Репродуктивтік әдіс арқылы оқушы "дайын" білімдерді есінде сақтап, кейін қатесіз айтып бергенмен, оның ақыл-ой белсенділігі төмен болады. Эвристикалық әдіс арқылы ақыл-ой жұмысы күшейеді, оқушы білімді өзінің танымдық іс-әрекеті арқылы алады. Бұл әдіс бастауыш мектептерге де таралған. Ю.К. Бабанский оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандыру әдістерін топтады. Ол іс-әрекет 3 бөліктен
ұйымдастыру ынталандыру бақылау М.И.Махмутов оқыту әдісіне сәйкес келетін оқу әдістерін іріктеген. Оқыту әдістері:
Ақпарат беру әдісі Түсіндіру Ынталандыру Тәжірибелік Түсіндіру – жеке ұғым, құбылыстарды, құралдар, көрнекі құралдардың жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін ауызша баяндау. Түсіндіру әдісіне қойылатын талаптар:
сұрақтарды дәл және анық тұжырымдау; • себеп-салдар байланысын ашып, дәлелдер келтіру; • салыстыру, қатар қою, ұқсату, жарқын мысалдар қолдану; • жүйелілік.
Әңгімелесу әдісі. Оқушыны жаңа білімді алуға белсене қатыстырып, оны білім алу әдістеріне, мұғалім қойған сұрақтарға өз бетімен жауап беруге үйретеді. Әңгімелесу әдісінің артықшылықтары: • ес пен тілді дамытуы; • оқушылардың оқу-танымдық қызметін белсенді етуі; • оқушылардың білімінің белгілі болуы; • жақсы диагностикалық құрап; • үлкен тәрбиелік күші бар. Әңгімелесу әдісінің кемшілігі: • уақыттың көп кетуі; • қауіп элементі бар (оқушы дұрыс жауап бермеуі мүмкін, оны басқа оқушылар естіп, есінде сақтап қалады. Кітаппен және оқулықтармен жұмыс – оқытудың маңызды әдісі. Бастауыш сыныптарда кітаппен жұмыс сабақта мұғалім басшылығымен жүзеге асады. Баспа материалдарымен өз бетімен жұмыстың кейбір тәсілдері бар. • конспектілеу - кітаптың мазмұнын қысқа баяндау; • мәтіннің қарапайым және күрделі жоспарын жасау. Жоспар құру үшін мәтінді оқып болған соң оны бөліктерге бөліп, әр бөлікке атау беру керек; • тезистеу - кітаптың негізгі ойларын қысқа баяндау; • цитаталау - мәтінді сөзбе сөз көшіру. Міндетті түрде автор, кітап (жұмыс) аты, баспасы, шьққан жылы, беттері көрсетіледі; • аннотация — мәнді, елеулі мағынасын жоғалтпай мазмұнды қысқа баяндау; • рецензиялау - оқу материалы туралы өз ойын қысқа жазу; • справка жазу - тапқан кітап, т.б. мағлұмат көзі туралы мәлімет.