Әдіскер жаршысы



Pdf көрінісі
бет7/23
Дата03.03.2017
өлшемі3,75 Mb.
#5470
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23

42 
     
 
дан,  сабақта  лексикалық  жадығат  табиғи 
әдіспен және аударма әдісімен беріледі. 
Пән мұғалімі оқушының назарын ауда-
ру  үшін  сабақ  кезінде  әртүрлі  тақырыптық, 
пәнаралық, сыныпаралық байланыс орнатып, 
қызықты  әңгімелерді  сахналық  көрініс  ре-
тінде өтуді ұйымдастыра білуі қажет. Соны-
мен қатар, түрлі көрнекілік құралдарын қол-
дану, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, ажыра-
ту,  тақтаға  жазу,  айтқан  ойды  мысалдармен 
дәлелдеу,  сөздікпен  жұмыс,  проблемалық 
мәселелерге жауап беру, нақтылы және жал-
пылама тапсырмалар беріп, шағын шығарма-
шылық  жұмыстарды  орындату,  оқушының 
бірін-бірі  сынауы,  өзіндік  пікір  білдіруі, 
баяндама  жасауы,  ғылыми  зерттеу  жазып 
қорғауы т.б. алуан түрлі әдіс-тәсілдерді қол-
дануы  керек.  Осындай  әдіс-тәсілдерді  түр-
лендіріп, жүйелі  түрде пайдаланып мұғалім-
нің  шәкірттері  өз  бетімен  жұмыс  істеуге  тез 
үйренеді. Орта буын оқушыларының арнайы 
ереже  дәптерлері,  альбомдар,  сөздіктері, 
конспектілері, 
хронологиялық 
кестелері 
болуға тиіс. Сонымен бірге, шығармашылық 
дәптері  бөлек  болғаны  дұрыс.  Оған  оқушы 
өздеріне  ұнаған  мақал-мәтелдерді,  афоризм-
дерді, шешендік сөздерді де жазып алып жү-
руге  баулу  керек.  Осы  ретте,  шығармашы-
лыққа жақын кейбір оқушылар сол дәптерге 
қыса  әңгіме,  мақала,  күнделік,  пікір  жазып 
үйренуіне  мүмкіндік  туады.  Сонымен  бірге 
оқушылардың  теориялық  білімдерін  дамыту 
мақсатында  Н.Оразақынованың  «Сатылай 
кешенді  талдау»  технологиясының  тиімді 
жақтарын айтқым келеді. 
1. Оқушыларға теориялық білім береді 
2. ҰБТ-ке оқушы дайын болады 
3. Тілін дамытады 
4.  Ұлттық  құндылықтарды  бағалай  білуге, 
құрметтеуге үйретеді 
5. 
Ізденушілік, 
зерттеушілік 
әрекетін 
ұйымдастырады. 
6.  Оқушының  оқуға,  білуге  деген  ынта-
ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. 
Осылайша,  оқушының  әлеуметтік  бе-
йімделуінде  қазақ  тілі  мен  әдебиетінің  ала-
тын  орны  ерекше  екендігін  айтқым  келеді. 
Абай  атамыздың:  «Ақырын  жүріп  анық  бас, 
Еңбегін  кетпес  далаға.  Ұстаздық  еткен  жа-
лықпас,  Үйретуден  балаға»  -  деп  айтқанын-
дай, мұғалім үшін кәсіби шеберлікке жету, өз 
мамандығының  данышпаны  болу  бір  күнде 
пайда болатын дүние еместігін біз жақсы тү-
сінеміз  және  өмір  бойы  ізденішулікті,  әлеу-
меттік бейімделу нәтижеге жетуге болады. 
Ш.Х.Сарыбаев  әдістемесінің  құндылы-
ғы  –  оның,  ең  алдымен,  тіл  үйренуші  сөздік 
қорын  байытуға  көп  жұмыс  жүргізетіндігін-
де  жатыр.  Бірақ  лексикалық  жадығаттарды 
ұсынуға  әдіскер  төмендегіше  талаптарды 
қажет деп есептейді. Мәселен, 
1)
 
Сөйленетін  сөздер  оқушылардың  көз 
алдыңдағы заттардың аты болуы керек. 
2)
 
Сөйленетін  сөз  саны  өте  аз,  мөлшермен 
айтқанда, сағатына 5 сөз болуы керек. 
3)
 
Сөйленетін 
сөздер 
тиімді 
түрде 
орындарын  өзгерту  шартымен  қайталап 
отыруы керек. 
4)
 
Сөйленетін сөздер қаншама аз болғанмен, 
бәрі  бірден  беріле  салмай,  “үдетпелі” 
жолмен берілуі керек. 
5)
 
Сөйленетін  сөздер  әбден  меңгерілмей 
тұрып, жаңа сөздер берілмеуі керек. 
Мұғалімнің әрбір сөзі мен ісі, қимылы, 
киімі, аяқ алысы, жүрісі, көзқарасы психоло-
гиялық  және  ізгілік  тұрғысынан  шәкірт  жү-
регінен үлкен орын алады. Әрбір ұстаз үшін 
оқу-тәрбие  процесін  ұйымдастыруда  мол 
білімділікті,  ақылдылықты,  дұрыс  іскерлік-
тер мен дағдыларды қолдануды қажет етеді. 
 
 
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ КУРСТАРДА CLIL ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЕНГІЗУ 
 
Нурмухамбетова А.С., 
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ институтының аға 
оқытушысы 
 
Ел  Президентінің  «Қазақстан  -  2030» 
стратегиялық бағдарламасында білімге ерек-
ше  көңіл  бөлінгендігі  белгілі.  Ол  бүгінгі  өс-
келең  өмірдің  талаптарына  сай  маңыздылы-
ғымен  ерекшеленеді.  «Халықтың  кемеліне 
келіп  өркендеуі  үшін,  ең  алдымен  азаттық 
пен  білім  керек»  деп  көрегендікпен  Шоқан 
Уәлиханов айтқандай, халқымызды кемеліне 

 
 
 
43 
     
 
келтіру  үшін  жастарымызды  білімді,  мәде-
ниетті, Отанын, тілін шексіз сүйетіндей етіп 
дайындауға әрбір ұстаз міндетті. Бүгінгі күні 
қазақ  тілінің  өзінің  мемлекеттік  биік  мәрте-
бесіне лайық деңгейде қызмет атқару қажет-
тілігі заман талабынан туындап отыр. Еліміз-
дің  өз  тәуелсіз  мемлекеттігінің  15  жылдық 
тарихи  кезеңін  артқа  тастап,  нық  сеніммен 
болашаққа қадам басқан кезінде мемлекеттік 
тіл  қазақ  тілінің  қолданыс  аясының  ауқымы 
ана  тілінің  қадірін  ұғып,  қасиетін  пайымда-
ған  барша  жанашыр  азаматтарды  алаңдатып 
отырғаны  анық.  Тәңір  жарылқап,  ата-баба 
рухы  қолдап,  1991  жылы  басымызға  қонған 
ұлы  бақыт  Тәуелсіздік  таңымен  бірге  қазақ 
тілінің де біржола жолы ашылып, ұзақ жыл-
ғы күрмеу мен шырмаудан құтылды. Арнайы 
екі рет заң қабылданып, биік мәртебесі тасқа 
басылғанымен, тізерлеп қалған қайран тілдің 
тік  тұрып,  нық  басып  кетуі  оңай  болмады. 
Елбасы  жүргізіп  отырған  парасатты  саясат-
тың  арқасында  мемлекеттік  тіл  қазақ  тілі  де 
елімен бірге өзінің қайта өрлеуінің әрбір күні 
ғасыр  жүгін  арқалаған  ауыр  болса  да  абы-
ройлы,  күрделі  болғанымен  жемісі  мол  20 
жылдық кезеңін жүріп өтті. Ендігі мақсат тә-
уелсіз  Қазақстанның  өсіп  келе  жатқан  жас 
ұрпағын өз Отанының мемлекеттігінің кепілі 
мемлекеттік  тілді  құрметтеуге  баулу,  оны 
оқып  үйренуге  деген  қызығушылықтарын 
арттыру болмақ. 
Қазақ  тілін  оқыту  қиын  да  қызық  жұ-
мыс.  Қазіргі  кезде  қазақ  тілін  оқытатын  ма-
мандарға  қойылатын  талап  жаңа  техноло-
гиялық әдістерді қолдана отырып, сапалы бі-
лім  беру.  Олардың  ойлау,  есте  сақтау,  көру 
қабілеттерін  жетілдіру  және  танымдық  кү-
шін  қалыптастыруға  жағдай  жасау,  оқыту-
шының  жеке  басының  интелектісін,  оқу 
әрекетін, өтетін тақырып мазмұнын аша білу. 
Білім  негізінен  пән  арқылы  берілгендіктен, 
әр  пәнді  заман  талабына  сай  өз  деңгейінде 
игерту,  қай  кезде  болмасын,  ең  маңызды 
мәселе  болып  келгені  даусыз.  Әрине  терең 
білім де, материалдың игеруге қолайлығы да, 
оқулық  деңгейімен  шектелу  де  мүлде  нәти-
жесіз болды деп айта алмаймыз. Технология 
мен әдістеменің мақсаты бір  – “қалай оқыту 
мәселелерін қарастырады”. 
Бүгінгі  оқыту  жүйесінде  әртүрлі  жаңа 
технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, 
нәтижелер беруде. Бұлар оқушының жеке қа-
сиетін  аша  отырып,  азамат  етіп  тәрбиелеу-
мен  қатар  оқушының  танымдық  күшін  қа-
лыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңде-
туге  жағдай  жасайды.  Ұстаз  үшін  ең  басты 
мәселе оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа пе-
дагогикалық  технологиялар  оқушының  жеке 
тұлғалық  күшін  арттырып,  шығармашылық 
ойының дамуында басты рөл атқарады. Жаңа 
технологияларды  меңгеру  мұғалімнің  зият-
керлік,  кәсіптік,  адамгершілік,  рухани,  аза-
маттық  және  басқа  да  көптеген  адами  кел-
бетінің  қалыптасуына  игі  әсерін  тигізеді, 
өзін-өзі  дамытып,  оқу-тәрбие  үрдісін  тиімді 
ұйымдастыруына көмектеседі. 
«Өрлеу»  БАҰО  АҚ  филиалы  Қостанай 
облысы  бойынша  ПҚ  БАИ  базасында  қысқа 
мерзімді 
курстар 
шеңберінде 
орыс 
мектептерінде  оқытатын  қазақ  тілі  мен 
әдебиеті  пәні  мұғалімдерінене  арналған 
көптілділік  оқыту  жағдайында  пәнді  және 
тілді  кіріктіріп  оқытуды  сапалы  қамтамасыз 
ету  мақсатында  пәнді  және  тілді  кіріктіріп 
оқыту 
(CLIL) 
технологиясына 
назар 
аударылуда.  Білім  беру  үрдісінде  әсіресе 
орыс  мектептерінің  оқушыларын  екінші 
тілге  бағыттаудың  негізі  ретінде  көптеген 
жұмыстар атқарылады. 
CLIL-пән  мен  тілді  кіріктіріп  оқыту 
термині  пәнді  шет  тілі  арқылы  оқытатын 
әдістемені сипаттайды. Ол екі мақсат көздей-
ді, атап айтсақ біріншісі – пәнді шетел тіл ар-
қылы ұғыну, ал екіншісі  – шет тілін пән ар-
қылы оқу. Озық тәжірибелі европа елдерінде 
аталмыш технологиның тиімділігі терең зер-
деленіп,  түрлі  білім  беру  контексттерінде 
қолданылып,  балабақшалардың  төменгі  топ-
тары  мен  жоғары  білім  беру  мекемелерінде 
кең пайдалануда. 
Қысқа мерзімді курстардағы бұл техно-
логияның пайдалануы  білім  беру  мақсаттар-
мен  алға  қойылған  міндеттерге  байланысты 
болып келеді. Бұл  технологияның  мақсаты 
барлық  оқу  бағдарламаны  өзге  тілде  оқыту 
емес,  саналы  түрде,  нақты  тақырыптар  мен 
пәндік  модульдерге  жаңа  ақпаратты  үнем-
деп,  бөлшектеп  енгізу.  Түрлі  семинарларда 
пән  мұғалімдері  пән  мен  тілді  біріңғай  кі-
ріктіріп  оқыту  арқылы  практикалық  жұмыс-
тарға  ендіру  дағдыларын  қалыптастыруға 
бағыттайды.  CLIL  көптеген  әдіс-тәсілдерді 
біріктіріп,  технологиялардың  жан-жақты 
сырларын ашуға көмектеседі. Қатысушылар-

 
44 
     
 
ға пәнді және тілді кіріктіріп оқыту әдістеме-
сінің негізгі принциптері, әртүрлі әдіс-тәсіл-
дері және жоспарлау үлгісі ұсынылады. Курс 
тақырыптарының  шеңберінде  тыңдаушылар 
көптілділік  білім  берудің  тілдік  саясатын 
жоспарлау  мәселелері  бойынша  білімдерін 
кеңейтіп,  орыс  мектептерінде  қазақ  тілінде 
пәндерді 
оқыту 
мәселелері 
кеңінен 
ашылады. 
 
 
СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚҰНДЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН БЕЙІМДЕУ 
 
Серікқызы Қ., 
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті психология мамандығының 
магистранты 
 
Мақаланың  тақырыбы  жоғары  оқу 
орындарында  студенттердің  құндылық  қабі-
леттерін  бейімделушілік  арқылы  қалыптас-
ыру.  Бұл  тақырыпты  таңдаудағы  басты  мақ-
сат  қазіргі  таңда  студент  жастар  қоғамдағы 
жаңашыл  идеяны  қуаттап,  қоғамдағы  руха-
ни-мәдени құндылықтарды дамытуда ерекше 
орын  алады.  Борис  Герасимович  Ананьевтің 
ойынша,  студенттік  кезеңде  жастардың  құн-
дылықтар жүйесі  мен  қатар мотивтік өрісін-
де кеңінен жаңаша өзгерістер пайда болады. 
Осы  өзгерістер  көптеген  арнайы  әлеуметтік 
қабілеттіліктердің  пайда  болуына  себеп  бо-
лады, мысалы, өмірдің мән-мағынасын іздеу, 
болашаққа жоспар құру, таңдаған мамандық-
қа  байланысты  терең  білім  алу,  өзінің  ру-
хани-адамгершілік  құндылықтар  шеңберінде 
дүниетанымын  кеңейту  т.б.  оларды  жай  ой-
ландырып  қана  қоймай,  белсенді  әрекетке 
итермелейді.  Жоғарыда  аталынған  мақсат-
тарды есепке ала отырып зерттеу жұмыстары 
жүргізілді.  Зерттеу  жұмысының  негізгі  мақ-
саты: студент жастардың құндылық бағдары-
ның  ерекшеліктерін  және  ұжымға  бейімде-
лушілігін анықтау. 
Бірінші  курсқа  келген  білім  алушылар 
кешегі  мектептің  ұжымындағы  оқушылар-
дың  оның  өзара  көмегі  мен  моральдік  қала-
уының кетуімен байланысты жағымсыз күй-
зелістер;  кәсіпті  таңдаудағы  мотивацияның 
белгісіздігі,  оған  жеткіліксіз  психологиялық 
даярлық,  мінез-құлық  пен  іс-әрекетті  психо-
логиялық  өзіндік  реттей  алмаушылық,  оның 
күнделікті  бақылауға  ашылуын  педагогтар-
дың  талап  етуі,  жаңа  жағдайда  еңбек  пен 
демалыстың оптималды тәртібін қарастырып 
іздеу жұмыс пен өзіндік қызметті реттеу, әсі-
ресе  үй  жағдайынан  жатақханаға  ауысу  ке-
зінде,  соңғысы  өзіндік  жұмысқа  дағдының 
болмауы,  конспекті  жасай  алмау,  алғашқы 
еңбек  көздерімен,  сөздіктермен,  анықтама 
сілтемелермен  жұмыс  жасай  алмаушылық. 
Барлық  осы  қиыншылықтар  өзінің  шығуына 
байланысты  әр  түрлі.  Оның  кейбіреулері 
объективті  құрыла  алмайтын,  енді  біреулері 
субъективті  сипатта  және  де  әлсіз  даярлық-
пен,  мектеп  және  жанұя  тәрбиесіндегі  ақау-
лармен  байланысты.  Жоғарыда  аталынған 
көрсеткіштерге  сәйкес  бірінші  және  екінші 
курстардың  оқу  орнына  бейімделу  үрдісіне 
орай жүргізілген көптеген зерттеулер келесі-
дей негізгі қиындықтарға жіктеледі екен: 
Зерттеу  жұмысы  Семей  қаласы  Жақия 
Шайжүнісов  ат.электронды  колледж  1  және 
2  курс  білім  алушыларына  және  Қ.Жұбанов 
ат.Ақтөбе өңірлік Мемлекеттік университеті-
нің  білім  алушыларына  жүргізілді.  Зерттеу 
жұмысының  тақырыбы  «Мен  және  менің 
ұжымым» және М.Рокичтің «Құндылық бағ-
дар»,  В.С.Аванесовтың  «Көркемдік-эстети-
калық  қажеттіліктерді  анықтау»  әдістемеле-
рі қолданылды. Бұл әдістемелер студент жас-
тардың  «рухани  құндылықтар»,  «эстетика-
лық  талғам»,  «интеллектуалдық  даму», 
«өзін-өзі  сыйлау»,  «өзгелерді  сыйлау», 
«ұжымға  бейімделу»  т.б  құндылықтарын 
анықтайды.  Әдістемелерден  алынған  нәти-
желер  төмендегідей  қорытынды  жасауға 
мүмкіндік  берді.  Құндылықтар  бағдарын 
анықтауда  М.Рокичтің  «Тұлғаның  құнды-
лықтар бағдары»  әдістемесінің нәтижелері  1 
және 2 курс оқитын студенттердің  «таным», 
«белсенді өмір», «табиғат сұлулығы» құнды-
лықтары  бойынша  статистикалық  айырма-
шылық  анықталды.  Ал,  «Материалдық  бай-
лық»,  «махаббат»,  «сауық  сайран»,  «сенімді 
достар»,  «бақытты  отбасы»  құндылықтары 
бойынша статистикалық  айырмашылық бай-

 
 
 
45 
     
 
қалмады.  Өйткені  бұл  құндылықтар  екі  топ-
тағы  студенттер  үшін  өзекті,  сондықтан  екі 
топтың да қалаулары сәйкес келді, ал 2 курс 
оқитын  студенттердің  танымдық,  эстетика-
лық іс-әрекеттерге үлкен белсенділік таныта-
тынын байқадым. Эмпирикалық нәтижелер 2 
курс білім алушыларының барлық шкалалар 
бойынша 1 курс оқитын студенттердің нәти-
желерінен  әлде  қайда  жоғары  екенін  анық-
тады.  Яғни,  әр  жыл  өскен  сайын  білім  алу-
шылар бойында тек білім деңгейі  ғана емес, 
сонымен  қатар  олардың  рухани-адамгерші-
лік  құндылықтар  жүйесі  тереңдеп  ортаға, 
ұжымға  бейімделушіліктері  арта  түсетінін 
дәлелдеп отыр. Осы  уақыт аралығында олар 
өз-өздеріне  сенімдірек  және  өзгелермен  қа-
рым-қатынасқа түсу жолдарын жақсы меңге-
реді. 
Келесі  қолданған  В.С.Аванесовтың 
«Көркемдік-эстетикалық 
қажеттіліктерді 
анықтау» әдістемесінің нәтижелері де 2 курс 
оқитын  студенттердің  жан-жақты  көзқара-
сын,  музыкаға,  архитектураға,  көркем  әде-
биеттер  мен  атақты  адамдардың  өмір  тари-
хымен  танысқанды  ұнататынын,  жолдаста-
рымен  бос  уақытта  музыка  тыңдап,  көрген 
фильмдер жайлы әңгімелесу арқылы рухани-
мәдени  құндылықтарын  дамытып  отырады 
екен. Ал тәжірибе тобындағы 1 курс оқитын 
студенттер  осы  жағдайда  ортаға  бейімделу-
шіліктері  ұзақ  уақыт  жүретінін  көрсетіп 
отыр. Оның салдары әртүрлі ауыл, аудандар-
дан  келген  балалар  бір-біріне  үйренісе  ал-
май, тілтабыса алмаушылыққа әкеліп соқты-
рады.  Осы  жағдайдан  шығу  үшін  жоғарғы 
оқу орындарындағы оқытушылар тарапынан 
алғаш  келген  білім  алушыларға  қолдау  көр-
сетіп,  дарындылығы  мен  талантын  анықтап, 
жұмыс  жүргізілуі  қажет.  Сонымен,  жоғары 
оқу  орындарында  студенттердің  құндылық 
қабілеттерінің  және  бейімделушілігінің  те-
реңдеуіне жүйелі түрде жүретін оқу - тәрбие 
жұмыстарымен  қатар,  сабақтан  тыс  ұйым-
дастырылатын  танымдық  үйірмелер,  сту-
денттердің  ғылыми-зерттеу  жұмыстары  бо-
йынша  конференциялар,  пәндік  олимпиада-
лар, диспуттар т.б. тиімді ықпал етеді. 
Студенттің  білімді  меңгеруі  мен  білім 
алуға  деген  қызығушылығы  және  оның 
үлгерімінің  жоғары  дәрежеде  болуына  оның 
жаңа  қоғамдық  ортадағы  студенттермен, 
оқытушылармен,  жоғары  оқу  орнының 
әкімшілігімен  өзара  қарым-қатынасының 
жақсы  болуы  үлкен  әсер  етеді.  Сондықтан 
оқытушылар 
құрамының 
студенттермен 
жұмыс жасау жағдайы олардың бейімделуіне 
үлкен әсерін тигізеді. 
 
 
БАСТАУЫШ КЛАСС ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ 
 
Сұлтанғалиева Ж.Б., 
Ойыл ауданы Көсембай негізгі мектебінің бастауыш класс мұғалімі 
 
Тарихи дамудың әрбір  кезеңінде қоғам 
уақыттың  өзіне  тән  ерекшелігін  көрсететін, 
мамандарды  даярлауға  қоятын  айқын  талап-
тармен алға  жылжып отырды. Бүгінде түлек 
дайындау оның бәсекеге қабілеттілігінің жо-
ғары деңгейімен айрықшалануы қажет. Бәсе-
кеге  қабілеттілік  еңбек  жолын  жаңадан  бас-
таған жастардың бірінші, ең маңызды сипат-
тамасы болып қалыптасуда. Өмірдің қарқын-
ды өспелі динамикасы оқыту мен тәрбиелеу-
ден  бәсекелестік  әрекетке  қатысатын  және 
бәсекелестікті өркениетті әдістермен жүргізе 
білетін,  өзін-өзі  жетілдіре  алатын  бәсекеге 
қабілетті тұлға талап етіп отыр. 
ХХІ ғасырдағы адамның бейнесі – жан 
жақты,  шығармашыл,  әрдайым  өзінің  білімі 
мен дағдыларын  кеңейтіп отыратын, бәсеке-
ге  түсе  алатын,  өзін  өзі  дамытып  жетілдіре-
тін  тұлға  болып  есептеледі.  Жеке  тұлға  бо-
йындағы  ашылмаған,  сыры  мол  мүмкіндік-
терді  дамытудың бастау  көзі  танымдық  бел-
сенділікті  қалыптастыру  мәселесі  өзінің  та-
мырын адамзат дамуы тарихының тереңі-нен 
алады. Адамзат баласының алға қарай саты-
лап  өркениетке  жетуі  әр  адамның  іс-әрекет-
тегі  жаңашылдығына,  жаңаны  ойлап  табуы-
на, шығармашылық болмысына байланысты. 
Ал  шығармашылық  іс-әрекет,  жаңашылдық-
қа  бағыттылық  тек  қана  ғылыми-шығарма-
шылық қызығушылықтан бастау алады. 
Адамзаттың  ұлт  ретінде  қалыптасуы, 
ұлттың  шығармашылық  әлеуеті  де  әр  жеке 

 
46 
     
 
тұлғаның  шығармашылық  деңгейімен  анық-
талады. Сондықтан зерттеушілер өркениетке 
жетудің  жолын  әр  адамның  шығармашылық 
қызығушылық  деңгейімен,  жаңашылдық 
болмысымен байланыстырады. 
А.Е.Әбiлқасымова: “Танымдық белсен-
ділік  жеке  тұлғаның  сан  қырлы  бiлiм  алуы, 
бұл  бiлiм  алу  танымдық  әрекетке  сезiм,  та-
ным мен ерiк процесiнiң нәтижесi болып та-
былатын  өзiн-өзi  икемдеу  көрiнiсiмен;  та-
нымдық  мотив  пен  iзденiмпаздық  мiнез-құ-
лық  тәсiлдерiнiң  синтезiмен;  оқушының  мi-
нез-құлқындағы  танымға  деген  тұрақты  көз-
қараспен  сипатталады.  Алайда,  танымдық 
белсенділіктің  мұндай  түсiнiктемесiн  негiз-
деу  үшiн  жеке  тұлғаның  бiтiмiн  талдау  қа-
жет. Өйткенi жеке тұлғаның бiтiмi – студент-
тiң танымдық iзденiмпаздығының қалыптасу 
негiзi”, - деп тұжырымдайды. 
Оқушылардың  оқудағы  белсенділігі 
оқуға  қажетті  білім,  білік,  дағдыны  саналы 
меңгеруінен,  оны  тәжірибеде  пайдалана 
алуынан  көрінеді.  Ол  оқу  үрдісінің  барлық 
кезеңіне қажет. Оқу тапсырмаларын орындау 
нәтижесі  ішкі  белсенділікке  байланысты. 
Ішкі белсенділікке оқушының белсенді түрде 
ойлау  әрекеті  жатады.  Адамның  қандай  да 
болмасын  әрекеті  белгілі  бір  қажеттіліктер-
ден  туындайтыны  баршамызға  белгілі.  Де-
мек, оқушыларға ұсынылатын тапсырмалары 
олардың  және  қоғамның  қажеттілігін  қана-
ғаттандыруға бағытталуы тиіс. 
Қазіргі  уақытта  білім  берудің  алғашқы 
парақтарында  «адам проблемасы» өзекті мә-
селелердің  біріне  айналып,  «адам  проблема-
сы»  қазіргі  ғылымда  білім  беру  саласында 
толығымен  зерттеуді  қажет  ете  бастады.  Бі-
лім  берудің  мақсатында  адамның  өмір  сүру 
ортасының  мағынасы  мен  бейнесіне  сәйкес, 
тұлғаны  қалыптастыруға  назар  аударылуда. 
Білім  беру  саласының  проблемаларының 
болжамдарында,әзірленген  білім  беру  жүйе-
сінің көмегімен биосфералық, адамдағы ізгі-
лікті,  жоғары  биологиялық  және  әлеуметтік 
сапаларды  жасай,  қазіргі  заман  талабына 
сәйкес білім беру қарастырылған. 
Бұл ойлау  әрекеті  сипатының мазмұны 
келесі нақты көрсеткіштерде айқындалады. 
1. Оқу материалын меңгеру жылдамды-
ғының  көрсеткіші  (немесе  З.И.Калмыкова-
ның  терминологиясы  бойынша  алға  жылжу 
темпі)  өз  алдынша  меңгеру  процесінің  уа-
қытша сипатын білдіреді. 
2.  Ойлаудың  икемділік  көрсеткіші, 
оның  қарама-қарсы  полюсі  болып  ойлаудың 
стереотиптілігі  орын  алады.  Әрекет  тәсілде-
рінің түрлерін сипаттайды, өзгерген жағдай-
ға  байланысты  білім  мен  шеберліктің  тез 
ауысу жылдамдығын, әрекеттің бір тәсілінен 
екіншісіне  ауысу  қабілеттілігінің  жеңілдігін 
сипаттайды. 
3.  Ойлау  әрекетіндегі  абстрактілі  және 
нақты  құрылымдардың  қатыстылық  көрсет-
кіші. Сезімді және абстрактілі білім бөлікте-
рі  арасында  дұрыс  қатыстылық,  сәйкестілік 
болмаған жағдайда білімнің вербализмі, яғни 
жалғандык  немесе  керісінше,  жалпылаудағы 
"тарлық" және "эмпиризм" байқалады. 
Қарастырылған көрсеткіштер оқыту үр-
дісі барысында мектеп оқушыларының жеке 
(типтік) ерекшеліктеріы оқып-үйрену, ескеру 
арқылы  бөлініп  көрсетіледі.  Бұл  зерттеулер 
табыстылығына  қарай  түрлі  категорияларға 
(үлгеруші-үлгермеуші,  қабілетті-қабілетсіз) 
бөлінетін  нақты  көрсеткіштер  мазмұны 
анықталады. Көрсеткіштерді осы жолмен бө-
лудің  дифференциалдық  қабілеті  олардың 
мазмұнның  шамалық  критериі  болып  табы-
лады.  Ал  енді  критерийлерді  ерекшелеудің 
басқа бір жолы анықтайтын қасиеттің қалып-
тасуы өз ішінде болып жататын тәжірибелік 
қайта құру арқылы мазмұнды шамалау. Мұн-
дай  қарым-қатынас  ақыл-ой  әрекеттерін  қа-
лыптастырудың  жоспарлы  психологиялық 
теориясы 
саласындағы 
(П.Я.Гальперин, 
Н.Ф.Талызина т.б.), және оқу әрекетінің пси-
хологиялық  теориясындағы  (Д.Б.Эльконин, 
В.В.Давыдов оның әріптестері) зерттеулерде 
қолданылып жүзеге асқан. 
В.В.Давыдов бастауыш мектеп оқушы-
ларының жас ерекшелік мүмкіндіктеріне жа-
уап  беретін  оқу  әрекетінің  пәндік  мазмұны 
ретіңде теориялық білімдер және ғылыми тү-
сініктер аумағындағы танымдық белсенділік-
ті  артыруға  бағытталған  жалпыланған  тәсіл-
дер болатындығы анықтады. Танымдық бел-
сенділік адам мiнез-құлқының тұрақты сапа-
сына  айнала  отырып,  iзденiмпаз,  шығарма-
шылық  дербестiгiнiң  қалыптасуына  мүмкiн-
дiк туғызады. Ал шығармашылық дербестiгi-
нiң  нәтижесiнде  адамның  интеллектуалдық 
және  ерiктiк  арналары  кеңiп,  танымдық  iс-
әрекетте  жоғары  жетiстiктерге  жету,  жаңа-


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет