Әдістемелік кабинет емтихан тапсырмаларының жинағЫ



бет20/35
Дата31.05.2022
өлшемі2,59 Mb.
#36084
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35
9-сынып емтихан тапсырмалары


В бөлімі Үзіндіні оқып, сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.
Қазақ әдебиеті

М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романынан үзінді
Бір күні бие ағытар уақытта, ауылдың сыртындағы бір тѳбешікте құпия сѳйлесіп үш кісі отыр еді. Оның бірі - мағлұм, Сәрсенбай, екеуі – сол елдегі атқа мініп жүрген, пысықшалау адамдар еді. Әлгі екеуі Сәрсенбайға қарап: «Сәрсеке, бұл заманның ѳзі қорыққанды сыйлайтұғын заман болды, азырақ дәреже біткен кісі - бай қара кісіні кісілікке алудан кетіп барады. Сол себепті біздің сізге айтқалы келген сѳзіміз - Алла тағала сізге біреуден артық, біреуден кем дәулет беріп, екінші мынау бір жаман немеңіз бар. Бұл заман екі айналып келмес, бір күндерде малың шығын болып, басқа да зар болдыңыз, «қубас» деген сѳзді естіген күніңіз болды. Енді тәуекел деп, атыңызды бір шығарып қалсаңыз қайтер екен? Міне, сайлауға да үш ай қалды. Кѳп болса, үш жүзтеңге шығар. Сіз мақұл кѳрсеңіз, біз ѳзімізге қараған Құрман болып билікке сайлағымыз келеді, халық сѳзді бір сапарға қалай тастап кете қояр екен деп ойлаймын. Ѳзіміздің Нүрпейіс би ризалығымен берсе, жолын алар, болмаса тәуекел деп тapғa түсерміз,» - деп, неше түрлі тәтті сѳздермен 14 құбылтып, Сәрсенбайды азғыра бастады. Сәрсенбай қанша момын адам болса да, сѳзге бұрылмайтын пенде бола ма, дәулетке қызығып, біраздансоң: «Ѳздерің біліңдер,» - деп жауап қайтарды.
Сәрсенбай бұрын Жамалды жақсы кѳріп, ѳзінің теңіне беремін деп жүруінде еш шүбә жоқ еді. Бұл сапарда, сайлауда кѳлденең кісілердің сѳзі қамшы болып, «не қылса да, Байжанмен құда боламын,» - деп жауап қайтарды. Бір айдан соң батасы қырық жетінің малы, екі жүз теңге ақшаға келісіп, Байжан келіп құда түсті. Сүйіп болған құдасын Сәрсенбай китке разы қылып қайтарды.
(239 сөз)


Тапсырма:



  1. Автор осы үзіндіде қандай қасиетке ерекше мән береді? Автор көзқарасына талдау жасаңыз.




  1. Автор повестің өн бойынан көрініс тапқан кейіпкерлердің іс-әрекетін, мінезін, қасиетін қалай көрсете білген? Кейіпкерге қандай баға беріп, талдар едіңіз?




  1. Үзіндінің шығарма мазмұнындағы маңызын түсіндіріңіз. Берілген үзіндінің мазмұнына талдау жасап, көтерілген тақырыпқа қатысты көзқарасыңызды білдіріңіз.




  1. Ұсынылған тақырып бойынша эссе жазыңыз.

Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» повесінде айтылған ата-баба жолы, ұлттық тәрбие, елдік намыс, Отаншылдық, өнегелік істерін қазақ халқының бүгінімен салыстыра отырып, құндылығы тұрғысынан талдап, 150-170 сөзден тұратын шағын эссе жазыңыз.
21



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет