Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі


Практикалық жұмыстарды орындау барысында



бет5/5
Дата18.12.2023
өлшемі1,29 Mb.
#140544
1   2   3   4   5
Байланысты:
ОБӨЖ-8.ДҮНИЕТАНУ

Практикалық жұмыстарды орындау барысында
Карта
Диаграмма
Статистикалық мәліметтермен жұмыс
Дүниетану сабақтарында оқушылардың танымдық қабілетін арттыру үшін қолданылатын негізгі әдістің бір-тәжірибе. Мұғалім тәжірибе жасау үшін төмендегідей дайындық жұмыстарын жүргізеді.
Тәжірибеге қажетті құралдарды дайындау
Тәжірибеге қажетті материалдарды іріктеу
Мұғалім күні бұрын тәжірибені бастан аяқ толық өткізіп байқауы керек
Тәжірибе өткізу кезінде оқушылардың өзін қалай ұстау керектігі жөнінде қауіпсіздік ережелерімен таныстырады
Тәжірибе өткізу мақсаттары мен міндеттерін хабарлайды
Оқыту әдістерін жетілдіру бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр. Оқыту әдістерінің тиімділігін арттырып, оқытудың жаңа нысандары мен тәсілдерін меңгеру қажеттігіне педагогикалық зерттеулерде айрықша маңыз беріледі. Алайда, оқыту әдісін таңдау - күрделі процестің бірі. Кейбір әдістерді қолдануда біржақты асыра сілтеушілікке жол бермеу керек. Әр тақырып оқытудың ерекше тәсілдері мен жолдарын талап етеді. Соңдықтан, оқытуда әр түрлі әдістерді қолдану қажет. Сабақтың тақырыбы мен мақсатына, оқу материалының мазмұны мен көлеміне, оқушылардың дайындық дәрежесіне сәйкес, сабақтың құрылысы мен оқу әдісін ұдайы толықтырып отыруды мұғалім өзі белгілеп, өзі таңдап алады.
Дүниетану жаратылыстану ғылымының негізі болғандықтан зертханалық, сарамандық жұмыстар жүргізіледі. Дүниетану пәнін оқытуда бұл жұмыстардың мәні зор. Дүниенің сырын түсіну үшін тек қана оқулықтағы оқу жеткіліксіз. Оған қоса жеке тақырыптар бойынша көрсетілген зертханалық сарамандық жұмыстар да жасалынады. Ол жұмыстар баланың зерделеу қабілетін кеңейтеді, әлем туралы жаңа мәліметтерді білуге деген қызығушылығын арттырып, қоршаған ортаны түсінуіне, бақылау жасауға, өздігінен ізденіп әрекет етуіне жағдай жасайды.
Міне осындай қызықты зертханалық, сарамандық жұмыстар оқушыны талдау жасай білуге, сұрақтарды дұрыс қойып, өз ойын дәлелдей білуге үйретеді. Қоршаған орта туралы білімдерін кеңейтеді. Дүниетану пәнін оқытуды зертханалық, сарамандық жұмыстар-білім сапасын арттыруға, оқушының қызығушылық, ізденушілік, зерттеушілік, ойлау қабілеттерін жетілдіре түсуіне жақсы әсерін тигізеді. Қай жұмыстың да өз қиыншылығы кездесіп жатады. Бүгінде сол қиыншылықтардың шешімін тауып, шәкірттің толық білім алуына барынша мүмкіндіктер жасалып жатыр.Барлық ұстаз мақсаты бір-ол әр мақсатына жеткен сабағы. Сол мақсатқа жету үшін де ұстаз көп дайындалып, көп біліп, көп ізденуіне тура келеді. «Алдыңа ұлы мақсат қойсаң ұлылыққа жетесің» деп данышпан ақындарымыз айтпақшы, барлығымыз бірге күш жұмсап, ел ертеңіне сеніммен қарасақ ғана алдымызда тұрған көптеген қиыншылықтардан қиналмай өтеміз деген ойдамын.
Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет