Әдістемелік нұсқаулардың


«Электр техникасы негіздері» пәнінің оқу және оқу-әдістемелік әдебиетпен қамытылуы



бет2/4
Дата26.12.2023
өлшемі80 Kb.
#143591
түріНұсқаулар
1   2   3   4
1 «Электр техникасы негіздері» пәнінің оқу және оқу-әдістемелік әдебиетпен қамытылуы
Негізгі әдебиет

  1. Мустафина Р.М., Амиров Ж.Х. Сызықты электр тізбектері. Оқу құралы. – Павлодар:Кереку, 2008. – 195 б.

  2. Ахметов А.КҚ, Ахметова Ә.А., Қабақова Т.А. Электротехника - Астана-Ақмола полиграфия, 2010. – 752 б.



Қосымша әдебиет

  1. Инсебаев Т.А., Глухова Н.И. Электротехника: Электрлік емес мамндықтардың тәлімгерлеріне арналған нұсқаулар мен бақылау тапсырмалары Павлодар:Кереку, 2004.

  2. А.П. Кислов, В.П. Кислова, Н.И. Глухова, Л.И. Кривко, Г.О. Оразова Электротехника: Электрлік емес мамндықтардың тәлімгерлеріне арналған дәріс конспектісі Павлодар:Кереку, 2009.



2 Пәнді игеру бойынша методикалық нұсқаулар


«Электр техникасы негіздері» курсын оқып білу қорытындысында студент білуге міндетті:
- электрлік және магниттік тізбектерде орын алатын физикалық үрдістердің шығу тегін;
- электрлік және магниттік тізбектерді есептеудің негізгі заңдары мен әдістерін;
- электрлік өлшеу аспаптары жұмысының принциптерін;
- заманына сай электр жабдығының негізгі тораптарының тағайындалуы мен орындалатын функцияларын білуі керек;
- электр сүлбелерді оқуды;
- осы сүлбелерді талдау үшін есептеу әдістерін қолдануды жасай білуі керек;
- электр тізбектер сүлбелерін құрастыру және құру дағдыларын иеленуі керек;
- электр техникасының негізгі заңдарын қолдану арқылы электрлік және магниттік тізбектерді талдау мәселелерінде;
- электр техникасы жабдықтарын пайдалану мәселелерінде құзыретті болуы керек.


2.1 Пәннің тақырыптарының мазмұны


1 Тақырып - Кіріспе
Курс мазмұнының анықтамасы: тұрақты және синусоидалы токтың сызықты электр тізбектері; үш фазалы электр тізбектері, магниттік тізбектер; электр өлшеу аспаптары.
Электр энергиясы, оның ерекшеліктері: әр түрлі электр станцияларында орталықтандырылған және үнемді түрде алу мүмкіндігі; электр берілісі желілерінің көмегімен тұтынушыға үлкен ара қашықтықтарға қарапайым берілістер; энергияның басқа түрлеріне түрлендіру мүмкіндігі.
Электр техникасының ғылым ретінде даму тарихы: У. Гильберттің «Магнит, магниттік денелер және үлкен магнит – Жер туралы (16 ғ.)» трактаты; Б. Франклин әзірлеген, электрлік құбылыстар теориясы; Кулон, Ом, Кирхгоф заңдары (18 ғ.); Эрстедтің ашқан жаңалығы; Дж. Максвеллдің жұмыстары; заттың электрондық теориясының негіздері (19-20 ғ.); техникада электрлік және магниттік құбылыстарды кеңінен пайдалану (П.Л. шиллинг, С. Морзе, П.П. Яблочков, Б.С. Якоби, М.О. Доливо-Добровольский, А.С. Попов). [3], 5 бет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет