әдістемелік материалдар 2013 жылғы №2 басылым



бет41/49
Дата22.10.2022
өлшемі0,76 Mb.
#44937
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   49
Байланысты:
?ä³ñòåìåë³ê ìàòåðèàëäàð 2013 æûë?û ¹2 áàñûëûì

Сабақтың мақсаты:. Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің мәні мен мазмұнына түсінік беру. Жеке тұлға ұғымының мазмұнымен таныстыру, индвид, жеке тұлға, даралық ұғымдарының мәнін ашу. Болмысты ғылыми тану тәсілері туралы түсінікті қалыптастыру, ғылыми педагогикалық ойлауды дамыту.


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:
Семинар сабағына дайындалу барысында қазіргі кездегі басылымдар бетіндегі ғылыми мақалалардың мазмұнымен танысу керек.
Бақылау сұрақтары:
1.“Жеке тұлға” деген ұғымды және оның құрылымдық компоненттерiнiң мағынасын ашыңыз.
2.Жеке тұлғаның қалыптасуымен байланысты негiзгi ұғымдарды сипаттаңыз.
3.Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының негiзгi теориялық-?діснамалық амал-тәсiлдерiнiң сипаттамасын берiңiз.
4. Ғылыми-зерттеу әдісі дегеніміз не?
5.Зерттеудің эксперименталды-эмпирикалық әдістер тобының мазмұнын ашыңыз.
6.Субъектiнiң іс-әрекетi жеке тұлғаның қалыптасуының басты факторы екенiн дәлелдеңiз.
Оқытылатын тақырып бойынша әдебиеттер тізімі:
1.Бабаев С.Б, Оңалбек Ж.К. «Жалпы педагогика» Алматы 2006.
2.С.Ш. Әбенбаев, А.М. Құдиярова, Ж.Ә. Әбиев «Педагогика» Астана 2003.
3.Ж. Әбиев, А.М. Құдиярова, С. Бабаев «Педагогика» Алматы 2004.
4.Бержанов К.Б., Мусин С.М., Педагогика тарихы.


4.Тақырыптың атауы : Тәрбиелеу мақсаттары, оның әлеуметтік шарттары. Әлеуметтендіру педагогикалық құбылыс ретінде. Педагогикалық процестегі мұғалім мен оқушылар ұжымының өзара байланысы және өзара әрекеті.
Сабақтың мақсаты: Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері жөнінде түсінік беру, тәрбие жұмысының түрлерімен таныстыру.
Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:
Педагогикалық процестегі балалар ұжымының жағдайын зерделеу әістемесін ашып көрсету. Педагогикалық процесте балалар ұжымы мен мұғалім ықпалдастығын ашатын педагогикалық жағдайларды таңдау.
Бақылау сұрақтары:
1) Тәрбиенің тәсілдері, түрлері мен әдістерінің тұтас педагогикалық процесте алар орны қандай?
2) Оларды неге педагогикалық процестің қозғаушы күші деп атайды?
3) Іс-әрекеттің түрлері (таным, қарым-қатынас, ойын, еңбек) тәрбиелік ықпал етудің амалдары екенін дәлелдеңіз.
4) «Педагогикалық ықпал ету тәсілдері», «түрлері», «тәрбие әдістері» ұғымдарының анықтамасын берңііз.
5) Педагогикада тәрбие әдістерінің қандай топтары бар? Осы топтар құрамындағы тәрбиенің нақты тәсілдерін атаңыз.
6) Оқушылардың санасы мен мінез-құлқын қалыптастыру әдістерін сипаттаңыз.
7) Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру мен оң тәжірибесін қалыптастыру әдістерін түсіндіріңіз.
8) Оқушылардың мінез-құлқын ынталандыру әдістерін жіктеңіз.
9) Этикалық әңгіме-сұхбат әдісінің мәнін ашыңыз.
Мадақтау мен жазалау әдістерін қолданудың негізгі шарттарын атаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет