Единство наше главное богатство



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата15.03.2017
өлшемі11,78 Mb.
#9421
1   2   3   4   5   6

Ақерке ӘБДІКЕРІМ,

3 курс  білімгері.

Ғабит ТҰРСЫНБАЙ,

Алматы облыстық Қазақстан халқы  

Ассамблеясы төрағасының  

орынбасары, хатшылық меңгерушісі. 

Тәуелсіздік  туы астында ілгеріге қарыштай  

қадам 

басқан 


мол 

жетістіктерімізді 

мақтанышпен  айтатын  күнге  жетсек,  бұл 

–  еліміздегі  ұлттар  достығының  жемісі.  

Елбасымыз  әр  сөзінде  мемлекетіміздің 

болашағы  үшін  еңбек  етіп  жатқан  әр 

адамның  ұлттық  болмысына  қарамастан,  

ортақ  табысқа  үлес  қосуы  –  ортақ 

шаңырақтың 

іргесі 


мығым  болуына 

мүмкіндік  туғызатындығын  баса  айтады. 

Осы бағытта  Ассамблеяның құрылуы, оның 

қазіргі таңдағы беделі сөзімізге дәлел. 

Жетісу  жерінде  жүзден  астам  ұлттың 

өкілдері  бауырластықпен  еңбек  етіп,  бір 

атаның  баласындай  өмір  сүруде.  Сонау 

қиын  қыстау  кезде  өмір  ағымымен  қазақ 

жерінің топырағын басқан жандар, жергілікті 

халықпен  біте  қайнасып  кетті.  Олардың 

ұрпақтары  Қазақстанда  туып,  Жетісуды 

өзінің  туған  жері  ретінде  бағалайды. 

Қазақтың тілін, дәстүрін бойына сіңіргендері 

қаншама?  Мемлекеттік  тілде  сөйлеп, 

қазақша  күй  тартып,  ән  шырқайтындарды 

көргенде қуанамыз.

«Достық»  үйінде  болып,  ұлттық  этнос 

орталықтарының  жетекшілерімен  тілдесу 

барысында,  олардың  бірқатар  игілікті 

істердің  бастамашысы  екендігіне  көзіміз 

жетті.  Облыс,  қала  шеңберінде  өткізілетін 

мәдени шаралардың басы-қасында жүреді. 

Түрлі үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде де 

белсенділік көрсетіп жүргендерінің куәсі бо-

лып жүрміз.

Талдықорған  аймақтық  поляк  мәдени-

ағарту  қоғамының  төрайымы  –  Елена  

Порсева:  «Қазақ  халқының  өзге  ұлт  

өкілдеріне 

жасап 


отырған 

аталық 


қамқорлығын 

ешқашан 


ұмытпаймыз. 

Үлкендерден  бізге  жеткен  сыйласымдық 

қағидасы  өз  жалғасын  тауып  келеді. 

Қазақстан 

халқы 

өздерінің 



достық 

жолындағы  дәстүрлі  тәжірибелеріне  сүйене 

отырып,  ортақ  жетістіктерді  еселей  ат-

тыру  мақсатында  әлі  талай  биік  белес-

терге  көтерілеріне  сенімім  мол.  Өйткені, 

алға  қойылған  міндет  ортақ»,  -  дейді  нық 

сеніммен.

Тәуелсіздік  алған  жарты  ғасыр  ішінде 

мемлекетіміз  қарыштап  дамыды.  Осы-

лайша,  ілгері  басуымызға  қазақ  жеріндегі 

ұлттар  арасындағы  ауызбірлік,  ежелден 

қалыптасқан  достық  өзінің  игі  ықпалын 

тигізіп  келе жатқандығын жақсы түсінеміз.

Дәулет ДӘУРЕН.

Береке бастауы

Біздің  мектепте  қазақ  тілі  пәнінен 

сабақ  беретін  Самұратова  Сандуғаш 

Асылбекқызы деген ұстаз бар. Ол кісі әңгіме 

айтқанда,  ұйып  тыңдап  қаласың.  Оның 

әңгімесі  содан  кейін  ешуақытта  есіңнен 

кетпейді.  Мен  өзім  сол  әңгімені  естігенде, 

бір жағынан қызыға, екінші жағынан қызғана 

қарадым. Өйткені, сондай достық менің ба-

сымда болса ғой деп ойладым. Ол кісі біздің 

ауылға көршілес орналасқан Жылымды ау-

ылында туып, сол ауылда өсіпті. Жылымды 

ауылына    Ұлы  Отан  соғысы  кезінде  басқа 

ұлт өкілдері жер ауып келген екен. Көбінесе 

соғыстың  ауыртпалығын  көтеріп,  алғаш 

соққы алған белорус, украин елдерінің  аза-

маттары екен. 

Біздің мұғалімнің үйі белорус жанұялары 

тұрған көшеде тұрыпты. Сол көшенің шеткі 

үйінде  өзімен  бірге  бір  сыныпта  оқыған, 

балалық  шағын  бірге  өткізген  Ланцейвич 

Витя  деген  досы  болыпты.  Ол    мейірімді, 

қолы  ашық,  сыпайы  бала.  Сол  баланың 

үйінің  адамдары  мен  мұғалімнің  жанұясы 

бір  отбасының  адамдары,  туыстар  сияқты 

болыпты.  Бір  нан  болса  да  екі  отбасы 

бөлісіп  жеп,  ойлары  да  бір  жерден  шығып 

отырған екен. Бұл – үлгі аларлық іс. Витямен 

ойнаған ойындары, оны қазақ тіліне үйретуі, 

сол  үйде  қона  жатып  ойнауы  қызықтырды. 

Мұғалімнің айтуы бойынша, олардың үлкен 

бақшалары  болыпты.  Сол  бақшадан  жи-

налатын  қиярды,  орамжапырақты  тұздау, 

салат түрлерін жасауды ауылдастары осы-

лардан үйреніпті. Витя сияқты неміс, украин 

балалары таза қазақ мектебінде оқып, таза 

қазақ тілінде сөйлеген дейді. 

Мектепте  неміс  тілі  пәнінен  Ида  

Александровна  сабақ  беріпті.  Ол  кісі 

сабақты  орыс,  қазақ,  неміс  тілін  салысты-

ра  отырып  түсіндіреді  екен.  Сондықтан 

біздің  мұғалім  ол  кісінің  үйреткендерін  әлі 

күнге  дейін  есінде  сақтап  қалыпты.  Ида  

Александровна әлі де Жылымдыда тұрады 

екен. Ол кісінің келіндері қазақ, немерелері 

Жылымды мектебінде қазақша оқып жатқан 

көрінеді. Сонда мұғалім бастаған достық әлі 

де  жалғасын  табуда.  Ұлт  пен  ұлттың  еш 

айырмашылығы  жоқ.    Қазіргі  таңда  басқа 

ұлт өкілдеріне үйленіп, ұрпақ әкеліп жатқан 

жанұялар  қаншама.  «Сыйласаң  –  сыйлы 

боларсың»  деген  мақал  бар.  Қай  ұлт  өкілі 

болмасын, сен сыйлай білсең, ол да сені со-

лай сыйлап, құрметтейді. 

Мен  осы  естігендерімнен  не  түйдім? 

Болашақта  үлкен  азамат  болып,  ел-

ден  жырақ  шыққанымда,  мұғалім  айтқан 

қасиеттерді өзіме ту етіп ұстап, қай ұлттың 

өкілі болмасын өзімнің туғанымдай көретін 

боламын. 

Ермахан АРМАН.

Ұстазымның әңгімесі



немесе ұлттар достығы жайлы

Жетісу 

университеті



6

бейсенбі, 21 сәуір, 

2016 жыл

ТАЛАНТТЫЛАР ТҰҒЫРЫ

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу 

мемлекеттік университетінде 2014-

2015 оқу жылынан бастап шетелдегі 

қазақ диаспорасына арналған дайындық 

курсы жұмыс істеп жатыр. Екінші жыл 

жүргізіліп отырған бұл  дайындық курсы 

шетелдің білімін алған тыңдаушыларды 

Қазақстанның жоғарғы оқу орындарына 

оқуға түсу үшін, кешенді тест тапсыруға 

дайындайды. Кешенді тестілеуден 

қажетті ұпай жинаған тыңдаушылар, 

таңдаған мамандықтары бойынша 

Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында 

білім алу мүмкіндігіне ие болады. Алғашқы 

жылы  Білім және ғылым министрлігінен 

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетіне  барлығы 70 

тыңдаушы бөлінген болса, екінші жылы 100 тыңдаушы бөлінді. "Ел іші – өнер 

кеніші" - дегендей, тыңдаушылар арасынан ән айтып, би билеп,  жыр жазып, 

шығармашылыққа құлшыныс білдіріп жүрген  білімгерлер де кездеседі. Олар  

«Айналайын» балалар үйіне барып, сол жердегі көңілі жарым, жанары мұңға 

оранған қамқорлықтағы балаларға  қайырымдылық концерт көрсетті. Сондай-

ақ, 22 наурыз  - Ұлыстың Ұлы күніне арналған мерекелік іс-шарада Жастар 

спорт кешені алаңында «Қара жорға» биімен көпшілікті тәнті етті. Салау-

атты өмір салтын ұстану барысында футбол, волейбол командаларын құрып,  

спорттық жарыстарға да белсене қатысып келеді. Тіпті, сурет өнерімен ай-

налысатын, мәдени кештердің  жүргізушісі секілді қабілетімен көзге түскен да-

рынды жастар  бар. Орайы келгенде, сүйікті газетіміз арқылы Дидар Ерғали 

және Ерсінбек Жұмабек есімді екі  жас қаламгердің балауса өлеңдерін оқырман 

назарына ұсына отырып, оларға атамекен төсінде шығармашылықтарың  то-

ластай түссін деген тілек білдіреміз. 

Бибігүл МҰСАНОВА,

мансап және имидждік жұмыстар офисінің 

дайындық курсы бойынша сектор жетекшісі.

Gazeta.zhgu@mail.ru

Өнерлерің өрге жүзсін

Дидар Ерғали 1997 жылы желтоқсан 

айында Қытай Халық Республикасы, 

Шыңжаң автономиялық ауданы, Санжы 

қаласы, Ашылы ауылында дүниеге кел-

ген. 2002 жылы балабақша есігін ашты. 

Бастауыш сыныпты, толықсыз Санжы 

қалалық № 2-орта мектепте оқыған. 

Содан кейін Үрімжі қаласындағы № 36-

орта мектепті бітірген. 

Ол толық орта мектепті аяқтаған соң, 

өз қалауымен қазақ елі - атамекенге ат-

басын бұрды. Қазір Жетісу мемлекеттік 

университетінің дайындық курсының 

тыңдаушысы. Жастайынан кітап оқуға 

деген құлшынысы жоғары жан. Бас-

тауыш сыныптан бастап өлең жаза-

ды. Болашақта Қазақстанда білімін 

жалғастыру жоспарында бар. 

Нарын судың 

ауа-райы


Жарықтық, Нарын судың ауа-райы-ай!

Жауғысы кеп қиналады, жауа да алмай. 

Майлының жотасына бұлт ілінсе, 

Шығып ап қара боран абалайды-ай! 

Боран шықса, жалтаң жер мал тұрмайды, 

Сонымен, қойшылар да салады айғай.

Бораны өз алдына түзу соқпай, 

Жұлқылап қара қосты сабалайды-ай! 

Сонымен үйде айғай, далада айғай, 

Қиналасың, жайлы жер таба да алмай. 

Алтыншы айың, сонымен, желмен өтті,

Жарықтық, Нарын судың ауа-райы-ай!



Ерсінбек ЖҰМАБЕК,

дайындық курсының білімгері.

Қоңыр оба 

сазы

Уа, менің қасиетті Қоңыр обам,



Өзіңнің суыңды ішкен ата-бабам.

Күні бүгін жалғасып келе жатыр, 

Өзіңде думандатып, той тойлаған. 

Мекенім сонау менің - Қоңыр оба, 

Тауың мен адырларың қоңыр ала. 

Сахараның шұбырған малдарымен,

Бетегесі жайқалған қоңыр дала. 

Бұрқылдап тас бастауы қайнап жатқан, 

Жағасына ел биесін байлап жатқан. 

Сәніне сахараның бәрі сай кеп, 

Мамырлап қалың елім жайлап жатқан. 

Көлің анау, қаз-үйрегі қаптаған, 

Қоңыр оба, өзіңді айтып мақтанам.

Жастайымнан тай-құлындай еркелеп

Өз жеріңде өлеңдерді жаттағам. 

Жазығың бар, көз жетпейтін көсілген,

Қазағың бар, шабандозын өсірген. 

Суың – зәмзәм, көлің – шәрбәт көркі бар,

Қоңыр оба мәңгі кетпейді есімнен. 

Түсін мені

Қайран, менің жүрегім толы мұңға,

Неге маған тек қайғы жолығуда.

Көңілге қонар ақыл айтар кім бар,

Есіл дертім бір жанды сағынуда.

Санамда сарқылмайтын сағыныш бар,

Албыртпын жас жүрегі алып ұшқан.

Ойласам көп қинаған сол сылқымды,

Жүректі қилы сезім жарып ұшқан.

Ол ару қатпар миды ойға салған,

Бірақ та, алақанға қонбас арман.

Қол созып сезімменен, төзімменен,

Тек түсімде қиялмен қолқа салғам.

Қалғандай жаралы аққу көл бетінде,

Есімнен кетпей қойды күнде, түнде.

Дәл сол аққу секілді қалдым ұшпай,

Жүргендей жапа-жалғыз жер бетінде.

Көп қызды көрдім талай назды, сұлу,

Емес-ті қиын маған ғашық қылу.

Мың жерден сұлу қыздар бір өзіңдей,

Бермейді жүрегіме ыстық жылу.

Жаным-ау, мұң шағайын, айтшы кімге?

Жүрмін бе, бас ұрғандай жат сезімге.

Өзіңдей жолыққанша ғашық асыл,

Көңілді тоғытқан жөн кеп төзімге...



Нұртай АЗАТ,

журналистика мамандығының

1 курс білімгері.

Досыма 


сағыныш

Кімге айтам, мұңымды кімге шағам,

Кім тыңдайды, сыр айтып кімге барам. 

Сырласатын, мұңымды бөлісетін, 

Көмектесер жан бар ма қазір маған. 

Бүгін неге көңілсізбін, білмеймін,

Ел күлгенде, мен де неге күлмеймін.

Шіркін, шіркін, өткен күнді еске алсам, 

Сағыныштан ауызым құрғап, шөлдеймін. 

Осылай мен күн кешуден шаршадым, 

Көрген кезде дос балаларын басқаның.

Сырларымды өздерімен бөліскен,

Қытайдағы үш досымды аңсадым. 

Дидар ЕРҒАЛИ,

дайындық курсының білімгері.

 

Анашым



Қарайтын тіршілікке төзімменен,

Әлдилеп балапанын  көз ілмеген.

Ержеттім құшағыңда мен алаңсыз,

Анашым, бірге болып өзіңменен.

Міне, енді білім қуып жырақ кеттім,

Айтпайды бұл өмірді сынақ деп кім?

Ауылдан аттанарда қимай сені,

Артыма қарай-қарай жылап кеттім.

Жетегінде кете бардым арманымның

Тағдырын біле алады алдағы кім?

Қол бұлғап жол бойында  қала бердің,

Желбіреп басыңдағы ақ жаулығың.

Анашым мені ойлап таң атырған, 

Сеземін сағынышты әр хатыңнан.

Жан анам, жолға қарап жүр ме деймін, 

Құлыным келеді деп Алматыдан. 

Туған жер

Туған жерім жалғызсырап қалған ба,

Елден көшіп мен қалаға барғанда.

Өз ұланын іздей ме екен сағынып,

Ну орманы, қарағайы, талдар да. 

Туған жерім жалғызсырап қалған ба,

Биік шыңдар, сонау асқар таулар да.

Қала қанша әсем, биік болса да, 

Жасыл жайлау көздің жауын жаулайды.

Бар асылды өзге жұртқа төк мейлі,

Бірақ бәрі өз еліңе жетпейді.

Арман қуып мен алыста жүрсем де, 

Туған жерім мәңгі естен кетпейді.

Қарттарым-

қазынам

Қарттарым - асыл қазынам, дара жандар,



Ей, адамзат қарттарды бағалаңдар.

Қарттарым  - дүниенің дін қазығы,

Оларға сый құрметсіз қарамаңдар.

Бітпес дария, таусылмас алтын құдық,

Жүретін қамқоршы боп жарқын күліп.

Қан майдандабіздер үшін от та кешіп,

Қиындықты көп көрді еңбек қылып.

Ұрпақпыз қарияға бас иетін,

Асылдың сезе білген қасиетін.

Қарттардан - ізгіліктің мол шуағы,

Ей, жастар бата сұрап ниет еткін.

Ана тілі


Уа, Ана тіл құдіретіңнен айналдым,

Саған мәңгі айырылмастай байландым.

Ұрпақ - үні сөйлер сөзі, айнасы,

Ыстық лебі- кәусәр бұлақ қайнардың.

Ана тілім мен сенімен мақтанам,

Бар сырымды осы тілмен ақтарам.

Бесік жырын тыңдап өсіп анамның,

Мен өзіңді жүрегімде сақтағам.

 

 

.



Ана тілім қиындықты көп көрдің,

Талай зарлы күнді бастан өткердің.

Тәуелсіздік алдың ақыр түбінде,

Аманатты қиянатсыз жеткердің.

Ана тілде деп жазам өлең, шығарма,

Сен де оқып көр көңіліңе ұнар ма?

Ана тілім ардақ тұтқан бай тілім,

Шыншыл, тура, ұлы  ұлтыма сай тілім.



Лашын ЕРБОЛАТ,

Беріктас орта мектебінің 

10 сынып оқушысы, 

Кербұлақ ауданы.

Жарау жүйрік 

Құлагер


(І.Жансүгіровке арнау)

Қайсар мінез, жарау жүйрік Құлагер,

Құлагердің шабысына құмар ел.

Талай жылдар өткеннен соң тіл қатты,

Кәусар бұлақ байлығыңа мұрагер.

Қойнауына сені алғанда өр бабам,

Құнарланып қалған шығар, сірә, жер.

Тарих әлі жас алады жанарға,

Сағыныштан ән айтады нұра, бел,

Оған ұрпақ куәгер.

Тарих түтек, бет ауызы көкпеңбек,

Кемсітеді кер заманға кеткен кек.

Саясатқа сылтау болып нар ісің,

Кінәлады көрсоқырлар тектен-тек.

Бірақ бағлан болмысыңды білімдар,

Болашағың балайды нұр, көктем деп.

Жырларыңды жатқа оқып жүргенін,

Көзіңменен көрсең еді әттең, кеп.

Рахмет баба көптен-көп!

Зор рухыңмен суғарылған бесіктен,

Сенің күнің күліп кірді есіктен.

Добал дәуір жерлемеді даңқыңды,

Өнегеңді өлтіруге өшіккен.

Ақиқатқа айналдырды келешек,

Арманыңды талай жылдар кешіккен.

Кесел кетті, ел еңсесін тіктеді,

Шүкір, шүкір кем емеспіз нәсіптен,

Аспанымыз ашық, кең.

Дaуыл тартып әкетпесе желкенін,

Бұдан заңғар болады әлі ертеңің.

Қазынаңның түбіне ешкім жетпеді,

Зерттеді үштен бір-ақ бөлшегін.

Тау мен тасы, сағынады құстары,

Өзің туған қасиетті өлкенің.

Ақсу өзен толқындайды тағатсыз,

Ойынқұмар оралар деп тентегім.

Қасиеттім, көркемім!

Мұхтар КҮМІСБЕК.

Жетісу 


университеті

1 МАМЫР – І.ЖАНСҮГІРОВТІҢ 

ТУҒАН КҮНІ

бейсенбі, 21 сәуір,

 2016 жыл

7

Gazeta.zhgu@mail.ru

Аќын ±лаѓаты ±рпаќпен бірге

 

Сөз  зергерінің  айшықты  туындылары 



қазақтың  көркемсөз  мәдениетін  дамытты, 

әдеби тілді байытты.Ілияс Жансүгіров 1894 

жылы  мамыр  айының  1-де  бұрынғы  Қапал 

уезінің  Ақсу  болысына  қарасты  (қазіргі  Ал-

маты  облысы,  Ақсу  ауданы)  Қызылтаң 

ауылының 

маңындағы 

Кіндікқоңыр 

қыстағында  туған.  Ілиястың  4  жасында 

анасы  Көкіш  қайтыс  болып,  жастық  шағы 

көбіне әке тәрбиесінде өтеді. Балаға қатал 

Жансүгір  Ілиясты  мезгілінде  хат  таны-

тып,  қазақ  ішіндегі  белгілі  ақындар  мен 

жыраулардың кең тараған шығармаларымен, 

ауыз  әдебиеті  үлгілерімен  ерте  табысты-

рады.Табиғатынан  дарынды  жаратылған 

зерек бала Біржан мен Сараның, Әсет пен 

Рысжанның, Жанақ пен Түбектің, Шөже мен 

Кемпірбайдың  айтыстарын  жаттап  алып, 

«Қыз  Жібек»,  «Зарқұм»,  «Рүстем-Зорап» 

қисса-дастандарының майын ағыза оқиды.

1912 жылы күзде талапты жас оқуға ілініп, 

Қарағаштағы  «Мамания»  мектебінде  төрт 

жарым айдай оқиды. Бірақ бұл жолы да, түрлі 

себептерге байланысты оқуды тастап кету-

ге мәжбүр болды. Білімінің аздығын, оқыған 

кітаптарының  мардымсыздығын  қатты 

сезінген  Ілияс  қайтсе  жүйелі  түрде  оқымақ 

ниетімен 1920 жылы Ташкент қаласына ба-

рып, сондағы мұғалімдер даярлайтын қазақ-

қырғыз  институтының  екі  жылдық  курсына 

түседі.  Осы  кезеңде  «Ақ  жол»  газетінде 

корректор  болып  жұмыс  істей  жүріп,  Ғани 

Мұратбаевтың  ұйымдастыруымен  «Жас 

Алаш»  газетін  шығаруға  ат  салысады.

Өзінің  «Жалпы  жасқа»  деген  өлеңін  осы 

газеттің  бірінші  бетіне  бастырады.1921 

жылы  денсаулығына  байланысты  еліне 

қайтып,  Талдықорған  уезіндегі  Белтоған   

ауылдық  мектебінде  мұғалім  болып 

істейді.1922  жылдың  жазына  дейін  бала 

оқытты.  Сол  кездері  Алматыда  шығып 

тұрған  «Кедей  еркі»,  «Тілші»газеттеріне 

өлеңдерін  шығарады.1922  жылы  қараша 

айында  «Қосшы»  одағының  шақыруымен 

Алматыға  келіп,  «Тілші»  газетіне  әдеби 

қызметкер  болып  орналасады.  Газетте 

істеу,  экспедицияға  шығып,  халық  ауыз 

әдебиеті үлгілерін жинау жас Ілиясты шира-

тады, шыңдайды.

1923 жылдың ақпан айында Алматыдағы 

қазақ-қырғыз  институтының  меңгерушісі 

болып  тағайындалады.  Жас  азаматтың 

қызметтен  өзге  уақыты  түгелдей  кітап  пен 

баспасөз  беттерін  оқуға,  көңіліндегі  көрікті 

ойын қағазға түсіруге жұмсалады. Осы уақыт 

-  Ілияс  творчествосындағы  өрлеу,  ерекше 

жемісті, өнімді кезең.1924 жылға дейін Ілияс 

қаламынан 50 тарта өлең шыққан. Алғашқы 

өлеңдері 1917  жылы  "Сарыарқа»   газетінің   

15-сі  мен  22  тамыз  күндері  шықса,  басқа 

жырлары  «Тілші»,    «Кедей  еркі»,  «Жас 

Алаш», «Жаңа мектеп», «Әйел теңдігі» ба-

сылымдарында  жарық  көреді.  1927  жылы 

«Беташар»  атты  үгіт  өлеңі,  1928  жылы 

«Сағанақ»  деген  тұңғыш  кітабы  шығады.

Алайда, білім кемшілігін қатты сезінген Ілияс 

қаламгерлік  таланты  мен  есімі  танылып 

қалса  да,  өз  еркімен  қызметтен  босанып, 

1925  жылы  күзде  Мәскеудегі  Коммунистік 

журналистика институтына оқуға аттанады. 

Оны ойдағыдай бітіріп шыққан соң, әдебиет, 

журналистика  саласындағы  еңбекке  қызу 

араласады.  Алғашында  «Еңбекші  қазақ» 

газетінде  істеп,  кейін  1932  жылы  18  ма-

мыр күні өткен ҚазАПП-тың соңғы жиналы-

сында  Қазақстан  Кеңес  жазушыларының 

ұйымдастыру комитеті 10 адамнан құрылып, 

оның төрағалығына Ілияс Жансүгіровті сай-

лайды.  Қазақ  әдебиетінің  қалыптасуы  мен 

алға басуына Ілияс осы жылдары көп еңбек 

сіңіреді.  Осы  қызметте  1935  жылға  дейін 

істейді.1935-1937 жылдарда көркем әдебиет 

баспасында поэзия бөлімін басқарады.1937 

жылы  5  тамыз  күні  жікшілдер  мен  шаш  ал 

десе, бас алатын қаныпезерлердің кесірінен 

қамауға  алынып,  1938  жылы  26  ақпан  күні 

ату  жазасына  бұйырылады.Тек  1957  жылы 

12  көкекте  жазықсыз  жазаға  ұшырап,  рес-

публикада  отызыншы  жылдары  орын 

алған  зорлық-зомбылықтың,  социалистік 

заңдылықты  бұзудың  құрбаны  болған  аса 

көрнекті  қазақ  ақыны,  жазушы,  журналист 

Ілияс  Жансүгіров  толықтай  ақталып,  туған 

халқымен қауышады. 

Академик  Р.Нұрғалиев  өзінің  “Арқау” 

атты  монографиялық  еңбегінде:  “Туған 

жерін,  елінің  тау-тасын  өзен-көлін  беріле 

сүйген  патриот  ақын  қоршаған  ортаның 

ғажап  сұлулығынан өз шабытына нұр алып, 

сан  алуан  бояулары  буырқанған  ғажап 

суреттер  салды.  Бұлардың  ішінде  нақты 

географиялық  адресі  танылған  (“Ағынды 

менің  -  Ақсуым”),  табиғаттың    бір  сурттегі 

көрінісін    бейнелейтін  (“Ақшам”,  “Бұлт”, 

“Желді  күн”,  “Жазғы  таң”)  құбылысты  көз 

алдыңа әкелетін (“Жауында ”, “Жел ”, “Тас”) 

сан  алуан  үлгілері  бар.  Натюрморт,  этюд, 

эскиз  сипатындағы  туындылардағы  ой-

лар,  символдық  бейнелер,  ишарат  образ-

дар  философиялық  идеяларға  жетелейді, 

көп  мағыналы  сарын-әуездерді  тудыра-

ды.  Ілиястың  табиғат  лирикасына  орай 

жазылған  қай  өлеңін  алып  қарасаңыз  да, 

ондағы  стиль  өрнегі,  қаламгерлік  дара 

тұлғасы  айқындалып  тұрады.  "Өлеңіндегі 

эпикалық  кеңдік,  теңеу,  эпитет,  метафора, 

градация, эпифора, анафора байлығы оның 

поэзиясының негізі»,- дейді. Одан халықтыќ, 

фольклорлық  леп  ескендей  сезіледі. 

Олай  болуы  заңды  да.  Халқымыздың  құт-

берекесі  дарыған,  көне  заманнан  даналық 

пен  ақындық  мекені  болған  Жетісу  жерінің 

перзенті  Ілияс  бала  күннен  бастап,  өлең 

мен  жырдың  қойнауында  туып,  сонда  өсіп-

өркендеген.  Нәтижесінде,  нағыз  халықтық 

пафоста, 

танымдық-білімдік 

тұрғыдан 

берері мол этнографиялық ғылым саласына 

жақын жазылған өлеңді көресіз:

Ақ үйге алты қанат келсем кіріп,

Босаға, маңдайша мен табалдырық,

Кереге алты жапсар, алпыс уық,

Шаңырақ, күлдіреуіш оған жуық.

Құр, таңғыш, басқұр, арқан, екі аяқ бау,

Төрт ірге, есік жабық, ши туырлық,

Он бес бау ішкі-сыртқы  белдеу, желбау.

Бұрын-соңды мұндай өлең жазылмаған. Бұл 

қазақ  поэзиясындағы  жаңа  серпін,  жаңа 

үрдіс. Бұл - өлең үлгісін Ілияс жас шағында 

жазған.  Қазірде  ұмытыла  бастаған  үй 

жабдығын өлеңмен өріп, атауын атап, түсін 

түстеп  беру  Ілияс  шығармаларын  ерекше 

ажарландырады.  «Жетісу  суреттері»  өлеңі 

Ілиястың  ең  айшықты  шығармаларының  

бірі. 

Мінеки, Алатауға біткен торғай:



Қара, боз, суық, бұқпас, сипті, шымшық,

Шапшақай, майлық, маубабұқа, шөже, 

Тоқылдақ, сан–сапалақ атаулысы...

Жетісудың  бай,  шүйгін  табиғатын  жырға  

қосады. Тегінде, «Жетісу суреттері», «Жалпы 

сын», «Тау суреті», «Жетісудағы су суреті», 

«Жетісу  жәндігі»,  «Жер  түгі»,  тәрізді  бес 

бөлімнен, 333 жолдан тұратын көлемді туын-

ды. Бұл шығарма асқан шебердің қолынан 

шыққан,  құлпырып  жайнаған,  ерекше  па-

фоспен  жазылған  қазақ  поэзиясындағы  еш 

қайталанбас құнды поэзиялық мұра.

Қазақ  әдебиетінің  құнарлы  саласының 

бірі  -  поэзия  болса,  Ілияс  сол  құнарлы 

салаға бар күш-қуатын сарқа жұмсаған  ал-

пауыт ақынның бірі.

Ілияс  -  өзінің  әдебиет  әлеміне    келіп, 

өмірінің 

соңына 

дейін 


20 

жылға, 


творчестволық  кезеңіне  дейін  күшін  сарқа 

мол  еңбектенген  қаламгер.  Ілияс  -  өз 

заманының көкейтесті кез келген әлеуметтік 

мәселелеріне үн қосып, өз дәуірінің болмыс-

бітімін  жан-жақты    бейнелеп  жырлаған. 

«Жаңылғаным»,  «Талғамалар»,  «Маңым», 

«Жыбырлық», 

«Замандасқа» 

атты 

өлеңдерінде    төңкеріске  дейінгі  надандық 



пен  жоқшылықтан  шығар  бір  жол  -  оқу-

білім  екенін  айтып,  сонымен  қатар,  адами-

моральдық мәселелерге ден қояды.

Өнерге ұмтыл, өнерді біл замандас!

Қамдан, жатпа, заманыңнан хабарлас!

Ынта салсаң, білім уын қолға алсаң,

Теңдік  тиер,  ешкім  күйе  жаға  алмас! 

Ақын  ертеңгі  болашақты  бүгін  ойлау  

қажет  деген  идеяны  жастарға  арнай-

ды.  Жарқын  күнге  жету  үшін,  өмірде  өз   

жолыңды  табудың  қажет  десе,  бірде  өз 

жолын  әлі  таба  алмаған,  алдына  мақсат 

қойған  жеткіншектерге  «Жастар»,  «Сана-

лы  жастарға»,«Баласынан  анасына  хат», 

«Оқимын»  деген  өлеңдерді  жазады.  Ілияс 

өміріндегі айтулы кезеңнің бірі - оның 1928 

жылы  сол  тұстағы  Қазақстанның  аста-

насы  Қызылорда  қаласында  тұңғыш  рет 

«Сағанақ»  атты  жинағының  жарық  көруі. 

Мұнда  өзінің  «Балдырған»  және  «Қызыл 

жалау»  атты  қолжазба  дәптерінен  іріктеліп  

алынған  туындылары  мен  кейінгі  баспасөз  

орындарында  жұмыс  істеген  тұстарында 

жазған жыр өлеңдері енгізілген.

Өнер  тақырыбындағы  алғашқы  «Күй» 

атты поэмасын 1929 жылы жазды. Сырттай 

қарағанда,  бұл  поэмада  халық  жадында 

сақталған  «Боз  інген»  аңызы  толғанатын 

сияқты. Ал, үңіле зер салсақ, поэма арнасы 

сол аңыздан кеңірек. Поэма ертедегі халық  

дарынының  құдыреттілігін,  адамның  жан 

дүниесін тебірентетін сиқырлы эстетикалық 

күшін  танытуды  мақсат  еткен.  Ақын  алды-

на  қойған  сол  мақсатын  орындап  шыққан. 

«Күй» - лиро-эпикалық шығарма. Поэманың 

сюжеті  бар.  Сол  сюжетпен  қиюласып,  та-

мырласып  жатқан  лирикалық  шегініс  те 

мол.  Баяндау,  суреттеу  қатар  жарысып, 

поэманың  жалпы  бітімі  сындарлы  болып 

шыққан. Тұтастай алғанда, «Күй» - ақынның 

тарихи тақырыпқа поэма жазудағы алғашқы 

творчестволық  сәтті  ізденістерінің  жемісі. 

«Күй»  -  қазақ  поэмасының  тарихындағы 

өнер  тақырыбына  арналған  алғашқы  сәтті 

туындының бірі. 

Ілиястың  1934  жылы  жазылған  «Күйші» 

поэмасы қазақтың эпикалық поэзиясындағы 

елеулі  құбылыс  болды.  «Күй»  ақынның 

поэма  жанрындағы  өнер  тақырыбын 

қозғауының  басы,  әдемі  бастамасы  бол-

са, «Күйші» соның сатылы, заңды жалғасы 

еді.  «Күйшіде»  ақын  өнер  тақырыбын 

өрістете түсті. Көркемдік шешімі тұрғысынан 

қарағанда,  ақын  ілгеріледі.  Сюжеттік, 

композициялық,  образдық,  тілдік  шеберлік 

бағытында ақын алғашқы поэмасынан гөрі, 

«Күйшіде»  өсу,  биіктеу  үстінде  болғанын 

толық  аңғартты.  Ілияс  Жансүгіровтің  осы 

«Күйші»поэмасы кең тынысты, асқақ әуенді, 

қатыгездік  пен  зұлымдықты  өнер  арқылы 

жеңе білген қазақ әдебиетіндегі қайталанбас 

ірі де көркем туынды. Мұнда негізгі сюжет-

пен  қоса,  Қарашаш  пен  Күйші  арасындағы 

терең  психологизм,  адам  сезімдерінің 

шарпысулары  ақынның  шалқар  шабыты-

на,  шексіз  фантазиясына,  табиғи  ағысына 

барынша ерік берілгені айқын аңғарылады. 

Ілияс  Жансүгіровтің  «Күйші»  поэмасының 

көркемдік  сапасы  аса  жоғары.  Сонымен 

қатар, идеялық мазмұны да терең.

Ақынның  өнер  тақырыбына  жазылған 

тағы бір туындысы – атақты «Құлагер» поэ-

масы.  Бұл  поэманы  ақын  қазақ  халқының 

ардагер ұлы Ақан серіге арнаған. «Құлагер» 

поэмасы  1936  жылдың  қараша  айында 

«Социалистік  Қазақстан»  газетінің  бірнеше 

сандарында  жарияланады.  Бұл  ақынның 

эпикалық  жырларының  ең  соңғысы  және 

поэзиясының  ең  биік  шыңы.  Поэмаға 

арқау болған оқиға – тараудың басындағы 

тұсында сері болсын, пері болсын, өмірімен 

ұнаған  Ақан  және  тұлпар  ат  Құлагер. 

«Күйші»  поэмасындағыдай,  бұл  поэмада 

да  Ақан  өмір  сүрген  заманға,қ  оғамға  де-

ген ақынның авторлық тенденциясы айқын. 

Негізгі  мақсаты  –  ескі  өмір  мен  бүгінгі 

ұрпақты  таныстыра  отырып,  сол  заманға 

өз замандастарының ыза, кегін өршіте түсу. 

Осылай толғана отырған ақын халқының ескі 

тарихын, тұтастай қаралап, мансұқтамайды 

да. Қанаушылар билеген сол қара түнек за-

манда еңбекші халық жасаған рухани асыл 

қазынаға  да  үңіледі.  Ақан  өмірін  жырлай 

отырып,  сол  бүкіл  феодалдық  заманның 

зұлымдығын,  ірік-шірігін  әшкерелей  түскен.

Поэманың идеялық түйіні, міне, осында. 

Ілияс 

өзінің 


өмірбаянымен 

бірге, 


халқымыздың бүкіл тұрмыс-тіршілігін, салт-

санасын,  мінез-құлқын  жан-жақты  толғаған 

заңғар ақын. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет