Әдістемелік нұсқаулық құрамына зертханалық жұмыстарды



Pdf көрінісі
бет7/15
Дата24.05.2023
өлшемі0,6 Mb.
#96876
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Бақылау сұрақтары
1 Қандай тетіктерді токарлы-револьверлық білдектерде 
өңдейді?
2 Токарлы-револьверлық білдектердің түрлері.
3 Токарлы-револьверлық білдектердің токарлы және токарлы-
бұранда кескіш білдектер алдындағы артықшылықтары қандай?
4 Токарлы-револьверлық білдектерді баптау ерекшеліктері.
5 Токарлы-револьверлық білдектерде өңдеуді интенсифтендіру 
әдістері.
Зертханалық жұмыс № 3. Жөндеуге түскен көліктік техника
тетіктерінің техникалық жағдайын зерттеу және олардың
ақауларын анықтау
Жұмыс мақсаты – ақауларды және олардың әртүрлі кластағы
тетіктердегі байланысын анықтау дағдысын алу, техникалық бақылау
құралдарын пайдалану. 
Жалпы мәліметтер 
Ұзақ уақыт жұмыс істеу нәтижесінде және көліктік техника
тораптарының пайдалану және техникалық сипатты себептері
бойынша әртүрлі ақаулар пайда болады. Тетік ақауларын шартты
түрде үш топқа бөлуге болады: тозулар, тотығу және механикалық
зақымдану, ескіру. 
Тозу – бұл үйкеліс немесе сыртқы ортамен контакті кезінде
пайда болатын және өлшемдердің немесе физика-механикалық
12


қасиеттердің өзгеруімен сипатталатын, тетіктердің немесе олардың
жабындарының біртіндеп бұзылу үрдісі. Тозудың түріне байланысты
тетіктің зақымданулары әртүрлі болуы мүкін. Қажақты тозу кезінде
тетіктердің жұмыс беттерінде көптеген сызықіздер мен тырнықіздер
болады. Молекулярлы-механикалық тозу бір уақытта молекулярлық
немесе атомдық күштердің әсері және механикалық әсерлер
нәтижесінде пайда болады. 
Тотты қирау тотығу түріне байланысты қаяу түрінде пайда
болады. 
Механикалық зақымданулар көптеген зиянды үрдістер әсерінен
пайда болады: шыңдық жүктемелер, соққылар, дірілдер, ішкі
кернеулер, шаршау. Жоғарыда аталған ақаулар тетіктерде көбінесе
жиынтық түрінде кездеседі және пайда болу шамасы мен түріне
байланысты техниканың жарым-жарты немесе толық тоқырауын
тудырады.
Ажыратып бөлшектелгеннен кейін тетіктер тазалау мен жуудан
өтеді. Осыдан кейін тетіктер қалпына келтірусіз жарамды, қалпына
келтіруге жататын және жарамсыз болып сұрыпталады. Бақылау
тетіктерді бақылау мен сұрыптауға қойылатын техникалық шарттарға
сәйкес іске асырылады. 
Қалпына келтірусіз жарамды тетіктерге тозуы мүмкіндік
шамалар шегінде жатқан тетіктер жатады. Тозуы мүмкіндік шама
шегінен асқан, бірақ жарамсыз тетіктер тобына жатпайтын тетіктер
қалпына келтіріліп, ары қарай пайдалануға жатады. Әртүрлі ақаулар
салдарынан жарамсыз болып қалған тетіктер жарамсыз тетіктер
қоймасына жіберіледі.
Бақылау операциялары көзбен байқап және аспаптардың
көмегімен, ал кейбір жағдайда құралдармен іске асырылады. Көзбен
байқап тетіктердің жалпы техникалық жағдайы тексереді және сыртқы
ақаулары анықталады. Аспаптар көмегімен тетіктердің өлшемдері
және геометриялық пішіннен ауытқуы тексеріледі. Жасырын
ақауларды анықтау ақаукөргіштер көмегімен іске асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет