(Ұ)
Ұйымдастыру
кезеңі
1-7 мин
|
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу
І. Қызығушылықты ояту. «Айдаһар» ойыны
Оқушыларды сергітіп алу үшін бәрін бір-бірінің белінен ұстатып тұрғызады. 1-оқушы «Айдаһардың басы», соңындағы оқушылар – «құйрығы». Басы құйрықты ұстап алу керек. Бұл ойынды ойнату арқылы сыныпта психологиялықжағымды көңіл күй орнығады. Оқушылардыңсабаққа көтеріңкі көңіл күймен белсене қатысуына септігін тигізеді.
|
Топтастыру:
|
Топтастыру
«Социометрия» әдісі
Оқушыларды топтастыру үшін қолдануға болады. Қатысушылар көздерінің түстері, жұлдызнамалары, сүйікті түстері, тұрғылықты жердіңаттарының бас әрпі т.с.с. арқылы бірін-бірі табады. Жүргізуші қандай белгі арқылы топқа бөлінетіндігін айтып отырады.
Бұл әдіс сыныптастардың бір-бірін жақыннан тануына мүмкіндік туғызады.
Мақсаты: белсенді оқу, оқушының мұғалімді мұқият тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту мен оқу әдістерінің бірі болғандықтан, оқу мақсаттарына қол жеткізуде оқушылардың қажеттіліктерін, қабілет деңгейлері мен қызығушылығын ескере отырып топтастыру жоспарланды.
Тиімділігі: Топтық жұмыста – бір-бірімен ой бөлісіп, пікірлесуге, өз ойын ортаға салуға; жұптық жұмыста – ақылдасып, келісімге келуге, өзгенің пікірін тыңдап, құрметтеуге; жеке жұмыста – өзіндік пікір қалыптастырып, сын тұрғысынан ойлануына мүмкіндік болады.
Саралау: оқытудыңқажеттілігіне қарай топ құруда саралаудың «Жіктеу»тәсілі
қолданылады.
|