Әдіскер жаршысы



Pdf көрінісі
бет2/23
Дата03.03.2017
өлшемі3,75 Mb.
#5470
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Глава  государства  Н.Назарбаев  пору-
чил  разработать  дорожную  карту  развития 
трехъязычного 
образования. 
Президент 
Казахстана  Н.Назарбаев  на  открытии  XXII 
сессии  Ассамблеи  народа  Казахстана  пору-
чил разработать проект трехъязычного обра-
зования, 
передает 
корреспондент 
Tengrinews.kz.  
«Призываю  всех  родителей  направлять 
детей,  в  детстве  все  возможно.  В  нашем 
поколении  не  было  возможности.  Я  знаю, 
что  казахстанские  родители  стремятся  дать 
общее  образование  детям  в  лучших  школах, 
за  рубеж  отправляют.  Поэтому  Ми-
нистерству  образования  и  науки  и  Минис-
терству  культуры  совместно  разработать 
дорожную  карту  развития  трехъязычного 
образования», - поручил Глава государства. 
«Государство  заботится  о  развитии 
языков  всех  этнических  казахстанцев,  мы 
наращиваем  темпы  внедрения  трехъязычия. 
Это  не  выдумка,  это  необходимость.  20% 
казахстанцев  владеют  английским  языком, 
то  есть  знание  трех  языков-  путевка  в 
глобальную  жизнь»,  -  подчеркнул  Глава 
государства. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
15 
     
 
БІЛІМ БЕРУДЕ ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН 
ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 
 
Галимжанова М.А. 
п.ғ.к., профессор, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі 
 «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің 
біліктілігін арттыру институты директоры 
 
 
Қазіргі 
таңда 
Қазақстандық білім бе-
ру  жүйесінің  әлемдік 
білім  беру  кеңістігіне 
енуі  аясында  педагог-
тің  жеке  тұлға  ретін-
дегі  бейнесі,  оның  кә-
сіби  біліктілігі  айрық-
ша  мәнге  ие  болуда. 
Оқу  орнындағы  педа-
гог  білім  беру  үрдісін  жаңартудағы  басты 
тұлға. Бүгінгі өмір талабына лайық білім бе-
ру  жүйесін  модернизациялау  үрдісі  қарқын-
ды  жүргізіліп  жатқандығын  бүгінгі  таңда 
айтып  жату  да  артықтау  сияқты.  Бұл  бағыт-
тағы  игі  істер  ел  дамуының  стратегиялық 
міндеттерімен, «Мәңгілік ел» идеясымен ұш-
тасып жатқаны айқын. «ХХІ ғасырда білімін 
дамыта  алмаған  елдің  тығыраққа  тірелері 
анық»  деген  ойды  ел  Президенті  бекер 
айтпаса керек. 
Қоғамдағы  қазіргі  кездегі  қайта  құру-
лар,  экономиканы  дамытудағы  жаңа  страте-
гиялық  бағдарлар,  қоғамның  ашықтығы, 
оның  жедел  ақпараттануы  мен  қарқынды 
дамуға  бет  алысы  білімге  қойылатын 
талаптарды түбегейлі өзгертті. 
Қазіргі  жағдайда  қоғамның  білім  дең-
гейі  мен  интеллектуалдық  әлеуеті  ұлттық 
байлықты  құрайтын  маңызды  сипатқа  ие. 
Болашақ  ұрпағымыздың  білімділігі,  кәсіби 
икемділігі,  шығармашылыққа  талпынысы 
және  қолайсыз  жағдайларда  әрекет  ете  білуі 
еліміздің  дамуына,  тұрақтылығына  және  қа-
уіпсіздігіне  негіз  бола  алады.  Оған  сапалы 
білім,  оқушының  оқуға  және  білімін  өмір 
бойы  жетілдіруге  дайындығы  еліміздің  бү-
гінгі  әлемдегі  бәсекеге  қабілеттілікті  қамта-
масыз ететін экономикалық және әлеуметтік 
дамуының  маңызды  факторы,  негізгі  алғы-
шарт болып табылады. 
Білім  беру  жүйесін  жаңғырту  жағда-
йында  мұғалімдердің  біліктілігін  арттыру 
мәселесі-аса өзекті мәселелердің біріне айна-
лып  отыр.  Қазіргі  білім  беру  мекемесінде 
қайсыбір  өзгерістер  орын  алмасын,  ол  ең 
алдымен мұғалімдер тұлғасының ерекшелік-
терімен байланысты болмақ. 
Педагогика  –  ақиқат  ғылыми  көзқарас 
болып есептелетін және объективтік дүниені 
танудың,  білудің  және  ғылыми  білімнің 
дамуының  бірден-бір  әдісі  болып  саналатын 
философия негізінде дамиды. Біздің елімізде 
тәрбиенің,  білім  берудің,  оқытудың  бір  ізді 
жүйесі құрылған. 
Педагогика  –  үнемі  дамып  отыратын 
ғылым. Тәрбие мен білім берудің барлық са-
лаларына ғылыми болжам жасау мақсатында 
және негізгі мәселелерді ғылыми-теориялық, 
тәжірибелік  жағынан  терең  талдау  үшін 
педагогика  ғылымында  мынадай  зерттеу 
әдістерінің жүйесі қолданылады. 
Педагогикалық 
құзырлық 
түсінігі. 
«Құзырлық»  сөзі  «құзыр»  сөзінен  алынған 
туынды сөз екендігіне баса назар аударамыз. 
Бұл туралы қазақ тілі терминдерінің салалық 
ғылыми  түсіндірме  сөздігінде:  «құзыр  (ком-
петенция)  жалпы  алғанда  қайсыбір  тапсыр-
маны орындауға қабілеттілік немесе бір нәр-
сені жасау» деп берілген. Ал Қазақстан Ұлт-
тық энциклопедиясында (6 том, 96б.) «құзы-
рет (компетенция)» нақты органның не лауа-
зымды  тұлғаның  заң  жүзінде  белгіленген 
өкілеттіліктерінің,  құқықтары  мен  міндетте-
рінің  жиынтығы  деп  көрсетілген.  Латын 
тілінен  аударғанда  «құзырлық  өз  ісін  жетік 
білу,  танымы  мол,  тәжірибелі»  деген  мағы-
наны  білдіреді.  Белгілі  бір  саладағы  құзыр-
лықты  меңгерген  тұлға  өз  саласына  сәйкес 
білім мен біліктілікпен қаруланған қандай да 
бір  негізі  бар  ой-тұжырым  жасайтын  және 
тиімді  әрекет  ете  алатын  адамды  есептеуге 
болады.  Енді  осы  ұғымдардың  мәнін 
тереңірек  талдайтын  болсақ,  онда  «құзыр» 
тұлғаның  белгілі  бір  пәндер  шеңберіне 
қатысты  білімі,  біліктілігі,  дағдысы  мен  іс-

 
16 
     
 
әрекеттері тәсілінің өзара байланысқан сапа-
ларының  жиынтығы,  ал  «құзырлық»  адам-
ның  іс-әрекеті  саласына  сай  құзырлықтарды 
меңгеруі. Бұл екі  ұғымды керек болған  жағ-
дайда  бөліп  қарастырады.  Мысалы,  құзыр-
лық  оқушылар  дайындығына  алдын-ала  қо-
йылатын  талаптарды,  ал  құзыреттілік  олар-
дың  қалыптасқан  тұлғалық  сапасын  және 
белгілі  бір  саладағы  іс-әрекетке  қатысты 
жинақталған тәжірибесін айтады. 
Педагог  іс-әрекеті  білім  саласында  кә-
сіби  міндеттерді  шешуге  бағдарланады.  Іс-
әрекетін  бағдарлау  педагогтың  интеллек-
туалдық қабілетіне байланысты, қандай білім 
мен іскерліктерді игерген, педагогтың кәсіби 
міндеттерін  эвристикалық  жолмен  шеше 
алуы,  оқыту  технологияларын  қаншалықты 
меңгергендігіне  байланысты  айқындалады. 
Іс-әрекеттің  бұл  кезеңі  педагог  құзыретті-
лігінен шешіледі. 
Құзырет  –  өкілетті  қызмет  адамы,  сол 
салада  оның  сәйкес  білімі,  танымы  болуы 
қажет және жауапты шешімдерді қабылдауға 
құқылы. 
Құзыреттілік  –  жұмыскердің  өз  білімі, 
біліктілігі  және  дағдылары  негізінде  нақты 
кәсіп 
аясында 
жоғары  сапалы 
және 
мөлшерлік  еңбек  нәтижелеріне  жету  үшін 
нақты  жұмыс  түрлерін  білікті  атқара  алу 
қабілеті. 
Біліктілік  –  адамның  қандай  да  бір 
кәсіби-  еңбек  қызметін  орындауға  деген 
дайындық  деңгейі  немесе  біліктілік–кәсіпті 
меңгеру  деңгейі.  Біліктілік  мінездемесі–
қандай да бір біліктілік деңгейі бар нақты бір 
кәсіп маманы оны игеруге қажет білім, білік 
және  дағдыларға  қойылған  талаптар  тізімі 
белгіленген мемлекеттік құжат. 
Кәсіби  оқытушы  педагогының  құзыр-
лығы жоғары, әлеуметтік тұрғыдан жетілген, 
әдіс-тәсілдерді  меңгерген,  шығармашылық-
пен  жұмыс  істейтін,  өзін-өзі  кәсіби  жетілді-
руге  ұмтылған  маман.  Педагог  өз  маманды-
ғының  сапасын,  біліктілігін  арттыруды  пси-
хологиялық тұрғыдан қамтамасыз етуі үлкен 
роль  атқарады.  Педагогтың  іс-әрекеті  көбін-
де  оның  кәсіби  шеберлігінің  кеңістігіне  қа-
тысты,  педагогикалық  қарым-қатынас  меха-
низмдеріне,  оқушылардың  психологиялық 
ерекшеліктерінің табиғатына да байланысты. 
Кәсіби  оқытушы  педагогтың  іскерлігінің 
негізгі бағыты болашақ мамандардың кәсіби 
білімін 
(теориялық 
және 
тәжірибелік) 
жетілдіру болып табылады. 
Біліктілік  арттыру  курстарында  мұға-
лім  өзінің  күнделікті  тәжірибесін  өзгертуге 
бағытталады,  жаңа  ақпараттар  пен  педа-
гогикалық  тәжірибелермен  алмасады.  Егер 
біліктілік  арттырудың  мүмкіндіктерін  жүйе-
лендіретін болсақ, ол келесідей болмақ: 
-
 
вариативтілік-әрбір мұғалім өзіндік іс-әре-
кет  бағдарламасы  мен  старатегиясын  әзір-
лейді, сондай-ақ оның тұлғасының сапалары 
туралы тұтас пайымдауға мүмкіндік алады; 
-
 
бағдарлылық-біліктілік  арттырудың  тұлға 
үшін  маңызды  кешенді  мақсаттарын  зерде-
леп,  қабылдауға  деген  мұғалімнің  қарым-
қатынасы  анықталады  және  күтілетін  нәти-
желерді  көрсете  отырып,  кезеңдік  іс-әрекет 
бағдарламасы бекітіледі; 
-
 
креативтілік  білім  меңгеру  қазіргі  оқыту 
технологияларын  пайдалана  отырып,  дара-
шығармашылық  тәсіл  негізінде  ұйымдасты-
рылады; 
-
 
сәйкестілік  нақты  мәселені  зерттеуге  қа-
жет  уақыт  шығындарын  есепке  алуды  талап 
етеді және біліктілік арттыруда таңдалған ст-
ратегияға сәйкес нәтижелер мен шығындарға 
көрегендік жасауды қамтамасыз етеді
-
 
икемділік  оқытудың  бейімдік  жүйесінің 
құрылуын, тыңдаушының дайындық  деңгейі 
мен  ұсынылатын  түпкі  нәтижеге  орай  білік-
тілікті  арттыру жүйесінің құрылымын анық-
тауды талап етеді; 
-
 
тәжірибеге сүйенушілік мұғалімдердің тә-
жірибесі  оқыту  көздерінің  бірі  ретінде  пай-
даланылады,  сондай-ақ  нақты  іс-әрекет  құ-
рылымындағы танымдық үрдістер мен логи-
каның өзара байланысын анықтайды; 
-
 
кеңесушілік  әрбір  мұғалімнің  жеке  ерек-
шелігін  ескере  отырып,  зерттелетін  мәселе-
нің мазмұны төңірегінде алға қойған мақсат-
тарға  жетудегі  ұтымды  әдіс-тәсілдерді  таң-
дауда кеңес беруді қарастырады. 
Теориялық  идеяларға  сүйене  отырып, 
құзырлық  ұғымы:  құзырлық  алған  білімін 
пайдалана  білу  қабілеті;  болашақ  таңдайтын 
мамандығына  қатысты  қабілеттер  мен  ше-
берліктерін  меңгере  білу;  әлеуметтік  даму 
деңгейіне  сәйкес  келетін  және  қоршаған  ор-
таның  әсер  ету  факторларына  төтеп  бере 
алатын  тұлғаның  интегративті  қасиеттер 
жиынтығы. 

 
17 
     
 
Педагогтың әлеуеті оның өмірге көзқа-
расымен,  идеялық  нанымымен  өлшенеді. 
Жас  ұрпақты  ұлттық  рухта,  жалпыадамзат-
тық құндылықтарды, пән арқылы қалыптаса-
тын  құзыреттіліктерді,  ізгілік,  имандылық 
қағидаларын білуді үйренуімен бағаланады. 
Ендеше 
педагог 
оқу 
үрдісін 
ұйымдастырушы  қызметін  лайықты  атқару 
үшін  өзінің  кәсіби  әлеуетін  үздіксіз  көтеріп 
отыруы  керек.  Оқуды,  ізденуді  тоқтатқан 
жағдайда  мұғалімнің  беделі  жойылады.  Ал 
қашаннан 
«шәкірттің 
жақсы 
болмағы 
ұстазынан» екендігі бәрімізге белгілі. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.К.Устемиров, Н.Р.Шаметов, И.Б. Васильев. 
Профессиональная 
педагогика. 
Алматы 
2005.- 432 с. 
2.Қ.М.Нағымжанова.  Оқыту  технологияла-
рын  таңдау  және  мұғалімнің  кәсіби-
педагогикалық  мәдениеті.  Ж.К.Аубакирова. 
Педагогикалық  қарым-қатынастың  психоло-
гиялық-педагогикалық 
негіздері.// 
«С.Аманжолов  оқулары-2005»  атты  Халық-
аралық  ғыл.практ.қ  конф.  материалдары. 
Өскемен 2005.-538 б 
3.М.А.Ғалымжанова.  «Мұғалімдердің  ақпа-
раттық  құзыреттілігін  дамытудың  педагоги-
калық  шарттары».-  Монография,  Атырау: 
2013.-212б. 
4.Ғ.М.Кертаева.  «Рахат»  мектебі:  жаңа 
ғасырға жаңа мектеп. Павлодар, 2005. -297 б. 
5.М.А.Ғалымжанова.  Білім саласы жаңғырту 
жағдайындағы біліктілікті  арттыру- отандық 
білім  саясатының  басты  бағыты//«Қазақстан 
Республикасындағы  біліктілікті  арттыру 
жүйесінің  жаңа  үлгісі:тенденциялар  және 
даму 
перспективалары» 
халықаралық 
ғылыми-  практикалық  конференция.  –
Астана, 2013.Б.87-91. 
 
 
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ ЖАҒДАЙЫНДА МЕКТЕП ЖАСЫНА 
ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҮШ ТІЛДЕ СӨЙЛЕУІН ДАМЫТУДЫҢ АЛҒЫ 
ШАРТТАРЫ 
 
Сарсенова Н.С. 
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы 
п.ғ.к., доцент, Атырау облысы бойынша ПҚБАИ, «Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру» 
кафедрасының меңгерушісі 
 
Қазақстан Республи-
касының 
Президенті– 
Елбасы 
Н.Ә.Назарбаевтың 
«Қазақстан-2050» 
Стратегиясы  қалыптасқан 
мемлекеттің  жаңа  саяси 
бағыты»  атты  Қазақстан 
халқына  Жолдауында  білім  беру  саласының 
стратегиясы мен саясаты айқындалды. 
«2011–2020 жылдарға арналған ҚР Тіл-
дерді  дамыту  мен  қолданудың  мемлекеттік 
бағдарламасы»  тілдерді  дамыту  мен  қолда-
нудың  нормативтік-құқықтық  және  әдісна-
малық  базасын  жетілдіруге  бағытталған 
кешенді шаралар өткізуді қарастырады. 
Тілдерді дамыту еліміздегі мемлекеттік 
саясаттың  аса  маңызды  бағыттарының  бірі. 
Үштұғырлы  тіл  жәй  ғана  әдемі  тұжырым-
дама немесе тілдік саясаттың жаңа формасы 
ретінде  пайда  болған  жоқ,  ол  өмірлік 
қажеттіліктен туындаған игілікті  идея. Білім 
беруді  жаңғырту  үдерісінің  мектеп  жасына 
дейінгі  кезеңнен  бастау  алуының  маңызды-
лығы тұлғаның ерте жастан дамытылуында. 
Қазақстандағы  көптілді  білім  беру  мо-
делі,  әр  білім  алушының  мектеп  жасына  де-
йінгі  кезеңінен  бастап,  ел  дамуының  игілігі 
үшін бойындағы тұлғалық қабілеттерін ашу-
ға  үш  тілді  қазақ,  орыс,  ағылшын  тілдерін 
қарқынды  түрде  меңгеруге  бағытталған. 
Тілді  қазіргі  замандағы  диалогтың  құралы 
ретінде  қолданатын  тұлғаны  қалыптастыру 
білім  беру  үдерісінің  негізгі  мақсаттарының 
бірі болып табылады. 
Қазіргі  заманғы  еңбек  нарығы  маман-
нан саяси-әлеуметтік,көп мәдениетті, қарым-
қатынас,  ақпараттық  құзыреттіліктерін  мең-
геруді талап етеді. Көптілді құзыреттілігі же-
ке тұлғаға өзін мәдени-әлеуметтік және кәсі-
би  салаларда  шыңдауға  ықпал  етеді,  өрке-
ниетті диалог негізінде адами және жұмысқа 

 
18 
     
 
байланысты  қатынас  жасауға  мүмкіндік  бе-
реді.  Көптілді  құзыреттілікті  отандық  және 
шетелдік  ғалымдар,  көп  этникалық  қоғамда 
жеке адамға жеңіл бейімделіп өзін шыңдауға 
мүмкіндік  беретін  құзыреттілік  ретінде 
қарастырады. 
Қазіргі  таңда  ең  алдымен  мектепке  де-
йінгі  ұйымдардың  деңгейінде  көптілді  білім 
беру  мазмұнын  бір  жүйеге  келтіру  қажет. 
Бұл  тілдік  дайындықтың  нормативтік  база-
лық  деңгейін  бастауыш,  орта,  жоғары  және 
жоғарыдан  кейінгі  білім  беру  деңгейінде 
көптілді құзыретті қалыптастыруды сабақтас 
жалғастыру үшін қамтамасыз етуі қажет. 
Мектеп  жасына  дейінгі  кезең  тілдерді 
үйренуге  ең  қолайлы  кезең  екендігін,  бала 
зейін  қоюға,  логикалық  ойлауға  қабілетті 
екендігін,  балада  жетерліктей  ес  көлемі  бар 
екендігін есепке ала отырып,үш тілде оқыту-
ды  мектепке  дейінгі  ерте  жастан  бастау  қа-
жеттілігі туындайды. Бұл тілдерді ары қарай 
үйрену  сөздердің  лексикалық  қорын  құруға 
мүмкіндік береді. 
«Үштұғырлы 
тілдердің» 
өзектілігі 
практикалық маңыздылығымен де ерекшеле-
неді.  Мектеп  жасына  дейінгі  балалар  алған 
білімдерін мектепте оқыған кезде де қолдана 
алады. Мектепке алғашқы барған кезде бала-
лардың  ең  бастысы  екінші  тілді  ары  қарай 
үйренуге  қызығушылықтары  қалыптасып, 
белгілі  білім  көлемі  жинақталуы  тиіс,  бұл 
балаларға  бастауыш  мектепте  тілдердің  үш-
тұғырлығы  бағдарламасын  жеңіл  меңгеруге 
мүмкіндік береді. 
Мемлекеттік  тіл  рухани  және  ұлттық 
бірліктің басымдылығымен негізделген. Ана 
тілін  білу  Қазақстанның  мектеп  жасына  де-
йінгі  ерте  жастан  бастап  әрбір  азаматының 
міндеті мен борышы, өзінің бәсекеге қабілет-
ті  бола  білуін  және  қоғамдық  өмірге  арала-
суын айқындайтын бағдары. Мектеп жасына 
дейінгі балалардың психофизиологиялық да-
муына негізделетін тілдердің үштұғырлығын 
(қазақ, орыс, ағылшын) оқытудың өз ерекше-
ліктері бар. Психологтардың пайымдауы бо-
йынша  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың 
қабылдауы, есте сақтауы, зейіні еріксіз бола-
ды.  Балалар  өз  қабылдау  үдерісін  басқара 
алмайды,  кез-келген  затты  өздігінен  талдай 
алмайды.  Балалардың  есте  сақтауы  тек  қана 
фотографиялық  сипатта  болады,  сонымен 
бірге  мектеп  жасына  дейінгі  бала  барлық 
қабылдағанын кейін қолдануды ойланбайды. 
Бала  зейінінің  ерекшелігі  назарын 
сырттағы  көзге  түсер  заттарға  аудара  ала-
тындығында.  Заттарға  назар  аударып,  қа-
былдау үдерісінде, яғни заттарға қызығушы-
лық сақталып отырғанға дейін зейіні жинақ-
талып  тұрады.  Сөйлеу  дағдыларының  негізі 
мектеп  жасына  дейінгі  балаларда  әлі  де 
қалана қоймайды, өйткені бұл мидың оң жақ 
жарты шеңберінің сол жақ жарты шеңберіне 
қарағанда артығырақ дамығанына байланыс-
ты.  Бұл  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың 
қиын  логикалық  тізбектер  құруға,  бір  типті 
фразаларда сөздерді алмастыра білуге қиын-
дық  туғызады,  сөйтіп  фразаны  лексикалық 
бірліктер  ретінде  қабылдай  алмайтынына 
әкеліп  соғады.  Сондықтан,  оқыту  осы  ерек-
шеліктерді  ескере  отырып  құрылуы  керек 
және  бастауыш  мектептегі  оқытудан  айыр-
машылығы болуы қажет. 
Мектеп  жасына  дейінгі  бала  зейіннің 
ұзақ  концентрациясын  сақтай  алады,  оның 
мақсатқа  бағытталған  іс-әрекетті  қажет  етіп, 
ол жеткілікті лексикалық  қорды, өзінің ком-
муникативті қажеттіліктерін  қанағаттандыру 
үшін сөйлеу модельдерін меңгереді. Осы жас 
аралығында  адамдардың  қарым-қатынаста-
рына  қызығушылығы  дамып,  қоршаған  ор-
таның заттарын тану шеңбері кеңейеді. Бала-
лар осы жасында қоршаған ортаның заттары 
арасындағы  кейбір  байланыстарды  және  тә-
уелділіктерді  өздігінен  орнатады.  Бұл  жас 
аралық  сөйлеудің барлық  қырлары мен қыз-
меттерінің  дамуы  үшін  сензистивтілігімен 
сипатталады. 
Тілдерді  меңгеру  үшін  ең  қолайлы  ке-
зең  4-5  жас  аралық  екендігін  мамандар  атап 
көрсетуде.  Психологтар  (Л.С.Выготский, 
С.Л.Рубинштейн, А.А.Леонтьев, Б.Уайт, Дж. 
Брунер,  В.Пенфильд,  Р.Робертс,  Т.Элиот) 
бала  төрт  жасынан  бастап  ересек  адамға  қа-
рағанда шет тілдерін оңай меңгере алатынын 
пайымдайды.  Осы  жаста  тілдік  материалды 
есте  сақтауы  берік  болады,  фонематикалық 
естудің жоғары деңгейі белгіленеді. Шет тіл-
ді  меңгеруде  үзіліс  болса  да,  меңгерілген 
дағдылар ұзақ уақытқа дейін сақталатын бо-
лады. Мектепке дейінгі жастағы меңгерілген 
сөйлеу  жылдам  қалпына  келетіндігімен 
белгілі. 

 
19 
     
 
Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың 
басқа  тілді  меңгеруінің  (қазақ,  орыс,  ағыл-
шын  негізгі  ана  тілге  байланысты)  өз  ерек-
шеліктері  бар,  олар  осы  жас  аралығындағы 
балалардың психофизиологиялық ерекшелік-
теріне  негізделеді.  Психологтардың  пайым-
дауынша,  мектеп  жасына  дейінгі  жастағы 
балалардың  қабылдауы,есте  сақтауы  мен 
зейіні  еріксіз  сипатта  болады.  Сөздік  қорын 
дамыту  бойынша  жұмыс  келесі  бағыттарда 
жүргізіледі: 
-
 
белсенді  және  пассивті  сөздік  қорын 
байыту; 
-
 
сөздікті бекіту мен нақтылау; 
-
 
сөздікті белсендіру
-
 
әдеби тілден тыс сөздікті жою. 
Сөздік  жұмысының  мазмұнын  күрде-
лендіру келесі бағытта жүзеге асырылады: 
-
 
заттар  мен  құбылыстар  тұтастай  қабыл-
даумен бірге сөздікті меңгеру; 
-
 
заттар  мен  құбылыстардың  қасиеттерін, 
бөлшектерін, олардың қатынастарын білдіре-
тін  сөздерді  түсіну  арқылы  сөз  қорын 
жетілдіру. 
Бұл  үдеріс  қабылдауға,  талдау  мен 
салыстыру  сияқты  ойлау  операцияларына 
қабілеттілікті қажет етеді: 
-
 
қарапайым  түсініктерді  білдіретін  сөздер-
ді  лексикаға  кіргізу.  Заттар  мен  құбылыс-
тарды  маңызды  белгілері  бойынша  жалпы-
лау іскерлігін қалыптастыру. 
-
 
адамдардың еңбегі және кейбір еңбек әре-
кеттерін орындау үшін қолданатын құралдар 
туралы білімдерін кеңейту; 
-
 
табиғат (табиғи құбылыстар мен маусым-
дық  өзгерістер  туралы  білім)  туралы  білім 
қоры. 
Балалардың сөздігін үш тілде дамытуда 
жеке-тұрмыстық  бағдарға  кіретін  лексика-
лық  материал  ерекше  орын  алады.  Ол-жеке 
гигиеналық 
талаптар, 
жиһаз,тұрмыстық 
техника туралы білімі т.б. 
Ортаңғы топтағы (4-5 жас) балалар үш 
тұғырлы  тілдер  аясында  өз  туыстары,  олар-
дың  есімдері  туралы  мәлімет  алуы,  отбасы-
ның өмірі, ата-анасының еңбегі туралы білуі 
тиіс.  Сөздікті  байыту  бойынша  жүргізілетін 
жұмыста  әр түрлі  заттарды, ойыншықтарды, 
заттық  және  сюжеттік  суреттерді  қолдана 
білу ерекше орын алады. 
4-5  жаста  белсенді  сөздік  қорының 
мазмұны  баланың  айналадағы  адамдармен 
сөйлеу қарым-қатынасы үшін қажет сөздерді 
жинақтауға бағытталған. 
Тілдердің  үштұғырлығын  дамыту  үде-
рісінде лексиканың негізгі бөлігіне айрықша 
мәнді (зат, сын есімдер, етістік, сан есім, ода-
ғайлар,  есімдіктер)  сөздерді  кіріктіру  керек. 
Бұл  сөздер  атаулар  ретінде  қызмет  ететін 
түсініктерді білдіріп, сөйлемнің негізін (бас-
тауыш,  баяндауыш,  анықтауыш,  пысықта-
уыш, толықтауыш рөлінде) құрайды. 
Балалар  сөйлеу  кезінде  төмендегідей 
біліктер мен дағдыларды игеруге тиіс: 
-
 
айналадағы  адамдармен  қарым-қатынас 
орнату  үшін  қажетті  түсініктерді  білдіретін 
сөздер мен сөйлемдер
-
 
заттардың  және  олардың  жасалған  мате-
риалдарының  атаулары  (ағаштан,  қағаздан, 
пластмассадан); 
-
 
тірі  жандардың  және  олардың  тіршілік 
орталарының атауларын,кейбір еңбек үдеріс-
терін (жануарлардың қоректенуі, көкөністер-
ді  өсіру,  кірді  жуу,  дастарханға  ыдыстарды 
даярлау және т.б.); 
-
 
заттарды,  тірі  жандарды,  табиғи  құбылыс 
бөліктерін, олардың қасиеттерін және сипат-
тарын;  түстердің  реңдерін,  дәмдік  сапасын, 
объектілер мен құбылыстардың сапа дәреже-
сін белгілейтін сөздерді; 
-
 
түрлерді  жалпылауды  білдіретін  сөздерді 
меңгеруі. 
Осы жастағы балалармен жұмыс бары-
сында  үш  тілде  жалпы  дамытатын  лексика-
лық  ойындар  ойнату  үшін  арнайы  уақыт 
бөлу қажет. 
Сөйлеудің лексикалық жағы 
Жиі қолданылатын сөздік қорға бір уа-
қытта 4-5 жаңа сөз кіреді. Енгізілген сөздер-
дің арасында бір-бірімен байланысы бар бір-
неше сөздер болуы шарт. Балаларға ана тілі-
нің  құрамына  кірмейтін  сөздерді  жаттауға 
беру  дұрыс  емес.  Балаларға  ұсынылатын 
жаңа  лексика  баланың  санасында  жатталып, 
сіңіп  қалуы  тиіс.  Ортаңғы  топта  шет  тілде-
ріндегі  сөздік  қорлары  100-150  лексикалық 
бірлікті  құрайды,  оның  ішінде  1-ден  бастап 
5-ке  дейін  санау,  бір-бірімен  сөйлесу  кезін-
дегі  жалпы  қолданатын  сөздер,  тұрмыстық 
заттарды  және  киім-кешекті  сипаттайтын 
сөздер бар. 
4-5  жастағы  балалардың  сөйлеуін 
дамыту 

 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет