах» 

сөзі  тау  халықтарының  барлығына  ортақ, 

олар  өзара  амандасқанда  қолданады. 

Мағынасы  «адам»  дегенге  саяды.  Бүгінде 

ансамбльге он жыл толып отыр. Осы уақыт 

аралығында ансамбль көптеген аймақтарды 

аралап, белестерді бағындыруда. Сонымен 

қатар,  1997  жылдан  бастап  шешен-ингуш 

ұлтының «Вайнах» атты журналы жарыққа 

шығып  тұрады.  Қазақ  жерінде  тұрып, 

шешен  ұлтының  салт-дәстүрін  сақтап 

қалуына  Елбасының  ықпалы  зор.  Бір 

шаңырақ астындағы халқымыздың достығы 

мен  өзара  түсіністігі  одан  әрі  жалғасып, 

еліміздегі  ұлтаралық  татулық  берік  болып, 

қашанда  ынтымақ-бірлігіміз  мәңгі  жасай 

берсін демекпіз.



Балжан  ЖҰМАНБЕКОВА,

3-курс білімгері.

Бірліктіњ биігінен 

кµрінейік!

Республикамыздың түкпір-

түкпірінде ерекше сән-салтанатпен 

аталып өтетін көктемгі мерекелердің 

бірі – 1 мамыр Қазақстан 

халықтарының бірлігі күні. 130-дан 

аса ұлт өкілдері тұратын Жетісу 

халқы үшін бұл мерекенің орны бөлек. 

Бірлік пен ынтымақ мерекесіне орай, 

Талдықорған қаласындағы «Достық 

үйіне» барып, Алматы облыстық 

Қазақстан халқы Ассамблеясы 

төрағасының орынбасары Ғабит 

Тұрсынбайұлымен сұхбаттасып 

қайтқан едік.

-  Ғабит  Тұрсынбайұлы,    «Достық  үйі» 

қашан  және  қандай  мақсатпен  шаңырақ 

көтерді? 

-  Достық  үйі  2008  жылы  қараша  айында 

пайдалануға  берілді.  Барлық  ұлттар  мен 

этностардың  басын  бір  шаңырақ  астына 

біріктіретін  облысымыздағы  бірден-бір  ме-

кеме.  Тарихы  да  ерекше.  Ерекше  дейтін 

себебім,  бұл  ғимарат  арнайы  Қазақстан 

халықтары 

Ассамблеясы 

тапсырысы  

бойынша  салынды.  Біз  этнос  өкілдерімен 

ақылдаса  отырып,  өз  ұсынысымызды  об-

лыс әкіміне алып бардық. Өтінішіміз  қолдау 

тауып,    сәулетшілерге  арнайы  тапсырма 

берілді. Біз  қазақтың киіз үйі сияқты күннің 

сәулесі  төбесінен  түсіп  тұрса  деген  тілек 

білдіргенбіз.  Ал,  сәулетшілер  ойымызды 

қолдай  отырып,  қазіргі  заман  талабына 

сай үш қырлы күмбездеп әйнекті етіп жаса-

ды.    Біздің  төбемізден  ұдайы  шаңырақтың 

түндік  сияқты  күннің  сәулесі  түсіп    тұрады. 

Мекеме  үш  қабаттан  тұрады.  Бірінші 

қабатында әкімшілік бөлмелер орналасқан. 

Арнайы  бір  кабинетке  киіз  үй  тігіп,  ішін 

ұлттық нақыштағы жабдықтармен толықтай 

жабдықтадық. Келесі кабинетте «Тіл үйрету 

орталығы»  бар.  Онда  қазақ  тілін  үйренем 

деушілерге толықтай мүмкіндіктер жасалған. 

Жыл сайын үш топ білім алады. Бастауыш, 

дамытушы,  жалғастырушы  топтар.  Сегіз 

жылдан  бері  500-ге  жуық  адам  осы  жер-

ден  мемлекеттік  тілді  үйреніп  шықты.  Ал, 

екінші  қабатта  үлкен  190  орынды  акт  залы 

бар.  Бұл  жерде  облыстық  Ассамблеяның 

сессиясын  және  басқа  да  түрлі  жиналыс-

тар  өткіземіз.  Мүгедек  жандарға  арналған 

«Асыл  бала»  атты  қайырымдылық  қоры 

бар.  Үшінші  қабатта  барлық  этностардың 

жеке кабинеттері жұмыс істейді. Олар өздері 

қалаған уақыттарында бас қосады. Мысалы, 

еврейлер  әр  аптаның  сенбі  күні  жиналып, 

«шават» деп аталатын жиындарын өткізеді. 

Біз жұма күні мешітке жиналсақ, олар «ша-

ват»  жиынын  ұйымдастырып,  өздерінің 

салт-дәстүрі мен тарихын насихаттайды. 

-  «Достық үйінде» қанша ұлт өкілдерінің 

орталығы топтасқан? 

-  23  облыстық  этномәдени  орталықтың 

кеңселері  бар.  Қала  бойынша  10  негізгі  

этностар 

орталығы 

тығыз 


топтасып 

қоныстанған.  Барлығының  қызметі  бір 

арнаға тоғысып отыр. 

 

- Осы орталықтың жеке газеті   немесе 



журналы  шығып тұра ма?

-  Жеке  газет-журналы  жоқ.  Бірақ  сайты 

бар. Ассамблея хатшылығы қандай іс-шара 

өткізіп  жатқандығы  жөнінде  сайтқа  толық 

жариялап  отырады.  Облыстық  «Огни  Ала-

тау»  газетінде  ай  сайын  шығып  тұратын 

айдарымыз  бар.  Сол  жерге  Ассамблея  ая-

сында  және  басқа  да  түрлі  тақырыптарда 

мақалалар  жарияланып  тұрады.  «Жетісу» 

газетімен, телеарналармен де тығыз байла-

ныстамыз.

-  1  мамыр  Қазақстан  халқының 

бірлігі  күніне  орай,  қандай  іс-шаралар 

ұйымдастырып жатырсыздар?

-  Біз  бұл  күні  үлкен  достық  фестивалін 

ұйымдастырамыз.  Әр  жылда  әртүрлі 

бағдарламаға сәйкес, іс-шаралар өткізіледі. 

Биылғы  жылдың  ерекшелігі  еліміздің 

Тәуелсіздігіне 25 жыл толып отыр. Осындай 

үлкен  мерекенің  қарсаңында  Талдықорған 

қаласында  жаңадан  «Жастар  саябағы» 

ашылады. Сол саябақта өткізу үшін арнайы 

концерттік бағдарлама жоспарлап отырмыз. 

Әр этнос өкілдері өз өнерлерін көрсетеді. 

-  Мереке  қарсаңында  елімізге  айтар 

тілегіңіз?

 - Бір шаңырақ астындағы халқымыздың 

достығы  мен  өзара  түсіністігі  одан  әрі 

жалғасып,  еліміздегі  ұлтаралық  татулық 

әрдайым  берік  болып,  қашанда  ынтымақ, 

бірлік биігінен көрінейік!

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет