-Оқушылардың шығармашылық белсенділігі дамиды; -Не істеу керектігін мұғалім айтып тұрады ал оқушы дереу орындайды (барлық тапсырманы мезгілінде орындаған оқушы үлгермеушілерге көмектеседі); -Топ оқушыларынан толықтай жауап алу; -Мұғалім сұрақ қоя отырып, оқушылардың білім деңгейін анықтай алады; -Үлгерімі төмен оқушымен жеке жұмыс істеу мүмкіндігі болады; -Дарынды оқушыға өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіншілік болады; -Мұғалім тапсырма дұрыстығын сол мезетте тексере алады. Сабақты зертханалық, сарамандық жұмыстарды орындата отырып өткізу арқылы оқушы бойынан төмендегі қабілеттерді дамытуға мүмкіншілік артады: -Білім,білік дағдыларын арттыру; -Жауапкершілік пен міндеттерін қалыптастыру; -Логикалық және ақпараттық ойлау қабілеттерін дамыту; -Өз бетінше ізденуге үйрету, сауаттылыққа тәрбиелеу; -Алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу. Дүниетану сабақтарында білімнің маңызды көзі-географиялық картаны оқып, үйрену, географиялық сипаттағы мағлұматтарды ала білу дағдыларын дамыту, қалыптастыру болып табылады. «Көзбен көріп, қолмен ұста» дегендей, әр сабақта картамен жұмыс карта бетіндегі географиялық нысандардың есте сақталуына ықпал етеді. 3-сыныпта «Географиялық карта» тақырыбы өтілгенде карта түрлері көрсетіліп, елімізбен шекаралас елдерді атау сияқты тапсырмалар орындалады.
Мысалы «Топырақ. Топырақтың қорғау» тақырыбында топырақтың құрамын анықтау үшін топырақты суға салдық. Нәтижесінде көпіршік шықты. Яғни, топырақтың құрамында ауа бар екенін анықтадық. Мысалы 2-сыныпта “Су” тақырыбын өткенде жұмыс жүргізбес бұрын дербес ойлану тәсілін қолданып су туралы не білетіндері сұралады. Су айналымының сызбасы көрсетіліп, су қайдан пайда болатыны түсіндіріледі. Судың үш күйі тәжірибе жүзінде көрсетіліп, дәлелденеді.
Балалар ыстық судың буға айналатынын біледі.
Пішіні болмайтынын әртүрлі ыдыстарға өздері су құю арқылы зерттеді.
Судың түссіз, дәмсіз екенін білді
Лабораториялық жұмыстарды түсіндіру мейлінше күрделі тақырыптар мен физикадан өтіліп жатқан құбылыстарды сезіну үшін, теориялық білімнің маңызын түсіндіруге тиімді. Мектепте физиканың жалпы курсының 25-30% лабораториялық сабақтар болып табылады.
Лабораториялық сабақтарды оқу процессін ұйымдастырушы форма ретінде қарауға болады, яғни эксперименттік зерттеулерді жүргізу және қалыптастыру кезіндегі теорияны өмірде қолдана алуы, шығармашылық қабілеттіліктің дамуы, құрал-саймандарға практикалық машықтануы ұйымдастырады.
Оқу материалының практикалық жұмыстары бағалау, болжау, түсіндіру, сипаттау, картадан көрсетіп атап беру біліктерін қалыптастыруға бағытталған. Оқушылардың бағалау және болжай алу біліктерін қалыптастыруға арналған практикалық жұмыстар жоғары сыныптарда басымырақ болып келеді. Оқу пәнінің базалық мазмұнында міндетті практикалық жұмыстар белгіленіп берілген. Мысалы: 6 класста барлығы – 51 сағат берілсе соның 6 сағаты практикалық жұмыстарға бөлінген. Практикалық жұмыстар белгілі бір тарау бойынша алған білімдері мен біліктерін өмірде қолдана білуге және пәнді тереңірек меңгеруге үйретеді. Әрбір практикалық жұмыстың өзінің алдына қойған мақсаты мен міндеті және орындалу тәртібі болуы тиіс.