52
зерттеп үйренуге оның тек ғылыммен шекті-
ліп отырған жан емес, ол ең алдымен өзінің
терең де жан-жақты білімін жас ұрпақты тәр-
биелеуге, білімге баулуға бар күш жігерін
жұмсаған адамгершілігі мол инабатты ұстаз
екенін айтпасқа болмайды. «Халық мұғалі-
мі»
әдістемелік
журналында
педагог
Қ.Сейталиев «Оқыту процесінде тәрбие қа-
ғидаларын пайдалану» атты ғылыми мақала-
сында: «Оқыту процесінде тәрбие қағидала-
рын пайдалану тек қана оқушының әдепті-
лікке тәрбиелеп қана қоймай, сонымен қатар
ол шығармашылық іс-әрекеті барысында се-
зім мен қабылдауды күшейтеді. Сезім мен
қабылдауды дамыту сезім мүшелеріне тіке-
лей әсер ете отырып, қоршаған ортадағы зат-
тар мен құбылыстар туралы түсінік береді.
Алайда зат пен құбылыстарды жан-жақты
толық танып білу ойлау үрдісі арқылы ғана
жүзеге асатынын ұмытпау керек», - деп, пе-
дагогикалық ықпал жасау жеке тұлғаның да-
му үрдісінің біртұтастығы түсінуге болаты-
ны шынайы әдіскер ретінде баға береді [1,
23].
Оқушыға қойылатын талаптар жүйесін-
де, оқушының жеке басының тұлғалық қа-
білеті арқылы адамгершілік қасиеттерінің қа-
лыптасуының қамтамасыз етілу жайы жан-
жақты қарастырылған. Бұл қағида педагог-
тан барлық оқу-тәрбие жұмысын жүйелі түр-
де жүргізілуін, барлық баланың және әр ба-
ланың моральдық ережелерді меңгеруін мі-
нез-құлық тәжірибесіне сай есепке ала, бір-
тіндеп күрделендіре отырып, жүзеге асыру-
ды талап етеді. Оқу-тәрбие үрдісінде бұл қа-
ғиданы есепке алу педагогтан баланың отба-
сымен тығыз байланыста болуды ата-аналар-
ға белгілі бір ұсыныстар жасап, олармен де
әрдайым байланыста болу, шығармашылық
іс-әрекетті қалыптастыру мәселесінде бала-
ларға ықпал етудің ортақ, біртұтас әдістерін
жасауды талап ететіні анық. Яғни: «Жеке
тұлғалық қасиеттер – ақыл-ойдың, сезім мен
түйсік, түсініктердің жиынтығынан тұратын
өмірге деген көзқарасын, мінез-құлқын, ерік
жігерін, іс-әрекетін көрсететін сапалық көр-
сеткіш. Бұл қасиеттер жеке адамның тұлға-
сын айқындауда кешенді түрде, бірлікте
қызмет етеді», - дейді профессор С.Қалиев
[2, 62].
ХХ ғасырдың 70-80 жылдарындағы
Қазақстанда білім берудің даму тарихы, орта
мектептерді жаңа бағдарламаға көшіру, ұлт
мектептерін материалдық-техникалық тұр-
ғыдан жабдықтау, орта мектептің оқу-тәрбие
үдерісіне өндірістік оқуды енгізу, қазақ бала-
лары үшін балабақшалар, мектеп-интернат-
тар ашу, кәсіптік-техникалық училищелерді
кеңінен дамыту, орта арнаулы және жоғары
оқу орындарының қалыптасуы мен дамуына
және т.б. мәселелердің түбегейлі шешімін та-
буына азаматтық ерік-жігерін, қабілет-қары-
мын, білімдарлығы мен ғылыми потенциа-
лын өлшеусіз жұмсай білген қайраткер-тұлға
Қ.Сейталиев болатын.
Сонымен қатар, ғалымның бірқатар ең-
бектері жоғары мектеп педагогикасының
өзекті мәселелерін зерттеуге арналған. Нақ-
ты көрсетер болсақ, «Педагогикалық-психо-
логиялық пәндердің жоғары оқу орындары-
ның арнаулы пәндерімен байланысы» (1978),
«Болашақ ұстаздың жеке басын кәсіптік
қалыптастыруда жоғары оқу орындарындағы
тәлімгердің ролі» (1985), «Педагогикадан
оқу жоспарлары мен бағдарламалары»
(1987), «Жоғары оқу орындарында болашақ
ұстазды кәсіптік-педагогикалық даярлауды
жетілдіру» (1993), «Жоғары педагогикалық
білім берудің тұжырымдамасы: жаңа көзқа-
рас, тәжірибе, ізденіс» (2001), «Университет-
тік білім беру жүйесінде болашақ мұғалім-
дердің педагогикалық-психологиялық даяр-
лығын арттыру» (2002) және т.б. еңбектері
жарық көрді.
Ұзақ жылдар бойғы жоғары оқу орын-
дарындағы іс-тәжірибесінің негізінде про-
фессор Қ.Б.Сейталиев қазақ тілінде жоғары
мектеп ұстаздары мен студенттеріне арнап,
педагогика-психология цикліндегі пәндерден
оқу-әдістемелік кешендерді жасақтауды рес-
публикада алғашқылардың бірі болып қолға
алды.
Автордың
«Тәрбие
теориясы»
(Алматы, «Мектеп» баспасы, 1986) оқу құра-
лы қазақ тілінде тұңғыш рет жарық көрген-
діктен, республика университеттері мен пе-
дагогикалық институттарының студенттері
мен оқытушылары жүйелі түрде пайдаланып
келді. Соңғы жылдары педагогика ғылымда-
рының докторы Қ.Б.Сейталиевтің авторлы-
ғымен «Педагогиканың жалпы негіздері»
(2004), «Педагогика тарихы» (2006), «Жалпы
психология» (2007) оқулықтары жарық кө-
ріп, педагогика және психология саласынан
білім алатын зерттеушілердің, магистрант-
53
тардың, студенттердің рухани игілігіне ай-
налды. Үнемі ғылыми-шығармашылық ізде-
ністі мұрат тұтқан Қадыржан Брянұлы элек-
трондық оқулықтар даярлауға да ерекше мән
береді. Оның «Педагогика тарихы», «Педа-
гогиканың жалпы негіздері» атты электрон-
дық оқулықтарын студенттер оқу үрдісінде
кеңінен пайдаланып келеді. Сонымен қатар,
кафедрада профессор Қ.Б.Сейталиевтің же-
текшілігімен «Педагогика», «Педагогика та-
рихы», «Тәрбие жұмысының теориясы мен
әдістемесі», «Этнопедагогика» курстары
бойынша оқу бағдарламалары жасақталып,
оқу-тәрбие үрдісіне енгізілді.
Профессор Қ.Б.Сейталиев көрнекті қоғам
және мемлекет қайраткері, ағартушы-педагог,
дәрігер Х.Досмұхамедовтың ғылыми мұрасын
зерттеуде жемісті еңбек етті. 1994 жылдан бас-
тап университет деңгейінде жалпы және ха-
лықтық педагогика кафедрасының ұйымдасты-
руымен
жылма-жыл
сәуір
айында
Досмұхамедов оқуларын өткізу үрдіске айнал-
ды. 2000 жылдан бері Досмұхамедов оқулары
екі жылда бір рет дәстүрлі түрде республика-
лық көлемде өткізіліп келеді.
Алдағы уақытта
Досмұхамедов оқуларын халықаралық деңгей-
де өткізу жоспарланып отыр. І курс студент-
теріне арнап «Халелтану» курсы университет-
тің барлық мамандықтарының оқу жоспарына
Ғылыми Кеңестің шешімімен енгізілді. Жалпы
және халықтық педагогика кафедрасының
меңгерушісі, п.ғ.д, профессор Қ.Б.Сейталиев-
пен, кафедраның аға оқытушысы Ғ.Б.Базарға-
лиевтің құрастыруымен «Халелтану» арнаулы
курсының бағдарламасы жасалып, «Халел-
тану» оқу құралы жарық көрді.
2000 жылы
өткізілген І республикалық Досмұхамедов
оқулары кезінде Қадыржан Брянұлының
ғылыми жетекшілігімен «Халелтану» зерт-
ханасы ашылған болатын. Осы зертхана 2005
жылы «Халелтану» ғылыми-педагогикалық
зерттеулер орталығы болып қайта құрылды.
Халел Досмұхамедов мұраларын жан-жақты
зерделеу, жас ұрпақ-тың санасына сіңіру,
болашақ
педагог-ма-мандар
арасында
кеңінен насихаттау алдағы уақыттың еншісі
екендігі сөзсіз.
Педагог-ғалым Қ.Сейталиевтің педаго-
гикалық тұжырымдамалық идеяларын көрсе-
тетін ғылыми-педагогикалық еңбектері мен
ғылыми мақалалары педагогика тарихында
аса
маңызды
екені
дәлелденді.
Қ.Сейталиевтің ұлттық білім беру жүйесіне
қатысты айтқан құнды идеяларын оқу-тәрбие
үрдісінде жүзеге асыру мақсатында студент-
тер үшін «Профессор Қ.Сейталиевтің педаго-
гикалық мұралары» атты арнайы курс оқы-
тылса екен.
Осыған сәйкес бірқатар ұсыныстар
жасауға болады:
Профессор Қ.Сейталиевтің есімін ұрпақ-
тардың бойында мәңгі қалдыру үшін туған
жерінде мектептің аты берілсе екен;
Мұғалімдердің білімін жетілдіру және
қайта даярлау институттарында профессор
Қ.Сейталиевтің педагогикалық идеяларын
пайдалануға байланысты арнайы ғылыми
конференциялар
мен
семинарлар
ұйымдастыру керек.
Әдебиеттер:
1.
Сейталиев Қ.Б. Педагогиканың жалпы
негіздері (оқу құралы), - Ақтөбе: «А-
Полиграфия» ЖШС, 2004. – 240 бет.
2.
Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақтың тәлім-
тәрбиесі /Оқу құралы. – Алматы: «Санат»,
1995. – 352 б.
3.
Сейталиев Қ.Б. Педагогика тарихы. Оқу-
лық. Педагогикалық мамандықтар бағытын-
дағы университеттер мен педагогикалық
институттар студенттеріне арналған. –
Алматы: «Білім» баспасы, 2007. – 320 бет.
ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ-ҚОҒАМ НЕГІЗІНІҢ БАСТАУЫ
Қаленова Г.С.,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша ПҚБАИ, қоғамдық-бұқаралық
байланыс және баспа қызметі бөлімінің басшысы, магистр
Отбасы-адам үшін ең жақын әлеуметтік
орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды
өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрдің
сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет
өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-
құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың
азамат болып өсуінің негізі болып табылады.
54
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Әйел-
дердің ұстамдылығы мен төзімділігі тыныш-
тық пен татулықтың тірегі» деген баяндама-
сында: «Бізге неке және отбасы институтын
нығайтып, оның беделін арттыру, адамгер-
шілік құндылықтарды қайта түлету қажет.
Отбасы, бала, отбасылық құндылықтар мен
дәстүрлер біздің қоғамның және біздің мә-
дениеттің әрдайым негізі болды және болып
қалады. Бізге көптеген отбасыларында бар
ізгі дәстүрлер мен әдет-ғұрыпты сақтап,
оларды насихаттап, жас отбасыларға қолдау
білдіру керек. Мемлекет бұл үшін көп іс ат-
қарып отыр. Сонымен қатар ата-аналардың
өздері де бұған қамқорлық көрсетуі керек.
Отбасылық құндылықтарды насихаттап, от-
басы бейнесі мен некені, көп балалық өнеге-
лерін құрмет тұтқызу керек. Үлгілі отбасы
нормасы көп балалылық болуы тиіс деп са-
наймын. Барлық халықтарда ғасырлар бойы
солай болып келген. Адамның байлығы бала-
ларының санымен өлшенген» - деп ғасырлар
бойы жинақталып, ата-баба тарихынан бізге
жеткен отбасы тәрбиесінің мол мұраларын
болашақ ұрпақты тәрбиелеуге пайдалану за-
ман талабы деп қабылдай отырып, отбасы-
лық құндылықтардың өзіндік ерекшеліктері
мен бүгінгі ұрпақ санасына жеткен әсерін
және пікір сабақтастығын жан-жақты жүйелі
зерттеу өзекті мәселелердің бірі деп
санайды.(1)
Отбасы-адам баласының өсіп-өнер, қаз
тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі. Тәр-
биенің кілті-отбасының өмір тіршілігіне бай-
ланысты. Әсіресе, ата-ананың адамгершілік
бейнесі балаларды тәрбиелеудің негізгі көзі.
«Қыран ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»
ғой. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап
ата-ана өздерінің негізгі борыштарын атқару-
ға кіріседі, яғни оларға тәрбиеші бола бас-
тайды. Отбасының берік негізі міне, рухани
мүдденің бірлігінде болмақ. Оның біртұтас
тату болуы береке бірлігі ең алдымен әке-
шешенің бір-біріне, балаларына қалай
қарайтындығына байланысты. Ұрпақ бола-
шақ, яғни ол адамзаттың болашағы, ал отба-
сы кішкене мемлекет. Отбасында ынтымақ
болмауынан, ерлі-зайыптылар арасындағы
алауыздықтан, бірінің сөзін екіншісі тыңда-
мауы, бала тәрбиесін тым қиындатып жібе-
реді сондықтан ата-ана беделден, тіл алғызу
ықпалынан айырылады. Кей ата-аналар өзде-
рінің міндеттерін тек балалардың қарнын
ашырмау, киімдерін бүтіндеу деп те ойлай-
ды. Балаларының білімін мектепте алған ба-
ғаларымен ғана бағалайды. «2» алса жаман,
«5» алса жақсы. Оқу жылы ішінде бірде-бір
рет балаларының сабағына қатыспайтын ата-
ана, баласы бұзық болса, тәртіпсіз болса ұс-
таздар қауымына тіл тигізіп, қаралап жата-
тын кездері де аз болмайды. Міне, сондық-
тан отбасындағы білім беру бағытындағы
тәрбиесі жайына қалады. Отбасының аса
маңызды міндеттерінің бірі-баланы жарқын
істерге, нұрлы мұраттарға тәрбиелеу екенді-
гін естен шығарып алған қаншама ата-ана
бар десеңізші. Халқымыздың «Балаңды бес
жасқа дейін патшадай сыйла, бес жастан он
бес жасқа дейін құлындай жұмса, одан соң
өзіңе ақылшы дос сана» деген өмірлік қағи-
дасы бар емес пе!
Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазы-
ғы туған ұясы, өз отының басындағы, ата-ана
тәрбиесі. «Баланың бас ұстазы ата-анасы»
демекші отбасындағы таным, түсінік қалай
қалыптасса, адамның бойында қалатын сол
қасиет солай қалыптасады. «Болса тәртіп, ба-
ла өседі сомданып, қатаң ұста, бос жүрмесін
сандалып» деп Жүсіп Баласағұн айтқандай,
есі кіріп, тілі шыға бастасымен-ақ баланы
шектен тыс шолжаңдатпай, байсалды, ұғым-
тал, тілалғыш етіп баулу ата-ананың басты
міндеттерінің бірі.
Отбасында бала тәрбиесіне теріс ықпал
ететін факторлардан ата-ана әрқашан аулақ
болуы керек. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге
қарап қыз өсер», «Әке көрген оқ жонар, ше-
ше көрген тон пішер» демекші, жалпы отба-
сында ұл бала тәрбиесінде әкенің, қыз бала
тәрбиесінде шешенің орны ерекше. «Қызың
өссе қызы жақсымен ауылдас бол, ұлың өссе,
ұлы жақсымен ауылдас бол», «Ұл туса елдің
қорғаны, Қыз туса елдің көркі» деп халқы-
мыз бекер айтпаған шығар. Мұның бәрі әке-
шешенің бала тәрбиелеудегі өздерінің үлгі-
өнегесіне де тікелей байланысты болмақ.
Ата-бабамыз отбасы тәрбиесінде еңбек-
ке де көп мән беріп, ол туралы да өзіндік ой-
ларды қалдырған. «Өзің үшін еңбек қылсаң,
өзі үшін оттаған айуанның бірі боласың.
Адамзаттың қамы үшін еңбек қылсаң, алла-
ның сүйген құлы боласың» деп отбасында
баланы жастайынан еңбекке баулудың ма-
ңыздылығын жоғары қоя білген. «Ата-ана
55
балаға сыншы». Балалардың бос уақытын
дұрыс ұйымдастырып, немен айналысып
жүргендігіне жіте көңіл бөлсе, мерзімдік ба-
сылымдарға жаздырып, әдеби шығармалар-
ды оқуға жасынан дағдыландырса кейін бар-
мақ тістейтін оқиғалардың алдын алуға бо-
лар еді. Үлкенді құрметпен қадір тұту, ілти-
патты қарым-қатынаста болу, сыйласа білу,
ата-ананы қартайғанда қарау, кішіге қамқор
болу бұл қазақ халқы үшін жазылмаған заң-
дар. «Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сый-
лайды, кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлай-
ды», «Аға әдепті болса, іні әдепті, апа әдепті
болса, сіңлі әдепті» т.б. мақалдардан үлгі-
өнеге, тәлім-тәрбиеге ерекше назар аударға-
нын көреміз.
Сонымен, ата-ананың тәрбиесі бала мі-
незінің ірге тасы. «Тәрбие табалдырықтан
басталады» нақылы өмірден алынған шын-
дық. Бала тәрбиесі нәзік те күрделі, әрі қо-
ғамдық жауапкершілікке жатады. Бала өмір-
дің гүлі, сол әлеуметтің болашағы. Баланы
тәрбиелі де, саналы азамат етіп өсіргіміз кел-
се, ең алдымен өзіміз кіршіксіз таза, тәрбиелі
адам болуымыз керек. Адамгершілік пен
саналықтың бастапқы қарапайым белгілерін
өнегелі отбасында дарытқан баланың бола-
шағы жарқын, өмірі мәнді болмақ. «Біздің
балалар-біздің қарттығымыз, жаман тәрбие-
болашақтағы қайғымыз, бұл біздің көз жасы-
мыз, бұл басқалар алдындағы, бүкіл еліміз
алдындағы біздің кінәміз» демекші кең
байтақ елімізде ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып,
ұяттылық, әдептілік, көргенділік, мейірімді-
лік, шарапаттылық салтанат құрып үйлесім-
ділік тауып жатса, сол қымбат қасиеттердің
бәрі отбасы, ошақ қасында бүршік атып, бұ-
тағын жаятынын естен шығармауымыз
керек.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Х.Арғынбаев. Қазақ отбасы. «Қайнар»
баспасы 1996ж.
2. Ж.Әбиев, С.Бабаев, А.Құдиярова. Педаго-
гика. «Дарын» әлеуметтік-гуманитарлық
университет 2004ж.
3. Отбасындағы әлеуметтік педагогикалық
жұмыс «Парасат әлемі» баспасы 2005 ж.
4. Ж.Байжанова. Қызым саған айтам. -
Алматы, 1990
5. К.А.Оразбекова. Иман және инабат. -
Алматы, 1993.
6. Г.Исаева. Шаңырақ шаттығы. - Алматы,
1992.
7. Оразбекова К.А. Ұлттық психология мен
халық
тәрбиесі
болашақтың
бастауы
хақында. – А.: Дәуір, 2000
СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ОТАНСҮЙГІШТІККЕ
ТӘРБИЕЛЕУ
Мадетхан Н.,
Қобда гимназиясы АӘД пәні оқытушы-ұйымдастырушысы
Қазіргі кезде патриотизм тақырыбы,
оның ішінде Қазақстандық патриотизм мәсе-
лесі барлық қоғамдық, мемлекеттік саяси,
мәдени-рухани тақырыптардың өзегіне айна-
луда. Қазақстан Республикасы Президенті
Қазақстан халқына жолдауында «оқыту үрді-
сінің тәрбиелік құрамдасын күшейту қажет-
тілігін» ерекше ескерткен және олардың ең
бастыларының қатарында «патриотизм, мо-
раль мен парасаттылық нормалары, ұлтара-
лық келісім мен толеранттылық, тәннің де,
жанның да дамуы, заңға мойынұсынушы-
лық» аталып өткен, сонымен қатар, «бұл
құндылықтар меншіктің қандай түріне жата-
тынына қарамастан барлық оқу орындарын-
да да сіңірілуі тиіс». Ендеше, патриотизм
идея-\сы жастарға білім мен тәрбие берудің
барлық бағдарламаларынан көрініс табуы
керек. Өз халқының тарихының өнегелі жақ-
тарын білу, өз елінің кешегі және бүгінгі қа-
һармандарын мақтаныш ету, олардың ерлігі-
не тағзым ету, оларға сай болу патриатизм-
нің басты құрамдас бөлігі болып табылады.
Бүгінгі жаһандану үрдісінде отансүй-
гіштік ұғымы, мектеп оқушыларына пат-
риоттық тәрбие беру сыныптан тыс жұмыс-
тардың сан алуа түрлері арқылы жүзеге аса-
ды, өйткені Отанға сүйіспеншілік адамның
өзін тұлға ретінде сезінуіне, өз елін мақтан
тұтуына, өзін онымен байланысты сезінуіне
мүмкіндік береді, ал бұл болса, оның өмірін-
де өзіне сенімді болуына, рухани және адам-
56
гершілік құндылықтарының артуына септігін
тигізеді. Сыныптан тыс жұмыстар формала-
ры бойынша сынып сағаты, спорттық жа-
рыстар, үйірме жұмыстары, саяси хабарлар,
түрлі клубтар, мәдени кештер, әдеби оқулар,
әндер сайысы және тағы басқадай болып
бөлінеді.
Сыныптан тыс жұмыстарды өткізу ба-
рысында оқушыларға берілетін өзіндік жұ-
мыстар, олардың ізденістері, белгілі тақы-
рыпқа байланысты материалдар жинауы,
іріктеуі жаңа тәжірибе жинақтауға көмекте-
седі. Сынып сағаттарында соғыс ардагер-
лерімен кездесулер ұйымдастыру немесе ха-
лық өнері, салт-дәстүрлерімен ұлттық ойын-
дарын қолдану олардың маңызын түсінуге
әкеледі, оларға құрмет қалыптастырады.
Қазақта батырлық, ерлік дәстүрді дә-
ріптеген туындылардың өзі жайдан-жай дү-
ниеге келмеген. Оның қоғамдық ой сана кө-
шінде, адамдар психологиясына нақты, қыр-
уар ықпалы болған. Сондықтан, ең алдымен,
ең алдымен қазақ патриотизімінің түп-тамы-
рына байлаған жөн. Осы тұрғыдан қазақ пат-
риотизімін, Отаншылдығын қалыптастыру-
дың бірнеше қайнар көзі бар, соның бірі сөз
өнеріне, оның поэтикалық құрлымына, аза-
маттық әуен қуатына тікелей байланысты.
Аталған сөз өнеріне жоғары сынып оқушы-
ларының ізденіске, шығармашылық ынтаға
толы бастамаларын ескере отырып, оларды
пікір талас, диспуттар немесе әдеби кештер
арқылы баулыған жөн.
Жоғары сыныптардың оқу бағдарлама-
сына қосылатын алғашқы әскери дайындық
жоғары сынып оқушыларына Отан алдында
әр адамның борыш мен жауапкершілігін те-
рең түсінуге көмектеседі. Олардың азамат-
тық қасиеттерін шыңдау үшін тарихи орын-
дарға саяхаттар ұйымдастыру, даңқты жер-
ерді, тарихи қалаларды көрсету, әскери бө-
лімшелердің тұрмыс жағдайларымен таныс-
тыру, еңбек және майдан ардагерлерімен кез-
десулер өткізу керек. Бұндай шаралар оқу-
шылардың санасына ой салып, көзқарасына
әсер етіп, ой түюге көмектесуі сөзсіз. Оқу-
шылардың өздерінің жерлес атақты адамдар
туралы деректер жинауы туған жерге деген
мақтаныш тудырып, олардың ісін құрмет
тұтып, үлгі алуларына көмектеседі. Оқушы-
ларды қыры мен сыры мол әскери маман-
дыққа мектеп қабырғасынан бастап даярлау-
қоғам мен ұлттың әскер алдындағы әлеу-
меттік міндет және азаматтық борыш. Осы-
ған орай жоғары сынып оқушылары арасын-
да өткізіліп тұратын сыныпаралық әскери-
спорттық жарыстар оқушыларда алғашқы әс-
кери дайындық пәнін тиянақты меңгеріп,
адамгершілік құндылықтарды жоғары баға-
лайтын, ұлтын, Отанын, тілін ардақтайтын
ұрпақ тәрбиелеуге көмектеседі.
Тарихи-мәдени ескерткіштерді оқушы-
ларда отансүйгіштікті қалыптастыруға ба-
ғытталған сыныптан тыс тәрбие жұмыста-
рында пайдалану арқылы оқушыларға ұлт-
тық тәрбие берудің де ықпалы зор. Мектеп
оқушыларын қызықтыратын сыныптан тыс
жұмыстың бір түрі-әндер байқауы, әсіресе
патриоттық немесе ұлттық әндер байқауы
және Отан тақырыбына байланысты сурет
байқауы (көрмесі) баланың эстетикалық тал-
ғамын, Отанға, елге, жерге деген сүйіспенші-
лігін арттырады, адамгершілікке, ұлтжанды-
лыққа тәрбиелейді, өнерге деген көзқарасын
қалыптастырады.
Сыныптан тыс өткізілетін спорттық са-
йыстардың жас спортшы оқушыларға әсері
елеулі орын алады. Мәселен, мектеп табал-
дырығынан спортқа аса қызығушылық таны-
тып, республикалық жарыстарға қатыса бас-
таған оқушы өзі тұратын ауданының намы-
сын қорғайды, онда көзге түссе тұрған жері
үшін абырой. Ал жүзден озып, жүлде алып
халықаралық жарыстарда көзге түсіп жатса,
Қазақстан халқының мақтанышы. Оның құр-
метіне елдің әнұраны орындалып, мемлекет-
тің туы көтеріледі. Демек, спортшы тек қана
жарысқа қатысушы емес, сонымен қатар ол
сол жарысқа жіберген елдің, халықтың өкілі,
өз елінің намысын қорғаушысы. Осы жерде
басты назар аударарлық нәрсе, ол жас спорт-
шыны жақсы өнер көрсетуге ел намысын
қорғаймын деген ой, өз Отанына деген
сүйіспеншілігі итермелеуі тиіс.
Мектеп оқушыларына сыныптан жұ-
мыстар арқылы отансүйгіштік тәрбие бердің
мазмұнын айқындауда тәрбиенің негізгі
қағидалар басшылыққа алынады: тәрбиенің
мақсаттылығы, тәрбиенің өмірмен байланы-
сы, оқушының жас және дара ерекшелігі, та-
лап қою арқылы дамыту, тәрбиенің жүйелігі,
бірізділіг және үздіксіздігі, тұлғаны ұжым
арқылы тәриелеу, мектеп, отбасы және
әлеуметтік ортаның бірлігін негізге ала оты-
|