87
ТАС ДӘУІРІ
Жетенова А.Ж.,
Алға ауданы А.Байтұрсынов атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі
Сабақтың мақсаты:
Жер бетіндегі алғашқы адамдардың пайда
болуы мен дамуына тоқтала отырып, Қазақ-
стан жеріндегі ежелгі тас дәуірі кезеңдерінің
ерекшеліктерін көрсету.
Оқушылардың өздігінен жұмыс істеуі ар-
қылы олардың ой-өрісін дамытып, өзіне де-
ген сенімін, пәнге деген қызығушылығын
арттыру.
Отанын сүюге, тарихи-мәдени ескерткіш-
терді қадірлеп, мақтанышпен қарау сезімін
ояту.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру
Әдісі: интерактивті
Сабақтың көрнекілігі:
1.
«Дүние жүзінің саяси картасы».
2.
«Қазақстан б.з.б. VII-б.з. VI ғасырларында
»картасы
3.
«Қазақстан
Республикасының
саяси
картасы».
4.
«Адам
баласының
қалыпты
даму
кезеңдері»,
5.
«Ежелгі тас дәуірі», т.б. тірек-сызбалар.
6.
Техникалық құралдар.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Әнұран орындау, «Хабар»
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
Өткен жылға материалдарды қайталау.
Сабақтың жоспары:
1.
Адам баласының пайда болуы және оның
дамуы.
2.
Ежелгі тас дәуірі
3.
Орта палеолит
4.
Соңғы палеолит
5.
Ежелгі тас дәуіріндегі адамдардың қоғам-
дық құрылымы.
Жаңа материалды түсіндірер алдында оқу-
шыларға «Тас дәуірі», «Ежелгі адамдардың
өмірі» деген сөздерді естігенде естеріңе не
түседі? Деген сұрақ қойып,оқушы ынтасын
сабаққа аударып, олардың бұрынғы алған
білімдерін қайта жаңғыртып, өзім жетелей
отырып
талдап
беремін
(2-3
мин).
Жауаптарын тақтаға жазуға болады.
Сабақ жоспарындағы бірінші, екінші мәселе-
лерді түсіндіру барысында дидактикалық
материалдарда берілген «Адам баласының
қалыпты даму кезеңдері», «Ежелгі тас дәуі-
рі» тірек-сызбаларын пайдаланамын. Бұл
оқушылардың есте сақтау қабілетін жаттық-
тыра түседі. Мәтіннің негізгі мазмұнын
жүйелеп беруге мүмкіндік жасайды.
Сонымен қатар ежелгі адамдар өмірінен
алынған, тастан жасалған еңбек құралдары-
ның, т.б. суреттерін пайдаланамын. Картаны
да үнемі пайдаланамын.
Төмендегі сұрақтар арқылы оқушылардың
түсінігін байқаймын.
1.
Адам
баласының
алғашқы
ата-тегі
гомонидтер тұқымына жататын рамапитек
қаңқасының қай жерлерден табылғанын
картадан көрсетіңдер.
2.
Ғалымдар адам баласының біртіндеп
дамуын қанша кезеңге бөледі? Оны қалай
дәлелдеп отыр?
3.
Ежелгі тас дәуірі қанша кезеңге бөлнеді,
оларды атап шығыңдар.
4.
Ғалымдар
Қазақстанның
ежелгі
тұрғындарын адамның қалыпты дамуының
қай кезеңімен сәйкестендіреді, оны немен
дәлелдейсіңдер?
Жоспардың үшінші, төртінші мәселелерін
оқушыларға бөліп беріп, (мыс: үш топ),
төмендегі сұрақтарға жауап дайындайды.
Әр топқа берілетін сұрақтар.
І
1.
Орта палеолот кезеңі адамзат дамуының
қай кезеңіне сәйкес келеді?
2.
Бұл кезеңнің тұрақтары Қазақстанның қай
аймақтарынан
табылған?
Картадан
көрсетіңдер.
3.
Адамдар құрал жасаудың қандай жаңа
тәсілдерін меңгерді?
ІІ
1.
Соңғы
палеолит
кезеңін
ғалымдар
адамдардың шын мәніндегі тарихи өмірінің
басталуы
деп
не
себептен
айтқан,
дәлелдеңдер?
ІІІ
1.
Соңғы
палеолит кезеңінде
адамдар
өмірінде еңбек, аңшылық құралдардың
88
қандай жаңа түрлері мен тәсілдері пайда
болды?
2.
Осы кезеңде адамдар тұрағын көбінесе
қай жерлерге салған, оның себебі қандай?
3.
Соңғы палеолит кезеңінің ескерткіштерін
археолог
ғалымдар
Қазақстанның
қай
аймақтарынан зерттеп әлемге әйгілі етіп
отыр?
Оқушылардың жауаптарын толықтырып
отырамын. Жоспарда көрсетілген соңғы мә-
селеде адамдардың қоғамдық құрылысында
да алға дамытушылық болғанын, ашель-
мустье кезеңдерінде ұжымдық қатынастың
жаңа түрі пайда болғандығына оқушылар-
дың назарын аудару. Алғашқы рулық құры-
лыс аналық рулық құрылыстың мәнін, ерек-
шеліктерін ашып, сабақты қорытындылай-
мын.
Пысықтау сұрақтары арқылы сабақты
бекітіп, үйге тапсырма беремін.
Бағалау:
Үйге тапсырма: §1 бойынша сұрақтарға
жауап дайындау. Картамен жұмыс.
БУЫЛТЫҚ ҚҰРТТАР ТИПІНЕ ЖАТАТЫН ЖӘНДІКТЕРДІҢ НЕГІЗГІ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жумагельдиева Н.С.,
Қобда ауданы Қобда қазақ орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі
Қысқа мерзімді жоспар
Жалпы
мақсаты
Оқушыларды буылтық құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшелікте-
рі, ішкі құрылысы, тіршілік әрекетімен таныстыру. Оқушыларды сүліктің халық-
тық медицинада емдік мақсатта пайдасы жайында айта отырып, табиғаттағы
жәндіктерді қорғауға баулу, оқушылардың ақыл-ой еңбегіне үйренту, салыстыру,
талдау, қорытындылау; кітаппен жұмыс істеуге, өзін-өзі бақылауға үйрету,
Оқу
нәтижесі
Жұбымен жұмыс жасай алады,нені қалай түсінгендігін айта алады, тақырыпты өз
бетінше оқып, мазмұнын ұғына алады,сындарлы сөйлей білуге ынталанады, өз
ойларын еркін жеткізе алады, ойлаудың жоғары деңгейіне ұмтылады. Бірін -бірі
тыңдап, бірін-бірі бағалауға үйренеді, сыни тұрғыдан ойлай білуге үйренеді,
топта пікірлесіп, ортақ шешімге келуге дағдыланады, оқушылар буылтық құрттар
туралы біледі, өзін-өзі бағалай алады, өз жұмысын кластастарының жазғанымен
салыстырып, өзін-өзі реттей алады;АКТ тиімді пайдаланады.
Сабақ мазмұны
Уақыты
Сабақ барысы
Ресурстар
3 мин
1. Психологиялық тренинг.«Сұрақ, жауап»
«Үш шапалақ» арқылы бағалау
Мұғалім сұрақ
қояды
3 мин
2.Топқа бөлу.Оқушылар өздеріне парақшаларды таңдайды
Төрт топқа бөлінеді.
1 топ шұбалшаң
2 топ сүліктер
3 топ нереидалар
4 топ буылтық құрттар
Әрбір топтың
тақтаға
тақырыптары
жазылады
5 мин
Тақырыптың мазмұнын ашу:
1. Гирудотерапия деген не?
2. шұбалшшаңның пайдасы бар ма?
3. шұбалшаңның түсі неге қызыл?
Топырақтың арасында тұрағы
Топыраққа құнар беріп тұрады
Жаңбырдан соң жер бетіне шығады
Ойланған жан оның мәнін ұғады
(Шұбалшаң)
Тақтада жазылған
тапсырма
Слайд
89
Буылтықты денесінде қылтан жоқ,
Басқалардың қанын сорса қарны тоқ.
Саулық үшін адам өзіне салады,
Тойғаннан соң жерге түсіп қалады
(Сүлік)
Екі жұлдыз ,бір тілек
5 мин
Буылттық құрттар – денесі шұбалыңқы, үш қабаттан
тұратын көпжасушалы жәндіктер. Олардың денесі
буылтықтарға бөлінген, соңғы қуысы бар, екі жақты
симетриялы болып келеді. Денесі сақина тәрізді
буылтықтарға бөлінгендіктен, бұлар буылтық құрттар типі
деп аталған. Бұлардың 9 мыңға жуық түрлері теңіздерде,
тұщы суларда, құрлықты мекендейді
1. Қозғалыс кезінде тірек болып, сұйықтық күйдегі қаңқа
қызметін атқарады;Буылтық құрттарда тұңғыш рет тұйық
қанайналым жүйесі пайда болған. Соңғы қуыс — целом деп
аталады. Целом аралық қабаттан пайда болған. Құрттар
денесіндегі соңғы қуыстың қызметі:
2. Ішектің және дене қабырғасының өз алдына жеке жұмыс
атқаруына мүмкіндік жасайды;
3. Ішкі мүшелердің және дененің мөлшері жағынан едәуір
ұлғаюына көмектеседі;
4. Қуыс ішіндегі сұйықтықтың көмегімен құнарлы
заттарды, зат алмасудың соңғы өнімдерімен газды
тасымалдайды.
5. Зат алмасудың соңғы өнімдері мен сұйықтықтың артық
мөлшері жинақталатын орын бола алады;
6. Ағзадағы қысымды реттеуге қатысады.
Буылтық құрттарда қантарату жүйесі жақсы дамыған.
Олардың көпшілігінде қанның түсі қызыл болады. Қан
тарату жүйесі арқа және құрсақ қан тамырларынан
құралады. Қанның ағуын арқа және құрсақ қантамырларын
сақина тәрізденіп жалғастыратын «жүрекше» реттейді.
Буылтық құрттардың жүйке жүйесі жұтқыншақ маңындағы
бірімен-бірі жалғасқан екіжұп жүйке түйінінен және
қатарласа созылған құрсақ жүйке тізбегінен тұрады. Үстіңгі
екі түйін – жұтқыншақүсті жүйке түйіні. Ал астыңғы екеуі
жұтқыншақасты жүйке түйіні деп аталады. Құрттың бас
бөлігінде орналасқандықтан, жұтқыншақүсті жүйке түйіні
кейде «ми» деп те аталады.
Буылтық құрттарға тән ерекшеліктердің бірі – айрықша
қозғалыс мүшелерінің болуы. Мұндай мүшелер құрт
денесіндегі буылтықтардың әрқайсысының екі қапталын
бойлай орналасады. Оны параподия дейді. «Параподия »
сөзі «аяққа ұқсас» деген ұғымды білдіреді.
Параподия дегеніміз – ұшында бір буда қылтандары бар
денеден бұлтиып шыққан өсінді
Жұмыс дәптері
слайд
10 мин
3.Постер қорғау.ЖИГСО әдісі Биология оқулығын
пайдаланып мәтінді оқып, әр топ топтық таныстырылым
жасайды .
« Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы өзара бағалайды,
пікірлерін білдіреді.
Плакат, маркер,
стикер,оқулық,
тақтада слайдтар
көрсетіледі
90
5 мин
Төмендегі берілген әріптердің орындарын алмастыру
арқылы биологиялық терминдік сөздер құрастыру керек.
Р
Е
О
Ф
О
Р
А
Т
Ы
Қ
Е
И
Х
С
І
Т
Я
Л
С
Ү
Н
Д
О
Ц
Е
Л
И
Ы
У
Л
П
А
Р
А
Н
О
Д
У
Я
І
Ш
Ү
Т
К
Е
М
И
Б
А
К
Жауаптары: 1. Нереида 2. Параподия 3. Трохофора 4. Целом
5. Сүлік 6. Буылтық 7. Баяу 8. Имек 9. Үш
«Екі жұлдыз, бір тілек»
Тақтада слайд
5 мин
Суретке мұқият қара және кесте толтыр.
Атауы
Сыртқы құрылысының
белгісі
Тіршілік
ортасы
Шұбалшаң
Сүлік
Нереида
Сөйлемді толықтыр:
Құрттың сыртқы жасушалар қабаты...... түзеді.
Бұл жасушалардың жиынтығын ...............деп атайды.
Оның астында .........................бұлшық еттер орналасқан.
Денесінің қабырғасы мен ішектерінің арасында......
орналасқан.
Жауынқұрртың қанайналым жүйесі.....................................
Бір-бірін тексеру
Тақта слайд
2 мин
Сергіту сәті.Экранға қарап оқушылар дене жаттығуын
қайталайды
« от шашу» арқылы бағалайды.
«танец зарядка»
Аудио, видео
3 мин
Бекіту. «Ыстық орындық »әдісі бойынша оқушылардың
бүгінгі сабақта алған білімдері сұралады.
«житондар» арқылы бағалау
Қағаз
Деңгейлік тапсырма:
Неліктен жауынқұрттар құрғақ топырақта кездеспейді?
Неліктен жауынқұрттар жоқ жерде өсімдіктер нашар өседі
және өнімі төмен болады?
Егер сен жауынқұртты інінен суырып алып, денесін үзіп
алсаң, не болады?
Тапсырма
жазылған
парақшалар
1мин
Кері байланыс.менің бүгінгі сабақтан алған білім деңгейім
және көңіл күйім
Алдын ала
дайындалған
тақтаға оқушылар
смайликтер
арқылы өздерінің
көңіл күйін және
бүгінгі сабақтан
алған білім
деңгейлерін
көрсетеді
2 мин
Үй тапсырмасын беру 44 оқу 112- сурет және
шұбалшаңның суретін салу
Оқулық
1мин
Бағалау парағы
Не сәтті өтті?
Не сәтсіз өтті?
91
СҮЙЕКТІҢ ҚҰРАМЫ, ҚҰРЫЛЫСЫ, ОЛАРДЫҢ ПІШІНДЕРІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІ
Жұбат С.Т.,
Ақтөбе қаласы №56 жалпы ОМ биология пәні мұғалімі
Мақсаты: адам ағзасындағы қаңқаның
маңызы туралы түсінік беру.
Міндеті: тірек-қимыл жүйесінің құрылысы,
негізгі қызметі мен ерекшеліктері туралы
білімді талқылап, қорытындылау; сүйектің
құрылысы мен химиялық құрамын, олардың
жуандауын және өсуін оқып-білу.
Құрал-жабдықтар: "Адам қаңқасы", "Сү-
йектердің байланысу типі" кестелері, қызды-
рылған сүйек, 10%-дык тұз қышқылына са-
лынған сүйек (кальцийсіздендірілген), сүйек
кесінділері. Бейне материалдар, электрондық
көрсетілімдер.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың жалпы сабаққа деген көңіл
күйін анықтау мақсатында оқушылар смай-
ликтер арқылы көңіл-күйлерін білдірді. Со-
дан кейін топқа бөлдім.
Класс ІІІ топқа бөлінді. Оқушыларды сабақ
кезеңдерімен таныстырдым.
Ел басының 2014 жылғы жолдауында айқын-
дап айтылған нақыл сөзіне тоқталдым, ол
«Біз өмір бойына жететін білім алу» моделі-
нен «өмір бойы білім алып өту» моделіне
көшуге тиіспіз. Болашаққа біліммен қадам
басып, лайықты қолтаңбамызды қалдыра-
йық. Оқушыларға сабақ басталар алдында
бағалау парағы үлестірілді.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Бұл кезеңде үй тапсырмасын пысықтау
мақсатында І топ:Тест.
ІІ топ: Биологиялық диктант.
ІІІ топ: Семантикалық картаны толтыру.
Келесі бөлім: Жаңа сабақты түсіндіру.
Жаңа материалды оқып-білу. (Оқулықпен
жұмыс). Оқушыларды екі топқа бөліп, оқу-
лық мәтіні бойынша тапсырмалар беру.
(дәптерге тірек сызбалар құрастыру).
І топ. «Сүйектің құрылысы». сыртқы тығыз
және ішкі кемік заттары, сүйек қабығы.
ІІ топ. «Сүйектің құрамы».
Оқушылар берілген тапсырмаларды интерак-
тивті тақтадағы слайдта үлкейтіліп берілген
суреттер арқылы түсіндіреді.
Бекіту
кезеңдері.
Орындалатын
тапсырмалар.
Сүйектің химиялық құрамы. Сүйек органи-
калық және бейорганикалық заттардан тұ-
рады. Ересек адамның сүйегінде бейоргани-
калық заттардың құрамы көбірек, органи-
калық заттар азырақ болады, керісінше жас
балаларда органикалық көбірек бейорганика-
лық зат мөлшері аз болады. Егер органи-
калық заттар сүйекке-иілімдік, қасиет, ал
бейорганикалық заттар беріктік қасиет
береді десек:
№1 тапсырма.
Сүйегі сынған жас бала бірінші күні жыла-
ған, екінші күннен бастап мазасыздануды қо-
йып ойнап кетеді. Кейіннен бала жүріп, жү-
гіре бастағанда баланың аяғынан кемістік
байқалған. Дәрігерге жүгініп тексеру кезінде
баланың аяғы сынып біткені байқал-
ған.Неліктен ата-аналар кезінде баланың
аяғының сынғанын байқамаған?
•
Жауабы:
•
Жас баланың сүйегінің құрамын органи-
калық заттар өте көп болуынан сүйектері ма-
йысқақ келеді, кейде майысқақтығы сондай
сынғаныда байқалмай, тез бітіп кетеді.
№2 тапсырма.
•
Ересек адамның жасы ұлғая келе
сүйегінің құрамындағы қандай заттардың
көлемі көбейеді.
1. Органикалық заттардың көлемі иә,жоқ.
2. Бейорганикалық заттардың көлемі. Иә,
жоқ.
№3 тапсырма
•
Екпетінен жатқан жас бала неге аяқта-
рының ұшын еш қиындықсыз басына жеткізе
алады, ал ересек адам бұл тапсырмасына
орындай алмайды.
•
Жауабы: Жас баланың сүйегінің құрамын-
да органикалық заттардың мұлшері көп бо-
лады. Органикалық заттар сүйекке иілімдік
қасиет береді.
№4 тапсырма
•
Сүйек құрамындағы кальцийдің мөлшері
төмендегенде сүйектің майысқақтығы арта-
ды.
Иә, жоқ.
Сабақтың сергіту сәті «Қара жорға» биін
билету арқылы жүргізілді.
92
Сабақ соңында оқушылармен кері байланыс
орнату мақсатында кестесі толтырылып
талданды.
Не білдім? Не үйрендім? Мен үшін
сұрақ?
«Бағалау» парағы бойынша оқушылар өзін-
өзі бағалады, өзара бағаланды (топ басшысы)
және мұғалім қорытындылап жинақтап
бағалады.
Үйге тапсырмаға §25. Сүйек типтері және
олардың байланысуы. сөзжұмбақ құрасты-
рып келуге тапсырмалар берілді.
Ә.ТАБЫЛДЫ. «ДАҚЫЛДАР ӘНІ»
Жұбатқанова С.М.,
Шалқар ауданы №1 МТ КММ
Мақсаты
1) Оқушыларға дақылдардың түрлері, оның пайдасы туралы
білімдерін жетілдіру.
2) Өз беттерімен түсініктерін жеткізуге, тіл байлықтарын дамыту.
3) Мәнерлеп оқуға, шапшаңдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, әңгімелеу, баяндау.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Көрнекілігі: Дақылдар суреті, ребус, болжау әдісі, мақал-мәтелдер,
диафильм.
Психологиялық
ахуал
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Оқушылар шеңберде
жиналып,мұғаліммен бірге
бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты
ояту
Сабағыңды жөндеп,
Әзірленсең – еңбек
Қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбек – дегендей біз
қазір қандай бөлімді оқып
жатырмыз ?
-Осы бөлімде қандай мәтін,
өлеңдер, мысалдармен оқып
таныстық?
-Олай болса, тірі табиғат дегеніміз
не ?
-Сонымен біз бүгін 3 топқа
бөлініп, топтық жұмыс жасаймыз.
І-топ: «Адамдар»
ІІ-топ: «Жануарлар»
ІІІ-топ: «Өсімдіктер»
-Ал, өсімдіктер неше түрге
бөлінеді ?
-Ағаш, бұта, өсімдік (шөп)
- Осы өсімдікке дақылдар,
жемістер, бақша өсімдіктері де
жатады.
Жаңа сабаққа деген
қызығушылықтары
оянып,ерекше ынтамен
кіріседі.
Мағынаны тану Ә. Табылдиев 1926 жылы қазіргі Жамбыл обылысы, Луговой
ауданында туған. Бұл кісі 24 жылдай мұғалім болған. Ол қазіргі
кезде сатиралық әңгімелері мен өлең-пьесаларының жинақтары
93
жарық көрді. Оның «Бірінші май» (1941), «Көңілді балалар»,
«Күлкінің кесірі», «Күздің кереметі», «Жылдардың біл қасиетін»,
«Наурыз тойы», «Алғыс» атты шығармалары мен өлеңдері бар.
Дақылдар әнін мәнерлеп оқып, түсіндіру.
Бидайдың екі түрі болады. Күздік және жаздық түрі болады.
Бидай — Оңтүстік Қазақстанда Алматы, Тараз қалаларында өседі.
Арпа – Қазақстанның Солтүстігінде және Шығысында өседі.
Тары – Батыс Қазақстанда Ақтөбе қаласында өседі.
Сұлы – Солтүстік Қазақстанда және Оңтүстік құрғақ климаты қажет
етеді. Суы мол жақсы жерде өседі.
Күріш – Іле, Шу, Сырдария өзенінің бойында өседі.
Оқулықпен жұмыс:
Мақсатты оқу әдісі:
1.
Ең қадірлі тағам түрі туралы қай шумақта айтылған ?
Бидай өлең жолын мәнерлеп оқыту.
2.
Елдің ырыс — құтын арттыратын өлең жолдары қай шумақта
айтылған ?
Арпа туралы мәнерлеп оқыту.
3.
Қандай сұраққа жауап беретін түс туралы айтылған шумақты кім
оқып береді ?
4.
Әсіресе жылқы малы жақсы көретін дақыл туралы қай шумақта
айтылған?
Сұлы туралы өлеңді мәнерлеп оқыту.
5.
Осы дақылдардың ішінде суды өте керек ететін дақыл туралы қай
шумақта айтылған ?
Күріш туралы мәнерлеп оқыту.
Мәтінмен жұмыс
Ақын әр дақылдың қасиетін қалай сипаттайды ?
Сенің ауылыңда осы дақылдардың қайсысы көбірек өседі?
Оларды күтіп өсіруге сенің қолғабысың қандай ?
«Ребус»шешу
«Нан анасы — бидай» сөзі шығарылады.
Сөздікпен жұмыс:
Қарымы – өтеуі
Ақысы - алымды өтеу. Мыс: Дүкенге барғанда әр нәрсенің өз
ақысын төлеп бағасын, алымды өтеуді айтады.
Дәптермен жұмыс:
Мақалды жаздыру:
Арпа, бидай ас екен,
Алтын, күміс тас екен.
Сергіту сәті
Жайқалған биік бидаймын,
Халқыма азық сыйлаймын.
Сіңірген еңбек мен үшін
Алады алғыс біз үшін.
Ой сергітеді, шаршағандары
басылады
Ой толғаныс
Тірек сызықтарымен жұмыс: Оқушылар өз ойларын сызбаға жазады.
І-топ: Адамдар
Көреді ,сөйлейді, естиді, тамақтанады
ІІ-топ: Жануарлар
Жүгіреді, көбейеді, қоректенеді, естиді
ІІІ-топ: Өсімдіктер
Өседі, көбейеді, қоректенеді, ауамен демалады
Өзбетімен жұмыс:
94
«Ойыңды түй» әдісі:
І топ: «Адамдар» тобы:
Ә. Дүйсенбиевтің «Не деу керек ?» атты өлеңін өз орындарына
қойып құрастыру.
ІІ топ: «Жануарлар» тобы:
Мақал-мәтелдерді жалғастыру: Төрт аяқты бота … (тату)
Сиырдың сүті … (тілінде)
ІІІ топ: «Өсімдіктер» тобы:
Табиғат өсімдіктерді бейнелету. (сурет салдыру)
«Венн диаграмма» құрастыру:
«Бес жол» өлең:
Дақыл
Қатты, өнімді
Өседі, піседі, қоректенеді.
Дақыл – адамға пайдалы өсімдік.
Дән.
Достарыңызбен бөлісу: |