Әдіскер жаршысы



Pdf көрінісі
бет18/23
Дата03.03.2017
өлшемі3,75 Mb.
#5470
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

IV.Шығарма-
шылық жұмыс 
Ғашықтық жырдың, батырлық жырдан айырмашылығы 
сүйіспеншілік, достықтың ең басты мәселесі деген бір 
пікірге келу.
 
Оқушылар 
сұрақтарға жауап 
береді 
V.Қорытын-
дылау 
Топпен жұмыс: Лиро - эпостық жырлардың түрлерін 
топтастыру. 
Лиро - эпостық жырлар 
↓ 
«Қозы Көрпеш - Баян сұлу» 
Айман – Шолпан 
Сұлушаш 
Қыз жібек 
Ләйлі – Мәжнүн 
Құсырау – Шырын 
Қалқаман - Мамыр 
Білу, түсіну, 
қолдану. Әр топ- 
тың спикері шығып 
қорғайды 
VI. Үйге тап-
сырмасын беру 
Лиро-эпостық жырлар туралы оқып келу және жырдан 
үзінді жаттау 
Үй тапсырмасын 
білу, түртіп алу 
VII. Бағалау  Формативті бағалау  
Топтардың бірін-
бірі бағалауы 
VIII. 
Рефлексия 
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы 
қысқаша жаздыру 
«Екі жұлдыз, бір 
тілек » 
 
 

 
108 
     
 
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 550 ЖЫЛ! 
 
Мунайтбасова Н.М., 
Новый орта мектебінің і тарих пәні мұғалімі 
 
Сабақтың  мақсаты:  Оқушыларға  Қазақ 
хандығының құрылуын және 550 жылдығын 
мерекелеудің мәні мен бүгінгі таңдағы тари-
хи  маңызын  толық  түсіндіру.  Жас  буынды 
ұлттық мәдени құндылықтарымызға құрмет-
пен қарауға, ұлы бабаларымыздың асқақ ар-
маны тәуелсіздік, ел мен жерді қорғау екенін 
ұғындыра отыра, бірлік пен ынтымақты сақ-
тауға, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу. 
Сабақтың  көрнекілігі:  Техникалық  құрал, 
слайдтар,  бейнеролик,  дидактикалық  мате-
риалдар. 
Мұғалімнің  кіріспе  сөзі:  Ерліктің  арқауы, 
елдіктің  бастауы  Қазақ  хандығының  құрыл-
ғанына  550  жыл!  Қазақстан  біздің  аумағы-
мызда  дәуірлеп  өткен  сақ,  үйсін,  ғұн  және 
басқа  да  этникалық  қоғамдастықтар  мен 
мемлекеттік 
құрылымдардың 
мұрагері. 
Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарихи Рашиди» 
атты еңбегінде былай дейді: «Ол кезде Дешті 
Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол Жошы 
әулетінен  шыққан  сұлтандарға  күн  көрсет-
педі.  Нәтижесінде,  Жәнібек  хан  мен  Керей 
Моғолстанға  көшіп  барды.  Есенбұға  хан 
оларды  құшақ  жая  қарсы  алып,  Моғолстан-
ның  батыс  шегіндегі  Шу  мен  Қозыбасы  ай-
мақтарын берді. Олар барып орналасқан соң, 
Әбілхайыр  хан  дүние  салды  да,  өзбек  ұлы-
сының  шаңырағы  шайқалды.  Ірі-ірі  шиеле-
ністер  басталды.  Оның  үлкен  бөлігі  Керей 
хан,  Жәнібек  ханға  көшіп  кетті.  Сөйтіп, 
олардың  маңына  жиналғандардың  саны  200 
мыңға  жетті.  Оларды  өзбектер  -  «қазақтар» 
деп  атады.  Қазақ  сұлтандары  870  жылдары 
(1465-1466  жж)  билей  бастады...».  Жалпы, 
бұл  еңбек  Моғолстан  хандығы  тарихына 
арналған. Алайда сол кездегі саяси жағдайға 
байланысты  Қазақ  хандығы  туралы  да  көп 
мәлімет  келтірілген.  Бабаларымыз  «Ошақ-
тың  аяғы  үшеу,  жағар  оты  біреу»  деген  ма-
ғыналы  сөзді  бекер  айтпаған.  Осы  ұлағатты 
ұғым  бізді  береке-бірлікке  үндеп,  ұрпақтар 
сабақтастығының  тұтастығына  шақырады. 
Тарихшылардың  саралауына  қарағанда,  Қа-
зақ  хандығы  құрылғанға  дейін  Ертістен 
Еділге дейін созылған ұланғайыр далада үл-
кенді-кішілі  саяси  құрылымдар,  үлкенді-
кішілі мемлекеттер өмір сүрген. Мұның бәрі 
Қазақ  хандығына  дейінгі  ізашар  буын-
бунақтар,  Қазақ  елі  деген  алып  бәйтеректің 
өзегіне нәр берген түптамырлар, қайнар бас-
таулар. Сол себептен де Елбасы Н.Назарбаев 
«Тарих толқынында» атты кітабында «Қазақ 
хандығы Орталық Азия аумағындағы алғаш-
қы  ұлттық  сипаттағы  мемлекет  болды»,  - 
дейді.  Бұгінгі  күні  Қазақ  хандығының  ұрпа-
ғы «Мәңгілік Ел» дербес те, дамыған мемле-
кет  құрып,  береке-бірлікте  тәуелсіз  өмір  сү-
руге  ұмтылған  халықтың  арман-мұратының 
жиынтық  идеясы.  Бүгінде  ол  Елбасы 
Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашада-
ғы  халыққа  Жолдауында  жаңа  деңгейдегі 
мемлекеттік  дамудың  стратегиялық  бағыты 
ретінде жалғасын тауып келеді. 
1 – жүргізуші: 
Алыстан «Алаш» десе аттанамын, 
Қазақты «Қазақ» десе мақтанамын. 
Мен – қазақ, әкем – қазақ, шешем – қазақ, 
Мен неге қазақтықтан сақтанамын! 
2 – жүргізуші: 
Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген
Жергөгімде таныстым мұң тіліммен. 
Жылағанда жүрегім күн тұтылып, 
Қуанғанда күлкімнен түн тірілген. 
Сахнаға  Есен-бұға,  ақсақалдар  мен  билері 
шығып отырады. 
Уәзір:  Алдияр  тақсыр,  сізге  Әбілқайыр  хан-
дығынан Керей мен Жәнібек сұлтандар келіп 
тұр. 
Есен-бұға: Кірсін! 
Керей  мен  Жәнібек:  Ассалаумағалейкум!  – 
деп бастарын иіп амандасады. 
Есен-бұға: Келген шаруаларыңды айтыңдар! 
Керей: Ойраттардан жеңілген Әбілқайыр хан 
ашу-ызасын  қол  астындағы  халықтардан 
алып, жазалай бастады. 
Жәнібек:  Салықты  көбейтіп,  тайпамыздың 
берекесін алуда. 
Керей:  Сондықтан  да  біз,  бауырымыз 
Жәнібек  екеуіміз,  сізге  бұйымтаймен  келіп 
отырмыз. 
Есен-бұға: Бұйымтайың болса айт! 
Керей:  Бір  аймағыңыздан  бізге  жер  бөліп 
берсеңіз, сол жерде өзіміздің тайпамызбен  

 
 
 
109 
     
 
қоныстанып, өсіп-өнсек деген ойдамыз. 
Есен-бұға:  Керей,  Жәнібек,  мен  өзімнің 
ақсақал, 
сұлтандарыммен 
ақылдасайын. 
Сендер барып демалыңдар! 
(Керей мен Жәнібек шығып кетеді) 
Есен-бұға: Қандай ойда болып отырсыңдар? 
1.  Ақсақал:  Жер  халықтың  байлығы,  оны 
ешкімге беруге болмайды. 
2.Ақсақал:  Осы  жолы  ығысып  Керей  мен 
Жәнібекке  орын  берсек,  ертелі-кеш  сол 
жақсылығымыз өзімізге қайтып келер. 
3.Ақсақал: Әбілқайырдан өш алар кез келді! 
Шекарамыздың  батыс  аумағын  қауіпсіздігін 
қамтамасыз етуіміз керек, мұндай ұсынысты 
біз өз пайдамызға пайдалануға болады. 
Есен-бұға:  Әбілқайыр  менің  жауым.  Яғни 
менің жауымның жауы менің досым. Шу мен 
Талас  өзенінің  бойындағы  Қозыбасы  жері 
солардың қоныстары болсын деп ұйғардым. 
Шақырыңдар, Керей менЖәнібекті! 
Уәзір: Керей, Жәнібек сұлтандар, кіріңіздер! 
Есен-бұға:  Ойлана,  ақылдаса  келе  былай 
шештік:  Шу  мен  Талас  өзенінің  бойындағы 
Қозыбас  аумағы  сендердің  мекендерің 
болсын! 
Керей:  Алдияр,  біз  бұлжерді  құт  мекенге 
айналдырамыз.  (Есен-бұға,  ақсақалдар  мен 
нөкерлері шығып кетеді) 
Жәнібек:  Уа,  Сүйінші,  халқым!  Көптен 
күткен арманымыз орындалды. Бір ту астына 
жиналар күн туды! 
(Сахнада  халық  мәре-сәре  болып  бірін-бірін 
құттықтап жатады) 
Керей: «Жаңбырменен жер көгерер, 
Батаменен  ел  көгерер»  демекші,  ақсақал, 
бата беріңіз. 
Ақсақал: 
Түндеріміз тыныш болсын, 
Үйлерімізге ырыс толсын! 
Ұлдарымыз сесті болсын. 
Қыздарымыз есті болсын, 
Балаларымыз қуаныш әкелсін, 
Немерелеріміз жұбаныш әкелсін. 
Орындарымыз төр болсын, 
Дастархандарымыз мол болсын. 
Қатарларымыз көп болсын, 
Уәйім- қайғымыз жоқ болсын. 
Жастардың қазасын көрмейік, 
Зұлымдардың жаласын көрмейік! 
Елімізде бірлік болсын, 
Жарасты тірлік болсын! 
Әумин. 
(Ұлттық  киім  киген  қыздар  шашу  шашады, 
сахнада күй орындалады да қыздар би билейді) 
1 – жүргізуші: 
1465-1466ж.  Қазақ  хандығының  құрылуы 
ішкі феодалдық талас-тартысты тоқтатты. Ел 
ішінде  тыныштық  орнады,  мамыржай  заман 
келіп,  Қазақ  хандығының  іргесі  бекіп  күш-
қуаты мен беделі артты. 
2 – жүргізуші: 
Мен қазақпын биікпін байтақ елмін, 
Қайта тудым өмірге қайта келдім. 
Мен – мыңда бір тірілдім мәңг іөлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім. 
1 – жүргізуші: 
Біз қазақпыз есігі – ашық, төрі – кең, 
Жылап өттік жылдар өмір өзегінен. 
Жетер енді желпінейік қарайық, 
Мына өмірге иелердің көзімен. 
Бейнеролик: «Тәуелсіз Қазақ елі!» 
Хор: Ескендір Хасанғалиев «Атамекен» әні 
Қорытындылау 
Алғаш  қазақ  тайпаларының  басын  қосып, 
мемлекет құрған ұлы сұлтандар Жәнібек пен 
Керейдің  тарихи  қызметіне  бүгінгі  күн  тұр-
ғысынан жоғары баға бере келіп, қазіргі кез-
де Қазақстан Республикасында жалғасын та-
уып  отырған  Тәуелсіз  мемлекет  «Мәңгілік 
ел» идеясы мен оның жеңісті жолдары дәлел 
бола  алады.  Қазақ  хандығының  қалыптасу, 
даму, нығаю кезеңдерін өзара сабақтастықта 
қарастыра отырып, қазіргі таңдағы Қазақстан 
Республикасының  ішкі-сыртқы  саясатымен, 
қоғамдық-әлеуметтік жүйесімен ұштастырса, 
тәрбиелік және дамытушылық мақсаттардың 
жүзеге  асары  сөзсіз.  Елбасы  Н.Ә.Назарбаев: 
"Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің 
мемлекетімізді  ұзақ  уақытқа  меңзеп  тұрғы-
мыз  келсе,  онда  халық  руханиятының  бас-
тауларын  түсінгеніміз  жөн.  Ал  оған  барар 
жол  халық  даналығының  негізінде  жатыр"  - 
деген  болатын.  Енді  міне  "Қазақстан  жолы-
2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" ат-
ты  Қазақстан  халқына  Жолдауында  ежелгі 
ата-бабаларымыз  түркілердің  Мәңгілік  ел 
идеясын Қазақ елінің ұлттық илеясы ретінде 
жарияланып  отыр.  Дана  бабаларымыз  бізге 
өсиет 
етіп 
кеткен 
аманаттары 
бізге 
тәуелсіздікпен  бірге  жетті.  Сондықтан, 
Мәңгілік  Ел  –  Қазақстанның  Тәуелсіздігін 
мәңгілік сақтап қалуға атсалысайық! 
 

 
110 
     
 
МЕНШІКТЕУ ОПЕРАТОРЫ. САНДЫҚ ФУНКЦИЯЛАР 
 
Мурзабекова Д.Ж., 
Темір ауданы Кеңқияқ орта мектебінің информатика пәні мұғалімі 
 
Жаңа сабақтың мақсаты: 
1.
 
Білімділік:  Оқушыларды  Паскаль  тілінің 
меншіктеу операторы және сандық функция-
ларымен  таныстыру,  меншіктеу  операторы 
мен  сандық  функцияларды  есептер  шығару-
ды қолдана білуге үйрету. 
2.
 
Дамытушылық:  Оқушылардың меншіктеу 
операторы  мен  сандық  функцияларды  есеп-
тер шығаруда қолдана білуге үйрету. 
3.
 
Тәрбиелілік:  Оқушылардың  информатика 
пәніне  деген  қызығушылығын  жан-жақты 
тәрбиелеу. 
Сабақтың  типі:  Жаңа  сабақты  түсіндіру, 
практикамен байланыстыру. 
Әдіс-тәсілдер: 
көрнекілік, 
сұрақ-жауап, 
практикалық. 
Қолданатын  көрнекіліктер: Видеопроектр, 
компьютер құрылғылары, презентация. 
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру. 
1. Сәлемдесу. 
2. Қатысымды тексеру. 
3. Сабаққа дайындығын тексеру. 
ІІ.  Білім  (үш  топқа  үй  тапсырмасын 
пысықтау 
арқылы 
тексеруге
 
сұрақтар 
беріледі) А тобына – Операторлар. 
1.  Оператор  дегеніміз  не?(оператор  деп  - 
алгоритмді 
жүзеге 
асыру 
барысында 
орындалатын  іс-әрекеттерді  анықтайтын 
тілдің қарапайым сөйлемі) 
2.  Паскаль  тілінің  альфавитіне  нелер 
жатады?(әріптер,  цифрлар,  арифметикалық 
амалдар, айыру белгілері) 
3.  Стандарт  типтерді  ата  (бүтін,  нақты, 
логикалық, тіркестік, мәтіндік) 
4. х-тің квадраты Паскаль тілінде жазылуы – 
sqr(x). 
Б тобына – Айнымалылар. 
1.  Айнымалы  дегеніміз  не?  (айнымалы  деп 
программаның  орындалу  барысында  әртүрлі 
мәндерді  қабылдай  алатын  шамаларды 
айтады) 
2. Program bastau, Begin, End сөздерін не деп 
атаймыз?  (түйінді  немес  қызметші  сөздер 
деп атаймыз) 
3. Программа құрылымы (тақырып, сипаттау 
бөлімі және операторлар бөлімі) 
4.  х-тің  квадрат  түбірі  Паскаль  тілінде 
жазылуы - sqrt(x) 
В тобына –Тұрақтылар. 
1.  Тұрақты  немесе  константа  дегеніміз  не? 
(тұрақты  немесе  константа  деп  программа-
ның  орындалу  барысында  әртүрлі  мәндерді 
қабылдай алатын шамаларды айтады) 
2.  Паскаль  тілін  кім  және  нешінші  жылы 
ұсынды?  (жауабы:  Никлаус  Вирт,  1968-
1971ж) 
3. Арифметикалық амалдарды ата (жауабы: + 
қосу,  -  азайту,  *  көбейту,  /  бөлу,  div  бүтін 
бөлу, mod бүтін қалдық) 
4.  х-тің  абсолюттік  шамасы  Паскаль  тілінде 
жазылуы – 
х  
ІІІ.  Түсіну  кезеңі  (жаңа  тақырыпты 
түсіндіру) 
Меншіктеу 
операторы 
барлық 
тілде 
пайдаланылатын  негізгі  оператор  болып 
табылады.  Меншіктеу  операторы  –  берілген 
өрнектердің мәнін есептеп, оны айнымалыға 
меншіктеу  үшін  қолданылады.  Меншіктеу 
операторының жазылу ережесі төмендегідей: 
 
˂айнымалы атауы˃:=˂өрнек˃ 
Мұндағы  ˂айнымалы  атауы˃  -  айнымалы 
идентификаторы 
 
:= - меншіктеу белгісі 
 
˂өрнек˃ - арифметикалық өрнек немесе сан 
Бұл оператор екі міндет атқарады: 
1.
 
айнымалылардың 
белгілі 
мәндері 
бойынша  арифметикалық  өрнектің  сандық 
мәнін есептейді. 
2.
 
табылған 
мән 
айнымалы 
атауына 
меншіктеледі,  яғни  анықталған  мән  сол 
айнымалыға 
сәйкес 
компьютер 
жады 
ұяшығына орналасады. 
Берілген  мәндерді  айнымалыға  беру  үшін 
меншіктеу  операторын  пайдалануға  болады. 
Мысалы: a:= -15; B:=1.5;  
1-мысал.  2.11-кестеде  берілген  өрнектердің 
қайсысы  меншіктеу  операторы  болатыны 
немесе  болмайтыны  көрсетіліп,  оған  түсінік 
берілген. 
 
 

 
 
 
111 
     
 
өрнек  
Түсініктеме  
a:=b 
Болады 
a=c+1 
Болмайды, «:=» орнына «=» алынған 
a:b-sqr(4) 
Болмайды, «:=» орнына «:» алынған 
A*x+b:=0 
Болмайды, сол жақта атау орнына өрнек алынған  
z:=0 
Болады 
z:=z+5 
Болады 
Z:=z+1,4 
Болмайды, 1.4 орнына 1,4 алынған 
-z:=y 
Болмайды, сол жақтағы атаудың таңбасы болмауы тиіс 
Айнымалыларды 
сипаттау 
үшін 
Var 
қызметші  сөзін,  берілгендерді  енгізу  үшін 
Read қызметші сөзін, нәтижені шығару үшін 
Write қызметші сөздерін пайдаланамыз. 
IV.
 
Қолдану кезеңі (практикалық жұмыс) 
Есеп:  Екі  санның  қосындысын  табу  прог-
раммасын құрыңдар. 
Program esep1; 
Var a, b, x: integer; 
Begin 
Read(a,b); 
X:=a+b; 
Write(‘x=’,x); 
End. 
V.
 
 Ой дамыту (жұмыс дәптеріне орындау) 
Қатесін тап. а) x=K+4; 
ә) X:=x+4; 
б) X:= 3,74*A; 
в) 3*K:=M; 
г) X:=a/-b: 
д) Y:=y˃2; 
е) 5:=A-B; 
ж) P:=2.5 mod 2; 
з) X:=sinx+cosx; 
и) –W:=A+B. 
VI.
 
СИНТЕЗ (сабақты тест жұмысы арқылы 
бекіту) 
1.
 
Меншіктеу операторы деген не? 
А)  берілген  өрнектердің  мәнін  есептеп,  оны 
айнымалыға меншіктеу үшін қолданылады 
Б)  берілген  өрнектің  мәнін  экранға  шығару 
үшін қолданылады 
В)  берілген  өрнектердің  мәнін  бекіту 
қолданылады 
Г) дұрыс жауап жоқ 
2. 
Меншіктеу 
операторының 
дұрыс 
жазылуы: 
А) ˂айнымалы атауы˃=˂өрнек˃
  
Б) ˂айнымалы атауы˃=˂өрнек˃ 
В) ˂айнымалы атауы˃:=˂өрнек˃
  
Г) дұрыс жауап жоқ 
3. Меншіктеу белгісі 
А) =
 
Б) :=
 
В) +
 
Г) – 
4. Айнымалыны сипаттау үшін пайдаланыла-
тын қызмет сөз: 
А) begin
 
Б) Write
 
В) Read
 
Г) Var 
5.  Берілгендерді  енгізу  үшін  пайдаланыла-
тын қызметші сөз: 
А) begin
 
Б) Write
 
В) Read
 
Г) Var 
6.  Нәтижені  шығару  үшін  пайдаланылатын 
қызметші сөз: 
А) begin
 
Б) Write
 
В) Read
 
Г) Var 
7.  Қай  өрнекте  сандық  функциялар  дұрыс 
жазылған. 
А) a:= 1,5+b;
 
Б) –z:=4+b; 
В) x:=a+5.1;
 
Г) x=a+5.1; 
 
 
Тест жұмысының дұрыс жауаптары: 







А 
В 
Б 
Г 
В 
Б 
В 
 
VII.
 
Білім шыңы (рефлексия, бағалау, үй тапсырмасы) 
Рефлексия
 
жоғары
 
 
орташа
 
 
төмен 
Бағалау парағы 10-17 – «5» 
9-6 – «4» 
5-1 – «3» 
 

 
112 
     
 
Оқушының аты-жөні 
Сабақтың кезеңдері 
Білім 
(1 ұпай) 
Қолдану 
Есеп (3 ұпай) 
Ой дамыту 
(6 ұпай) 
Синтез 
Тест (7 ұпай) 
Бағасы  
 
 
 
 
 
 
Үйге тапсырма. 3.4.1 Меншіктеу операторы.  
№3 есеп, 63 бет. 
 
 
1837-47 жж. КЕНЕСАРЫ ҚАСЫМҰЛЫ БАСТАҒАН ҚОЗҒАЛЫС  
 
Ниеткалиева Г.М., 
Ембі қаласы №3 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі 
 
Жалпы  мақсаты:  1837-47  жж.  Қенесары 
Қасымұлы  бастаған  қозғалыстың  тарихын 
меңгереді. 
Оқу  нәтижесі:  1837-1847  жылдардағы 
Кенесары  Қасымұлы  бастаған  ұлт-азаттық 
қозғалыс,  оның  себептерін,  мақсатын, 
қозғаушы  күштерін  және  негізгі  кезеңдерін, 
қозғалыстың басталуын түсінеді. 
Сабақ түрі: аралас сабақ 
Оқытуда  қолданылатын  әдіс-тәсілдер, 
оқыту  формасы:  сыни  тұрғыда  ойлауға 
үйрететін әдіс-тәсілдер 
Барлық  оқушыларды  сабаққа  тарту 
формасы: жеке, топтық жұмыс 
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, сурет 
Үйрену  барысын  бағалау:  формативті, 
жиынтық (критериалды бағалау) 
Негізгі  дереккөздер,  құрал-жабдықтар:  8-
сынып оқулығы Қазақстан тарихы, қосымша 
материалдар 
Сабақ барысы: 
I.  Сынып  оқушыларына  жағымды  ахуал 
туғызу,  назарын  сабаққа  аудару,  бағалау 
картасымен таныстыру. 
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау "Ақиқат,жалған" 
ІІІ.  Топқа  бөлу.  Әр  топ  өздеріне  берілген 
тапсырманы талқылайды 
І топ. Кенесары портреті 
ІІ  топ.  Көтерілістің  мақсаты,  себептері, 
қозғаушы күштері, негізгі кезеңдері 
ІІІ топ. Қосымша дерек көздері 
Төмендегі  бағалау  критерийлері  бойынша 
топтың жұмысы бағаланады 
Критерийлер 
І топ 
ІІ топ 
ІІІ топ 
ІV топ 
1.Тақырыптың ашылуы 
 
 
 
 
2.Тақырыптың баяндалуы 
 
 
 
 
3.Топтағы ынтымақтастық ахуалы 
 
 
 
 
Алған білімдерін қорытындылау, жинақтау, жүйелеу мақсатында 
Венн диаграммасы 
Кенесары Қасымұлы 
Ұқсастығы 
Қайрат Рысқұлбеков 
 
 
 
Екі жақты күнделік әдісі 
Ұлт-азаттық көтерілістер 
Көтерілістің 
себептері 
Қозғаушы 
күштері 
Қамтыған 
аймағы 
Нәтижесі 
Кенесары Қасымұлы 
 
 
 
 
Исатай Тайманұлы мен Махамбет 
Өтемісұлы 
 
 
 
 
Сырым Датұлы 
 
 
 
 
 
Кері байланыс 
Рафт әдісі Кенесары атаға хат 
Бағалау 
Үйге тапсырма: 26-тақырып. Эссе жазу. Келесі тақырыпқа шолу. Кенесары хандығы 
 
 

 
 
 
113 
     
 
СУ. ТАБИҒАТТАҒЫ СУ АЙНАЛЫМЫ 
 
Нугиманова М.Б., 
Алға ауданы Маржанбұлақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі 
 
Сабақтың түрі: 
Жаңа сабақ 
Оқып-үйренудің 
негізгі мақсаты: 
Оқушыларды судың қандай күйде болатынымен таныстыру, 
практикалық жұмыс барысында бақылау, талдау, салыстыру және 
қорытынды шығара білуге үйрету.Табиғаттағы су айналымы туралы 
түсінік қалыптастыру. 
Міндеттері: 
Судың қасиеттерін еске түсіру, табиғаттағы су айналымы туралы 
білімдерін қалыптастыру; 
Сыни тұрғыдан ойлауға мүмкіндік жасау, шығармашылықтарын дамыту; 
Қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. 
Әдіс-тәсілдер: 
Диалог оқыту, сыни тұрғыдан ойлау, АКТ, оқу үшін бағалау және оқыту 
үшін бағалау, болжау, салыстыру, тәжірибе жасау. 
Оқу нәтижесі: 
 
Болжау, жорамал арқылы мәтінді оқып талдайды, салыстырады. Бірлесе 
жұмыс жасай отырып, өз пікірін білдіруге, ойын дәлелдеуге үйренеді. 
Пәнаралық 
байланыс: 
Әдебиет, өзін өзі тану,бейнелеу өнері. 
Негізгі түсініктер: 
 
Табиғаттағы су айналымының қалай жүретіндігі, 
суды қорғау. 
Бағалау: 
бақылау 
жұмысты бағалау 
сапалы білімді 
бағалау. 
Ресурстар 
Тақырыпқа сай суреттер,логикалық тапсырма, 
тәжірибе, топтық жұмыс 
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеттері: 
Уақыты  Жұмыс түрлері 
Мұғалімнің рөлі 
Оқушының рөлі 
3мин.  І. Ұйымдастыру.  
 
Жағымды ынтымақ-
тастық атмосфера қа-
лыптастыру. «Екі жұл-
дыз, бір тілек» Сабақ-қа 
өте жақсы қатысқан екі 
оқушыны анықтау. 
«Жұлдыз» номинация-
сын беріледі. 
 Оқушылар Бір- 
біріне жақсы 
тілектерін айтады. 
 
 
 
 
2 мин.  І. Қызығушылықты ояту. 
 Білу 
Логикалық тапсырма 
Жүк артқан екі түйе жолға шықты. 
Біреуіне тұз, екіншісіне мақта 
артыл-ған болатын. Алдарында 
өзен ағып жатты. Тұз артқан түйе 
өзеннен жеңіл өтті де, судан әрең 
өтіп келе жатқан екінші түйеге 
қулана қарады. Неге? Қандай 
жағдай болды? 
 
Суда барлық заттар ери 
ме? 
 
 
 
 
 
 
 
 
12 мин.   Ой қозғау 
 Түсіну 
« Аялдама» әдісі 
№ 1 аялдама Су сөзін топтастыру 
№ 2 аялдама Судың қасиеті. 
Бұрынғы білім мен жаңа 
білімді ұштасты-ру 
мақсатында «Аял-дама» 
әдісі бойынша сабақта 
қарастырыл-ғалы тұрған 
Оқушы өз білетінін 
еске түсіреді,топта 
талқылайды.Бөлісу, 
ортаға салу арқылы 
ойы ашылады, 

 
114 
     
 
№ 3 аялдама Судың жай- күйі. 
№4 алдама Судың маңызы. 
Пайдасы. Зияны. Венн 
диаграммасы. 
 
Электрондық оқулықтан тапсырма. 
  
 
 
мәселе жайлы 
оқушының қаншалықты 
білім деңгейінің барын 
анықтайды, еске түсі-
реді, ой қозғайды. 
-Сенің денеңде қанша-
лықты су бар? 
Адам ағзасында неше су 
барын есептеу.  
тазарады. Бір бірін 
бағалайды,өздерін 
бағалайды 
 
 
Ол үшін, өз 
салмағын 3-ке бөліп, 
шыққан санды 2- ге 
көбейтеді. 
10 мин.  ІІ.Мағынаны тану. 
 Қолдану 
Судың күйі 
Түрлі себептер 
1.Қатты мұз күйінде  Температура 
 0 C-тан төмен 
2.Cұйық 
0 C-тан жоғары 
3.Газ тәрізді 
0 С- тан жоғары, 
100C қайнайды. 
 
-Судың күйі неге 
байланысты болады? 
- Табиғатта судың үш 
күйде кездесетіндікте-
рін айттыңдар. 
- Судың осы күйлерін 
қашан және қайдан 
көруге болады? 
Температура мен 
ауаға байланысты. 
6 мин 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет